Марат Отаралиев (1937-1973) — презентация
logo
Марат Отаралиев (1937-1973)
  • Марат Отаралиев (1937-1973)
  • Марат Отаралиев (1937-1973)
  • Марат Отаралиев (1937-1973)
  • Марат Отаралиев (1937-1973)
1/4

Первый слайд презентации: Марат Отаралиев (1937-1973)

Изображение слайда

Слайд 2

Марат Отаралиев (1937-1973)– ақын. Қызылқоға ауданы Тайсойған елді мекенінде дүниеге келген М. Отаралиев Атырау педагогикалық институтын бітірген. « Социалистік құрылыс», « Коммунистік еңбек» (қазіргі Облыстық «Атырау» газеті ), Балықшы аудандық «Каспий таңы » газетінде істеді. «Көбелек», «Қалампыр», « Жас дәурен» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

Изображение слайда

Слайд 3

Марат аласа бойлы, бірбеткей, мінезді, жанына көп дос жинаған,  қарапайым адам болған.  Ол бала кезінен өлеңге құмартып, қазақ ақын-жыраулары мен шығыс шайырларының да   өлеңдерін   көп   оқыған.  Ерте   жастан   өлең жаза   бастаған.   Өлеңдері біраз   тақырыптарды қамтыған. Сондай өлеңдерінің бірін Марат  ақын әскер   қатарында   жүріп   былай   жазған : « Билеп бір өрлік кеудені   Байқатпай күндер өтуде,  Жүрсің сен, Отан, мендегі   Анамның суретінде  де», Бұл   өлең   шумақтарынан   біз   Мараттың   қара   сөзбен   айтып   жеткізе   алмайтын   ойды,  өлеңмен   өрнектей   алған   ақын   екендігін   көреміз.  Оның Ана  мен  Отанды   қатар   қойып   құрметтеуі өзі ойлаған, өзгені ойландырған азаматтығын танытып, жақсы жырда – мәңгілік  пен мәнділік   болатынын   білдіреді. Марат Гурьев педагогикалық институтында оқып жүріп, Алматының Қазақ мемлекеттік   университетіне оқуға ауысады. Жазба ақындық өнері мен суырыпсалма ақындықты қатар   ұстаған Марат Отаралиев қазақ поэзиясының жарық жұлдыздары Жұмекен Нәжімеденов,  Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұматай Жақыпбаев сынды өлең тарландарымен   бірге   жүреді. Өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасы мен 80-жылдары Алматыда оқыған студенттер   жатақханадағы көңілді отырыстар мен өнер, поэзия кештерінде өзіне ұнайтын ақындарының   өлеңдерін оқитын кездер болған. Сондай өлең-жыр оқу додаларында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен қатар, Марат Отаралиевтің де өлеңдерін жастар оқыған. Бұл өлең сүйер қауымға Мәкеңнің мәшһүр кезі болатын. «Марат шығарды » деген өлеңдерді, «Марат айтты » деген   сөздерді университеттің сол кездегі тоғыз факультетінің студенттері түгел қызығушылықпен   оқиды. Жалынды   ақынның өзінің туған еліне,  достарына,  анасына   сыршыл   өлең шығарып,  Гурьевтен Алматыға келген   жастар   арқылы сәлем жолдаған кездері   болған.   Ол   өлең былайша   өріледі: Көп сәлем таныс жандарға, Оларды көру жақсы-ақ шын. Досым сен елге барғанда-ау, Мен  жайлы   көп  сыр  ашпассың.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Марат Отаралиев (1937-1973)

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено