Первый слайд презентации: Менің өлкем – менің кіші Отаным »
Дайындаған: Закибанова Динара Тексерген:Мукатаева Зауре Кадырбаевна
Слайд 2: Шұрайлы Шығыс өлкесі
Слайд 5: Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан » деп қазақтың ақыны Абай атамыз айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен « туған ауылымды тастап кете барамын » деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып - өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Бәкір Тәжібаев жырлаған мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады : Қайда жүрсем, туған жерім, Сен есімнен шығармысың ! Жастық дәурен құрған жерім, Көз алдымда тұрармысың ! Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде мол. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен — ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал — мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. « Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне » немесе « Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас » деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын. Айпырай ! Туған жер — ай! Теңдесер кім Бұл жерге сен болмасаң келмес едім. Кіндігімді байлаған қазығым – ай Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, — деп ақиық ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай, оқушылар өздерінің кіндік кескен, туып — өскен мекенін қастерлей, оның тыныс — тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал – ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағын бәрінен артық көруге хақылымыз. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе ? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Меніңше, әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиіс
Слайд 6
Шығыс Қазақстан - Ресей және Қытай мемлекеттерінің шекарасындағы Қазақстанның ең тартымды аумақтарының бірі және әкімшілік-аумақтық бөлігі. Аумағы еліміздің жалпы территориясының 10%-дай бөлігін алып жатыр, яғни 283,23 мың шаршы километрді құрайды. Тұрғындар саны 1,5 миллион адам. Әкімшілік орталығы – Өскемен қаласы. Шығыс Қазақстан облысында 15 аудан, 800-ден астам кент, 5 қалалық маңыздылығы бар қала, 5 облыстық маңыздылығы бар қала, 24 кент бар.
Слайд 7: Пайдалы қазбалар Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар
Слайд 8
Облыстың, әсіресе Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш – Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады. Семейдегі Ертіс өзені үстінен өтетін аспалы көпір Өзендер Ертіс ( республикадағы ең үлкен өзені ): Ол облыс аймағын Қытай шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігін Қара Ертіс деп атайды. Ертіс өзенінің ең ірі салалары : Қытай, Қалжыр, Қалғұтты, Күршім, Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, Шүлбі, Жарма, Құсты, Еспе, Шорға, Боғас, Жүзағаш, Бөкен, Манат, Тайынты, Абылайкит, Ұлан, Дресвянка, Жартас, Құрық, Қызылсу, Шар, Шаған. Балқаш – Алакөл көлдерінің алабындағы ең үлкен өзендері ( Еміл, Қатынсу, Үржар, Үлкен Текебұлақ, Қарақол, Ай, Аягөз, Бақанас ) бастауын Тарбағатай, Ақшатау, Шыңғыстау, Ханшыңғыс жоталары мен Көкшетаудан алады. Көлдер Облыс көлдерге онша бай болмаса да, мұнда Қазақстандағы ірі көлдер – Зайсан мен Марқакөл, оңтүстік-шығысында Алакөл мен Сасықкөл орналасқан. Басқа көлдері ұсақ және олар облыстың оңтүстік-батыс жағында, көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай өзендерінің ұсақ шоқылы, жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.