Слайд 2: Заттың массалық үлесі
Сабақ мақсаттары: Массалық үлестің формуласын білу Осы білімді қолдана отырып заттың массалық үлесін табу Жетістік критерийлері: 100 г ерітіндіде заттың массалық үлесін таба алса 8 есепті шығарып кілтті сөзді анықтаса
Слайд 4: Заттың массалық үлесі формуласы
Мысалы : Заттың массасы 10 г, ерітінді массасы 100 г
Слайд 5
1. Алибектің анасы нәрсуды дайындаған, ол үшін 32 г қантты суда ерітті, нәтижесінде 100 г нәрсуын алды. Нәрсуда қанттың массалық үлесін анықта. 2. Айдана коланы ішүді жақсы көреді, оның әкесі осы сусынның зияндығын көрсету үшін 100 г колада 20 г қант бар екендігін анықтады. Колада қанттың массалық үлесін анықта. 3. Теңіз суында өте көп тұз бар екендігі белгілі. Жак- Ив Кусто тұздың мөлшерін анықтайтын құрылғыны сатып алды. 100 г теңіз суында 4 г тұз бар екендігі анықталды, массалық үлесті есепте. 4. Автокөліктер үшін аккумулятор ішінде күкірт қышқылы қолданылады. Әр 100 г ерітіндіде 35 г қышқыл бар екендігі белгілі. Қышқылдың аккумулятор ерітіндісінде массалық үлесін анықта. 5. Жаңадан бастап жүрген ғалым Луффи, ауада оттегінің мөлшерін анықтады. Ол үшін ауаны сұйықтыққа дейін салқындатып оттекті бөліп өлшеген. Бірақ оның мәліметі дәл болмаған. Ол 100 г ауада шамалы 20 г оттегі бар екендігін тапты. Ауада оттегінің массалық үлесін анықта. 6. М. Ломоносов тұған қызына, Еленаға, бәлішті пісіргісі келді. Ол үшін 17 г глюкозаны 100 г бөтелкеде суды қосып ерітті. Ерітіндідегі глюкозаның массалық үлесін есепте. 7. Брюс Уэйн детектив, және қылмыскерді табу үшін оған күдікті адамның қанның құрамын анықтау керек. Қылмыскер диабетпен ауру екендігі белгілі (қанның құрамында қанттың мөлшері 0.2% немесе 2/10% жоғары). Ол күдікті адамның 100 қанында 3/10 г қант бар екендігін тапты. Қандағы қаннтың массалық үлесін тап. 8. Шыны жуатын ерітінді дайындау үшін арнаулы сұйықтық және суды қолданады. Егер 26 г сұйықтықты және 74 г суды алсақ, алынған шыны жуу үшін ерітіндіде арнаулы сұйықтықтын массалық үлесі қанша болады? в ц а л ш ь у з е ч 4% 15% 20% 32% 25% 0.3% 35% 17% 26% 20 %
Слайд 7: Бинго !
Сізге кейбір терминдері бар кесте беріледі. Мұғалім осы терминдердің анықтамаларың оқиды, барлық терминдері аталған оқушы: БИНГО!
Последний слайд презентации: Маған сұрақ қой: Үй жұмысы
Дәптердегі мәліметті қарастыру. Қайталау үшін есеп шығару: Егер барлық тағам сұйық болса деп елестетсек. Онда 100 г сұйық күрішті дайындау үшін 11 г сұйық ақуыз керек болар еді. Сонымен бірге 100 г сұйық күрішке 74 г сұйық көмірсулар керек. Күріштегі көмірсулардың және ақуыздың массалық үлесін есепте.