Первый слайд презентации: Мейрамхана ассортименттік саясатын талдау
Орындаған: Дүйсенбаева А.А МІжМБ 1301
Слайд 2
Ассортименттік саясатты қалыптастырған кезде осы процесске 2 фактор әсер етеді. Бір жағынан, тамақтандыру кәсіпорындары тиімді әрі сұранысқа ие тамақ ассортиментін қалыптастыруға, ал екінші жағынан, негізгі қызметке кәсіпорынның беделімен байланысты оңтайлы қосымша қызметтерді таңдауға тиіс.
Слайд 7
Мейрамхана қызметтері ассортиментін қалыптастыруда пайдаланылатын тәсілдемелерді қарастырайық: тамақтандыру кәсіпорындарының қазіргі бар қызметтерін түрлендіру ; белгілі бір қызметтерді көрсетуді тоқтату; мейрамхана қызметтерінің жаңа түрлерін әзірлеу.
Слайд 8
Еліміздің көптеген тамақтандыру кәсіпорындарының тамақ ассортиментінде нақты кәсіпорын үшін арнайы дайындалған және оның брендін көрсетуге қабілетті, дайындалған қайсыбір тағам түріндегі өзінің айрықша тағамы жоқ тамақ түрі аз болады. Қазақстанның тамақтандыру кәсіпорындарының аспазшылары тәжірибе жасай алмайды не болмаса жасағысы келмейді. Ал еліміздің оңтүстік өңірінде орналасқан кәсіпорындар өзінің тауар саясатын қазақ-өзбек және ұйғырдың тамақ түрлеріне барынша жақын тағам түрі ассортиментгің негізінде қалыптастырады. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында орналасқан кәсіпорындар өзінің тауар саясатын стандартты орыс-украин тағамының негізінде үлттық екі-үш тамақ түрін ( бесбармақ, манты, палау ) енгізіп, сондай-ақ үсынылатын тамақтың шағын тізбесімен қалыптастырады.
Слайд 9
Сөйтіп, Қазақстанда еуропалық қоғамдық тамақтандыру маркетингінің келесі екі негізгі қағидасы бүзылады : біріншіден, бір қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының тұтынушыларға үнайтын белгілі брендін ғана емес, сонымен бірге оның бәсекелік артықшылығын қалыптастыруға бағытталған фирмалық ( айрықша ) тағамдар жоқ ; екіншіден, тұтынушыларға ұсынылатын тауар ассортиментінің тарлығынан олар нақты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын бірегей түрінде қабылдауын төмендегіп, өзіне немқұрайды тұтынушылық сезім қалыптасуына мәжбүр етеді, кейін тұтынушы қай жерден тамақ ішетінін таңдамайтын болады.