Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова — презентация
logo
Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова
  • Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова
  • Менингококкты инфекция
  • Этиологиясы
  • Патогенез және клиника сы
  • Инфекция көзі. Берілу механизмдері
  • Эпидемиологиялық ерекшеліктері:
  • Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуі (В.И.Покровский, 1965).
  • Жедел назофарингит
  • Менингококкемия
  • Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова
  • Менингококкемия
  • Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова
  • Менингит
  • Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова
  • Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова
  • Асқынулар ы:
  • Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова
  • Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова
  • Емі комплексті
  • Алдын алу шаралары
  • Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова
1/21

Первый слайд презентации

Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова Жанерке Топ: 3 -002 СФО ОМ Тексереген: Хайырова У.О Қарағанды,2024 ж.

Изображение слайда

Слайд 2: Менингококкты инфекция

Антропонозды, аспирациялы механизммен берілетін жіті бактериалды жұқпалы ауру Белгілері : назофарингит - мұрын, жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы менингит менингококкты сепсис

Изображение слайда

Слайд 3: Этиологиясы

Қоздырғышы - Neisseria meningitіdis. Менингококктарды 1887 жылы А.Ваксельбаум науқастың жұлын сұйықтығынан тапқан. Ол - грам теріс диплококк, қозғалыссыз Менингококктар 12 серологиялық топқа бөлінеді А, Б, С, Д, Х, Ү, Z, Н, І, К, L,W. Қоршаған ортада төзімсіз; күн сәулесі, жоғары, төменгі температура дез. препараттар, кептіру әсерінен тез өледі.

Изображение слайда

Слайд 4: Патогенез және клиника сы

Тыныс алу жүйесінің шырышты қабықтарына түсіп оны зақымдайды. Көбіне 2-3 апта жалғасатын белгісіз, симптомсыз және тасымалдаушылық түрінде өтеді. 10-15 % жағдайларда денеге енген жерінде менингококкты назофарингит және катаралды ангина түрінде өтеді. Жергілікті қорғаныс кедергісін ен өткен жағдайда қанға өтеді, ыдыраудың барысында улы токсин бөлінеді. Қан ағымымен түрлі органдарға таралып, екінші инфекция ошақтары дамиды - менингококкты артрит, эндокардит, перикардит, менингоэнцефалит. Өте сирек менингококкемия, менингитке айналады.

Изображение слайда

Слайд 5: Инфекция көзі. Берілу механизмдері

Инфекция көзі - науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Инфекция көздері 3 топға бөлінеді: жайылған формадағы науқас адам. назофарингит формасы сау тасымалдаушылар Жасырын кезең 1 -10 күн орташа 5-7 күн. Беріліс механизмі – аспирациялы, таралу жолы- ауа-тамшы.

Изображение слайда

Слайд 6: Эпидемиологиялық ерекшеліктері:

Барлық жерде таралған ауру. Кездейсоқ сырқаттанушылық немесе бір топта өршу түрінде кездеседі. 10-15 жылда аурудың өршуі байқалады, Қазақстанда 5-6 жылда. Көбіне қала халқы ауырады. 50-90 % 5 жасқа дейінгі балалар ауырады, әсіресе бала-бақша балалары. Мезгілдік - қыс-көктем айларына жиі таралады. Диагностика сы: Бактериологиялық зерттеу - мұрын жұтқыншақтан жағынды, қанды тексеру. Серологиялық зерттеу: РПГА, ИФА.

Изображение слайда

Слайд 7: Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуі (В.И.Покровский, 1965)

1. Біріншілік – жергілікті түрлері: менингококк тасымалдаушы жедел назофарингит 2. Гематогенді – жайылған түрлері менингококкемия : типті, созылмалы менингит менингоэнцефалит аралас түрі ( менингит+менингококкемия ) 3. Сирек түрлері: эндокардит, артрит, пневмония, радикулит.

Изображение слайда

Слайд 8: Жедел назофарингит

2 синдромға бөлінеді : интоксикация белгілері : дене қызуының 38-39С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, бас айналу, құлағының шуылдауы, кейде жүрек айну, құсу. Науқас адинамиялы, терісі бозғылт, кейде мұрнында және ернінде герпес шығады катаральді синдром : жөтел, дауысының қарлығуы, мұрыннан шырышты – іріңді бөліністер ағу. Жұтқыншақтың артқы қабырғасының ісінуі, гиперемия, фолликулалардың гиперплазиясы байқалады. Перифериялық қанда – лейкоцитоз, геммограммада солға қарай жылжу. Назофарингиттің ағымы көбінесе жеңіл, 5-7 күн ішінде сауығады.

Изображение слайда

Слайд 9: Менингококкемия

клиникасына 2 синдром тән : І. Интоксикация: басталуы жедел, дене қызуы 38-40 0 С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, тез үдейтін әлсіздік, бас ауруы, бұлшық еттерінің ауырсынуы, құсу. ІІ. Экзантема: бөртпе аурудың алғашқы күндерінде пайда болады (5-12 сағ) бөртпе көп, басында дақты, розеолезды, папулезды, кейіннен геморрагиялық петехиядан экхимоздарға дейін, “жұлдызды” формада ортасында тығыздалған, көбінесе аяқ – қолдарында әсіресе, жамбастарында, сирек беттерінде кездеседі.

Изображение слайда

Слайд 10

Изображение слайда

Слайд 11: Менингококкемия

Ауыр ағымында геморрагиялық белгілер болуы мүмкін: кофе қоюындай құсу, мұрыннан, жатырдан, ішектен қан кету. Асқазан – ішек жолдары жағынан: тәбетінің төмендеуі, құсу, аузының құрғауы, тілінің жабынмен жабылуы, кейде бауырдың ұлғаюы. Жүрек – қантамыр жүйесі жағынан: тахикардия, гипотония, жүрек тондарының тұйықталуы болуы мүмкін. Менингококкемияда дамуы мүмкін: артриттер, нефрит, пневмония, миокардит, перикардит, эндокардит. Менингококкемияның өте ауыр ағымы токсикозбен, ҚШҰ синдромы дамуымен және жүрек – қан тамыр жүйесінің жұмысының төмендеуімен қатар жүреді.

Изображение слайда

Слайд 12

Изображение слайда

Слайд 13: Менингит

Сепсис, интоксикациямен, менингеальды синдроммен сипатталады. Бұл триада ерте және ең тұрақты көрініс болып табылады. Басталуы жедел, аяқ астынан дене қызуының 39-40 0 С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, қатты бас ауруы, қайталап құсу. Алғашқы тәулікте менингиальды синдром дамиды : желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары, жұлын нервтерінің зақымдануы мүмкін ( жиі ІІІ, ІУ, УІ жұп нервтері ), ақыл – есі бұзылуы мүмкін, есеңгіреуден комаға дейін қатты айқындалған психомоторлы қозумен көрінуі мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 14

Науқастың мойын, бет терісінің гиперемиясы, ерін шырышты қабығы құрғақ, склера және коньюктива тамырлары иньекцияланған болады. Науқас міндетті қалып қабылдайды, бүйіріне жатады, аяқтары бүгілген және ішіне қарай тартылған, басы біраз артқа шалқайған. Энцефалит, әр түрлі бұлшық еттердің тырысуымен, парездермен, параличтермен байқалады.

Изображение слайда

Слайд 15

Изображение слайда

Слайд 16: Асқынулар ы:

инфекциялық – токсикалық шок жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі жедел бүйрек жетіспеушілігі мидың ісінуі екіншілік инфекцияның қосылуы

Изображение слайда

Слайд 17

Изображение слайда

Слайд 18

Изображение слайда

Слайд 19: Емі комплексті

этиотропты ем патогенетикалық, дезинтоксикациялық, дегидратациялық (менингит және менингоэнцефалитте ), гормонотерапия ( көрсеткіш бойынша ) симптоматикалық ем оксигенотерапия Этиотропты ем барлық науқастарға міндетті түрде жүргізіледі : Пенициллин (300-500 мг ЕД(кг/ тәул ) 4-8 күн ішінде. Ампициллин (200/300 мг/кг тәуг ) Левомицетин (50-100 мг/кг тәул ) Роцефин (50 мг/кг тәулігіне бірақ 4 таблеткадан көп емес 10 күн ішінде ) және басқа антибиотиктер монотерапия түрінде.

Изображение слайда

Слайд 20: Алдын алу шаралары

Науқас адам және күдіктілер міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы бөлімшеге оқшаулау. Б актериологиялық тексеру 1 рет «теріс» болғанда ауруханадан шығару. Науқаспен қатынаста болғандарды 10 күн медициналық бақылау Бактериологиялық әдіспен тексеру Ошақта бөлмені жиі желдету, ылғалды әдіспен жинау, ауаны бактерицидтік шамдар мен залалсыздау. Арнайы профилактика ретінде менингококк инфекциясына қарсы химиялық вакцина егу. Вакцина ошақта қатынаста болған адамдарға және сырқаттанушылық 100 мың халыққа 2,0 асқан жағдайда егіледі. Қайта егу 3 жылдан кейін.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Менингококкты инфекция. ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Жомартова

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено