Первый слайд презентации: Мейремхана ісі және мейманхана бизнесінің дамуына жаңа мүмкіндіктер
Слайд 2: Кіріспе
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік.
Слайд 3
Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ- ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан EXPO 2017 көрмесі екені белгілі.
Слайд 4
Бүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген « Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен » басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
Слайд 5
Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ- нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ- ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy ( Болашақ қуаты ) болып табылады.
Слайд 6: ЕЛ ҮШІН ИГІЛІКТІ ІС
Бұл халықаралық ауқымды шараны өткізу үшін елордамыз алдағы 3-4 жыл ішінде зор шараларды іс жүзіне асыруы керек. Қазір Астанада қонақтарды қа¬был¬дайтын 171 қонақ үй бар. Оларға 7 мыңнан астам мей¬ман¬ды жайғастыруға мүмкіндік бар. Көрме кезінде қолда бар қонақүйлерге шамамен 45 мың адамды жайғастыра аламыз деген күннің өзінде, бұл меже мүлде аздық етеді. Сондықтан Астанада 4 және 5 жұлдызды қо¬нақүйлердің саны еселей кө¬бей¬тілуі керек. Осы дүниежүзілік көрменің ұйымдастырылуы барысында Астанада қала әкімінің берген мәлімдемесі бойынша 38 қонақ үй салынуы тиіс. Бұл жобалардың қарастырылып жатқандығын ескере кету қажет.
Слайд 7
Ал елорда шенеуніктері туристерге анағұрлым жайлы жағдай жасау үшін қалада қосымша «Хилтон», « Мэриот », «Ритц- Карлтон », «Фор Сизонс » қонақ үйлері салынады деп сендіруде. Әрине, бұл нысандардың құрылысын үлкен кешендер салуда мол тәжіри бесі бар компаниялар жүргізеді
Слайд 8
Келген қонақтар көңілінен шығу үшін туризмнің жоғары деңгейлігі әсіресе, еліміздегі қонақ үй және мейрамханалық қызметтің ақсақтығы көзге көрінері даусыз. Осыдан туындайтын мәселе бұл жоспарларды іске асыру барысында мамандарға келіп тоқталады.Келген 7 млн.-дай халыққа сапалы түрде қызмет етіп,оларға барынша комфортты жағдай жасау үшін бұл саладағы мамандардың жоқтығы белгілі жайт.
Слайд 9
Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық ” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады
Слайд 10
Елдегі қызмет көрсету нарығының әлі де дамушы сипатта болуы және аталмыш түрдегі кәсіпорындарды басқаруда отандық менеджмент мамандарының тәжірибесі аз болуы әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында қазақстандық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың бәсекелік қабілеті төмендетеді. Бұл өз кезегінде аталған саланы басқару жүйесін толығырақ зерттеуді талап етеді.
Слайд 11
. Елімізде бұл сала мамандары енді ғана өз қарлығаштарын ұшыруда.Бұл мамандық республикамызда ең алғашқы әрі бірегейлердің бірі болып осы өзіміздің Алматы Технологиялық Универитетінде туризм саласынан өз еншісін алып шыққанына аз ғана уақыт болды.Сонай-ақ бұл мамандық бойынша елімізде санаулы ЖОО ғана білім беріледі.