Первый слайд презентации: E-mail программасы
Электрондық пошта E-mail программасы
Слайд 2: Электрондық пошта (E- mail )
(E- mail ) –интернет желісінің көмегімен электрондық хаттарды қабылдау және жіберуге арналған құрал. E mail арқылы достар, әріптестер, серіктестермен әртүрлі ақпараттарды бірнеше секунд ішінде бөлісе аламыз. Vkontakte, Odnoklassniki, Twitter сияқты сервистермен де электрондық поштаға қарағанда ақпарат алмасу біршама кең мүмкіндіктерге ие, бірақ аталған сервистерге тіркелу үшін де email қажет. Жалпы алғанда, егер сіз интернетке қосылсаңыз, ең бірінші тындыратын шаруа – электрондық пошта ашу. Мұнсыз интернетті толыққанды пайдалану мүмкіндігі шектеулі.
Слайд 3: Электрондық пошта адресі :
Электрондық пошта адресі әрқашан да стандартты форматта жазылады. Мұнда : қолданушының аты@пошталық сервис домені : « сіздің атыңыз @gmail.ru », » сіздің атыңыз@yandex.ru », « сіздің атыңыз@mail.ru ». Және де басқа түрдегі адрестер кездесуі мүмкін, мысалы : admin@composs.ru, т.б.
Слайд 4: Кіріс хабарламалары
Барлық кіріс хаттарында жіберушінің аты, хабарлама тақырыбы және күні көрсетіледі :
Слайд 6: Хабарлама операцияларын орындауға арналған басу нүктелері :
Хабарлама операцияларымен танысу үшін хабарламаны ашудың өзі жеткілікті, мұнда барлық операциялар көрсетілген :
Слайд 8: Хабарламаны жіберу :
Өз хабарламаңызды жасайсыз. Бұл үшін қабылдаушының электрондық поштасының адресін, тақырыпты енгізесіз. Сонымен қатар файлдарды жүктеу мүмкіндіктері бар ( фотографиялар, құжаттар, т.б.):
Слайд 10: Функциялар
Төменде Google арқылы орындалатын функциялар келтірілген. Яндекс және Майлда да негізгі функциялардың орындалулуры осыған ұқсас.
Слайд 12: Жоғарыдағы суретке сілтемелер\
Қабылдаушылар : сіз хабарламаны жіберуге тиіс адамдар. Бұл жерге қабылдаушының электронды пошта адресі жазылады. Сонымен қатар хабарламаны бірнеше адамға жіберуге де болады. Тақырып : Бұл жолға хабарлама тақырыбы жазылады. Хабарламаны жасауға арналған басу нүктелері. Хабарлама мәтінінің орны. « Жіберу » басу нүктесі.