Первый слайд презентации
medkrmu.kz ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН № 7 дәріс ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ Гигиена және эпидемиология кафедрасы аға оқытушысы phD, Адилханова А.Н.
Слайд 2: Дәріс жоспары:
Еңбек гигиенасының маңызы Еңбек гигиенасының зерттейтін салалары Еңбек гигиенасының міндеттері Зиянды өндірістік факторлар Кәсибі аурулар Кәсибі аурулар профилактикасы
Слайд 3
Еңбек гигиенасы Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицинаның ғылыми нормативтерді және кәсіптік аурулар мен еңбек жағдайларының жұмысшыға көрсететін әсерінің басқа да қолайсыз салдарларының алдын алу құралдарын ғылыми негіздеу мақсатында адам организміне еңбек үрдісі мен өндіріс ортасы факторларының әсерін зерттейтін бөлімі. Еңбек гигиенасы өндірістегі еңбек жағдайларын зерттейді. Еңбек жағдайлары - әлеуметтік-экономикалық үрдістердің әсерімен қалыптасатын өндірістік факторлардың жиынтығы болып табылады. Зиянды өндірістік факторлар дегеніміз жұмысты ұйымдастыру немесе жұмысты орындау кезінде адамның денсаулығына теріс ететін, жұмыс қабілетін төмендететін, жедел немесе созылмалы улану тудыратын, жалпы аурушаңдылықты арттыратын, басқа да теріс әсер ететін факторлар.
Слайд 4
Еңбек гигиенасының зерттейтін салалары Өндірістік процестердің, құрал – жабдықтардың, өнделетін материалдардың санитарлық ерекшіліктері ; Еңбектің санитарлық жағдайы ( метеофакторлар, ауаның тозаңмен, газдармен ластануы, шу, діріл, ультрадыбыс ); Еңбек процесінің сипаты және ұйымдастыру, жұмыс барысында физиологиялық қызметтің өзгеруі ; Жұмысшылар денсаулығының жағдайы ( жалпы сырқаттану, кәсіптік және арнайы емес сырқаттанулар ); Санитарлы – техникалық, санитарлы – тұрмыстық құрылымдар мен қондырғылардың, жеке қорғаныс құралдарының жағдайы мен гигиеналық тиімділігі.
Слайд 5
Еңбек гигиенасының міндеттері Еңбек гигиенасының міндеті – еңбектің оптималды жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығын әзірлеу мен оны жүзеге асыру: жұмысшылар денсаулығына зиян келтіретін кейбір технологиялық процестерді жою; санитарлы – техникалық бағыттағы шараларды жасау; зиянды заттарды неғұрлым зиянсыздармен алмастыру; еңбек пен демалысты ұтымды ұйымдастыру; жеке қорғаныс құралдарын жасақтау; сырқаттану дамуының алдын – алуға бағытталған медициналық шараларды жүргізу (жүйелі түрде мед. байқаулар жүргізу, еңбекке қабілеттілікті сараптау және т.б.); еңбекті сауықтыру мен қорғау бойынша заңдылық актілерін шығару үшін ғылыми негізделген материалдарды алу.
Слайд 6
ЗИЯНДЫ ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАР Психофизиологиялық факторлар; Физикалық факторлар (ауа температурасы, ауа ылғалдылығы және қозғалысы, иондамаушы электромагниттік сәулелер (ультракүлгін, көзге көрінетін, инфрақызыл, лазерлік, микротолқынды, радиотолқынды, жіңішке толқынды) статикалық, электрлік, электромагниттік өрістер, иондаушы сәулелер, шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, жарықтану т.б.); Химиялық факторлар (газдар, булар, аэрозолдар). Бұл факторлар жалпы улы, тітіркендіретін, канцерогенді, мутагенді әсер етеді: Биологиялық факторлар (микро және макроорганизмдер – жұқпалы аурулардың, саңырауқұлақ аурулардың көздері, витаминдер, гормондар, антибиотиктер, табиғи белокты заттар); Өндірістік жарақат (мертігу) қауіптілігі (қозғалыстағы машиналардың, механизмдердің болуы, ащы сілтілердің, қышқылдардыңтөмен және жоғары температура, электрлік жарақаттар).
Слайд 7
Еңбек гигиенасы ғылыми пән ретінде өзінің міндеттерін шешуде түрлі зерттеу әдістерін қолданады физикалық және химиялық әдістер Өндірістегі қоршаған ортаны зерттеуде физиологиялық, биохимиялық, психологиялық және басқа әдістер Клиникалық және санитарлық-статистикалық әдістер Тәжірибелік зерттеулер (электрофизиологиялық, биохимиялық, патоморфологиялық, гематологиялық, токсикологиялық, эмбриологиялық және басқа да әдістерді қолданумен ) Еңбек үрдісінің сипаты мен өндірістік орта факторларының жұмысшы организмінің физиологиялық реакцияларының динамикасына әсерін бағалау үшін Жұмысшы ұжымның еңбек жағдайын, аурушылдығын зерттеу үшін Өндірістік орта факторларын нормалау кезінде
Слайд 8
Кәсіптік зияндылықтар жұмысшылар организімінде арнайы және арнайы емес өзгерістер туғызуы мүмкін: АРНАЙЫ ӨЗГЕРІСТЕР: Кәсіптік аурулар Жедел уланулар Созылмалы уланулар Жекелеген асқынулар (отдаленные последствия)(мутагенді, тератогенді, канцерогенді, аллергенді). АРНАЙЫ ЕМЕС ӨЗГЕРІСТЕР: Қажу Зорығу Стресс Арнайы емес сырқаттанулар.
Слайд 9
КӘСИБІ АУРУЛАР Кәсіптік аурулар - өндірістік ортаның жағымсыз факторларының әсерінен туған аурулар. Екі топтағы ауруларды ажыратады: Аурудың жалғыз ғана этиологиялық факторы - қандай да бір өндірістік зияндылық болып табылады (мысалы: улы зат, шу, діріл). Аурулардың себебі болып өндірістік факторлармен қатар, тұқым қуалаушылық, тұрмыстық және басқа факторлары да болуы мүмкін, және де олар кәсіптік ауруларға жатады, егер олардың дамуында үлкен рөлді еңбектің жағымсыз жағдайлары атқаратын болса (мысалы: қатерлі ісіктер, өршіген эндокардит, геморрой т.б.)
Слайд 10
КӘСИБІ АУРУЛАР ПРОФИЛАКТИКАСЫ Кәсіптік аурулардың алдын-алу ең маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта барлық өнеркәсіптік өндірістерде жұмысшыларға қолайсыз әсер ететін өндірістік орындардың зиянды факторларын шектеуге бағытталған шаралар жиынтығы жүргізіледі. Кәсіби аурулардың профилактикасы бойынша бес негізгі шара қолданылады: Әкімшілік шаралар – зиянды өндірістік факторлардың әсері жағдайында жұмысшылардың болу уақытын қысқартуға бағытталған шаралар (жұмыс күнін қысқарту, демалыс кезеңін көбейту, еңбек және демалыс тәртібін ұтымды ұйымдастыру); Технологиялық - өндірісте зиянды факторлардың бөлінуін, әсері деңгейін азайту бойынша техникалық сипаттағы шаралар (ескі технологияны жаңаға алмастыру, жабдықтарды дистанционды басқару, дыбысты және дірілді азайтатан қондырғыларды қолдану).
Слайд 11
КӘСИБІ АУРУЛАР ПРОФИЛАКТИКАСЫ Техникалық қауіпсіздіктің орындалуын бақылау (жеке қорғаныс құралдарын қолдану – респираторлар, противогаздар, дірілдің әсерін әлсірететін аяқ киім мен қолғаптар, құлақшындар, каскалар және т.б.); Санитарлық – гигиеналық шаралар – зиянды өндірістік факторлардың әсер ету деңгейін бақылаумен байланысты шаралар;
Слайд 12
КӘСИБІ АУРУЛАР ПРОФИЛАКТИКАСЫ Емдеу – профилактикалық шаралар: -жұмысшы қабылдарда медициналық бақылаулар жүргізу (кәсәптік жарамдылығы анықталады); -жүйелі медициналық бақылаулар (белгілі мамандықта және еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайының динамикасын бақылау үшін жүргізіледі); -емдеу-реабилитациялық шаралар (емдеу емханада, стационарда, диспансерлерде, одан әрмен профилакторияларда, реабилитациалайтын медиктік-санитарлық бөлімдер, пансионаттарда, курорттарда және т.б.); -емдеу-профилактикалық тамақтану – оның негізіне ұтымды тамақтану жатады.
Последний слайд презентации: medkrmu.kz ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН № 7 дәріс ЕҢБЕК
facebook. com / medkrmu @medkrmu @ medkrmu vk.com/medkrmu medkrmu.kz Сұрақтарыңыз болса телефон номеріне хабарлассаңыздар болады : 87757204572 Электронды почта: azhar@mail.ru Назарларыңызға рахмет !