Слайд 2
манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттауды білесіздер. Бүгінгі сабақта:
Слайд 3
Еске түсірейік! ( Атмосфера – грекше атмос – бу, ауа және сфера – шар деген екі сөзден құалған.) Атмосфералық қысымды XVII ғасырда италияндық ғалым Торричелли тәжірибе жасап зерттеді. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал барометр деп аталады. ( грекше барос – ауырлық, метрео – өлшеймін ).
Слайд 4
Манометр Қысымды өлшеуге арналған арнайы аспаптарды манометрлер деп атайды. Грекше манос – сирек, тығыз емес, ал метрео өлшеймін деген мағынаны білдіреді.
Слайд 5
Қарапайым манометр Қарапайым манометр ішіне сұйық құйылған латынның U әріпі пішіндес шыны түтіктен (қатынас ыдыстарынан) тұрады.
Слайд 6
Түтікті метал манометрдің жұмыс істеу приципі Түтікті манометрді 1848 ж. Француз ғалымы Бурдон ойлап тапты. Сондықтан оны Бурдон манометрі деп те атайды. 1 ) доға тәрізді иілген металл түтікше 2) ж ылжымалы тілше 3) т істі тегершіктер 4) и індік 5) кран
Слайд 7
Медициналық манометр Адамның қан айналымы жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигмоманометрмен ( грекше сфигмос – жүрек соғуы ) немесе қазір тонометр деп аталатын құралмен өлшенеді.
Слайд 8
Сорғылар Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне сорғылар жатады. Сорғыларды пайдалану арқылы сұйықтар мен газдардың бағытталған қозғалысын тудыруға болады.