Первый слайд презентации
«Миға шабуыл» - Халықаралық қызмет көрсетуді қалай түсінесіз? - Қай елдер халықаралық қызмет көрсетуге маманданған? - Не себептен халықаралық қызмет көрсету қарқынды дамып жатыр?
Оқу мақсаты: - Халықаралық сауда түрлерін (тауарлық, қызмет) білу - Дүниежүзілік сауда ұйымының мақсаты мен міндеттерін анықтау
Слайд 3
Бағалау критерийлері • Халықаралық қызмет көрсету түрлерін біледі. • «Жалға пәтер беруші елдерді» топтастырады. • Халықаралық туризм дамыған аймақтарды анықтайды. • Халықаралық қызмет көрсету саласы дамыған елдердің ерекшеліктерін талдайды.
Слайд 4
Дескрипторлар Бағалау критерийлері Дескрипторлар Халықаралық қызмет көрсету түрлерін біледі. Халықаралық қызмет көрсету түрлерін анықтайды. «Жалға пәтер беруші елдерді» топтастырады. «Жалға пәтер беруші елдерді» топтастырады. Халықаралық туризм дамыған аймақтарды анықтайды. Халықаралық туризм дамыған аймақтарды анықтайды. Халықаралық қызмет көрсету саласы дамыған елдердің ерекшеліктерін талдайды. Халықаралық қызмет көрсету саласы дамыған елдердің ерекшеліктерін, морфологиялық моделін талдайды.
Слайд 5
«Жалға пәтер беруші елдерді» топтастырыңдар. Халықаралық туризм дамыған аймақтарды анықтаңдар. Халықаралық қызмет көрсету саласы дамыған елдердің ерекшеліктерін талдаңдар. Халықаралық қызмет көрсету түрлерін анықтаңдар
Слайд 6
Тапсырма. «Жалға пәтер беруші елдер» арасынан бір мемлекеттің морфологиялық моделіне талдау жасаңыз. Мемлекет аумағын және басқаларды морфологиялық сипаттау үшін саяси географияда әртүрлі сандық параметрлер қолданылады. Ұсынылған сипаттамалар мемлекеттік аумақтың конфигурациясының ықшамдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Көбіне ықшам аумақтар тиімсіз болады. Өйткені шегаралары шектеулі, соған орай байланыстары да шектеулі және жеке аймақтармен байланыстарында да қиындық туындайды. Сонымен қатар мемлекеттің астанасы орталықта емес, елдің шетінде орналасса, бұл жағдай аумақты дамыту және басқару үдерістерін қиындатуы мүмкін. Морфологиялық модель үлгісі кестеде берілді
Слайд 7
Тапсырма №1. РЕСУРСПЕН ЖҰМЫС АКТ, кесте мен суреттегі ақпаратты пайдаланып, картада берілген елдердің ішінен бір елдің морфологиялық талдау жұмысын ұйымдастыр
Слайд 8
Морфология элементтері Ескі дүние (А) Жаңа дүние (В) Үшінші әлем (С) шегара генезисі субсеквентті (шегара тарихи қалыптасқан) анцетедентті (шегара қалыптасуына адамдар әсер етті) енгізілген (шегараны үшінші күштер өздері белгілеген) шегараның табиғи нысандар арқылы өтуі 50%-дан астам 30–50% 30%-дан кем елдің тарихи орталығының орналасуы орталық шеткі (перифериялық) шеткі (перифериялық) ел астанасының орналасуы орталық аралық шеткі (перифериялық) мемлекет аумағының тиімділігі 50%-дан астамы ауыл шаруашылығына жарамды 30%-ға дейінгі аумағы ауыл шаруашылығына жарамды 10%-дан төмен аумағы ауыл шаруашылығына жарамды
Слайд 9
Елдің морфологиялық моделінің негізгі элементтері: Географиялық орналасуы: Теңіз жағалауы, құрлықішілік, жарты арал, арал елі немесе архипелаг-елі. Аумақ пішіні: Жазық, созылған, жинақы, жағалау жиегі үлкен немесе аз кесілген. Ішкі ұйым: Анклав аумақтары, күрделі әкімшілік-аумақтық құрылымдар. Мысалдар мен мән: Теңіз маңындағы елдер теңізге шыға алады және теңіз көлігі мен сауданы дамыта алады. Құрлықішілік елдер әлемдік теңіздерге тікелей шыға алмайды, бұл теңіз саудасын қиындатады және құрлықтық немесе өзен қатынасы жолдарын дамытуды талап етеді. Арал елдері мен архипелаг елдері олардың арал жағдайына, мысалы, теңіз көлігін оқшаулауға немесе дамытуға байланысты өздерінің бірегей ерекшеліктеріне ие. Ватикан немесе Лесото сияқты анклав елдері толығымен басқа мемлекеттің аумағымен қоршалған, бұл олардың егемендігі мен экономикалық қатынастарына әсер етеді. Морфологиялық модельді талдау елдің географиялық сипаттамалары оның экономикалық дамуына, саясатына, сондай-ақ көршілермен өзара іс-қимыл жасау және халықаралық өмірге қатысу мүмкіндіктеріне қалай әсер ететінін кешенді түсінуге мүмкіндік береді.
Слайд 10
Зерттеу сұрағы Дүниежүзінде Панама мемлекеті теңіз кемелерінің саны бойынша бірінші орында, алайда теңіз көлігі тасымалынан түсетін пайда бойынша АҚШ-тың табысы Панама елінен 23 есе көп. Мұның себебі неде? Бермуд аралдары, Багам аралдары, Кайман аралдары, Панама, Сингапур, Либерия, Маршалл аралдары, Вануату елдері – С категориясындағы елдер қатарына жатса, Мальта, Кипр, Гонконг елдерін дамыған микромемлекеттер қатарына жатқызуға болады. Оқушыларға морфологиялық модель үлгісін таныстырыңыз.
Слайд 11
АКТ көмегімен оқушылар екі сұраққа жауап беруі керек. • Панама елінің «қолайлы ту астындағы» елге айналу себебін анықта (2 мысал келтір). • Әлемде кемелерінің саны ең көп мемлекет болып саналатынына қарамастан, Панама елінің Латын Америкасы елдері ішіндегі экономикасы әлсіз елдердің бірі болуының себебін түсіндір.
Слайд 12
Зерттеу жүргіз Панама елінің «қолайлы ту астындағы» елге айналу себептері: - Панама елі ешқашан соғысқа араласпағандықтан және соғыспағандықтан «арзан ту» елі болып саналады. Фрахт салықтары межесі өте төмен. «Арзан ту» елдері басқа мемлекеттерге кемелерді қолайлы салық мөлшерлемесімен өз елдерінде тіркеу қызметтерін ұсынады. Мысалы, теңізге шығатын жолы жоқ Молдова, Моңғолия, Боливия елдері де теңіз кемелерін тіркеу қызметін ұсынады; - Панама аумағында орналасқан Панама теңіз каналы 1920 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Соның арқасында, мысалы, Нью-Йорк пен Сан-Франциско қалалары арасындағы қашықтық 22 мың км-ден 9,5 мың км-ге дейін қысқарған. Канал арқылы жылына 15 мыңға дейін кеме өтеді.
Слайд 13
ЕЛДЕР ТОБЫ ЕЛДЕР ЕРЕКШЕЛІГІ «Қонақүй елдер» Канар аралдары Гонконг Мальта Кипр Барбадос Қолайлы климаттық жағдайларды қолдана отырып, шетелдік туризм дамыған аймақтарға айналды. Бермуд, Багам, Кайман, Барбадос аралдарының экономикасының 60–80%-ын туризм құрайды. «Қолайлы ту астындағы елдер» Панама Либерия Мальта Багам аралдары Кипр Сингапур Бұл елдер теңіз кемелерінің фрахтісі және сақтандырудың аса тиімді шарттарына байланысты әлемдегі барлық елден сауда кемелерін жинаған орасан зор порттарға айналды. «Қолайлы ту», әдетте, кемеге барынша қолайлылық режимін және әлемнің көптеген порттарында порт алымсалықтарының (фрахт) төмендетілген мөлшерлемелерін қамтамасыз етеді. Өйткені «қолайлы туын» ұсынатын Панама, Либерия, Мальта елдері тарихи кезеңде ешқандай елдермен соғыс қимылдарын жүргізбеген. Сондықтан Дүниежүзілік мұхитта еркін жүзу құқына ие. Аталған елдердің теңіз порттарындағы кеме доктарын жалға алу қызметі дамыған елдермен салыстырғанда шамамен 80 еседей арзанға шығады. 2019 жылғы деректер бойынша, Панамада – 8600, Маршалл аралдарында – 3537, Либерияда – 3496, Мальтада – 2172, Багам аралдарында – 1401, Кипрде – 1039 шетелдік кеме тіркелген. Панама елінің үлесіне дүниежүзі бойынша теңіз көлігімен тасымалданатын жүктің 27%-ы тиесілі. Ал әлемдегі ең кедей ел – Либерия дүниежүзілік теңіз жүк айналымының 16%-ын құрайды. Өз кезегінде экономикасы дамыған Ұлыбритания үлесіне 3%-ы ғана келеді. Жер шарындағы әрбір жетінші кеме Либерия туы астында жүзуде. «Оффшорлық аймақтар» Бұл топқа тәуелді аймақтар кіреді, мысалы: Бермуд аралдары, Кайман аралдары, Виргин аралдары, Мартиника аралы, Гваделупа, Жаңа Каледония Әдетте, аумағы бойынша кішкентай аралдық, көбінесе тәуелсіз, «керуен» жолдарының қиылысында орналасқан мемлекеттер. Бұл елдерде, әдетте, шетелдік азаматтар мен компаниялар үшін салықтың болмауы немесе олардың мөлшерлемесінің төмен болуы байқалатын оффшорлы аумақтар тән. Осы елдерде ірі корпорациялардың штабпәтерлері ресми орналасқанымен, олар өз қызметін мұнда атқармайды. Мысалы, бір ғана Кайман аралдарында 100 мың компания тіркелсе, ал Бермуд аралдары жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша әлемде Швейцариядан кейінгі 4-орынға ие.
Слайд 14
Халықаралық туризм туралы мәтінмен танысыңыз. Мәтіндегі негізгі идеяны анықтаңыз, диаграмма бойынша талдаңыз. Талдау жұмысының сұрақтары мен тапсырмалары: • Аустралия еліне келетін әрбір туристен түсетін табыстың салыстырмалы түрде жоғары болу себебін түсіндір. • Болашақ туризм саласының даму үрдісіне болжам жаса, ойыңды нақты мысалдармен дәлелде. *Еуропа – дүниежүзіндегі туристер ең көп келетін аймақ, алайда туризмнен ең көп табыс табатын мемлекет – АҚШ. Мұның себебі неде? - Еуропаға бару үшін қандай виза түрін әзірлеу керек? - Шенген визасын рәсімдеп алса, қандай мүмкіндіктер беріледі? - Ақшаңды Еуропаның неше елінде жұмсауға дайынсың? - Ал АҚШ-қа барған болсаң, қандай айырмашылықты байқадың?
Слайд 16
Экономикалық интеграция түрлері 1) еркін сауда аймағы – одаққа мүше елдер арасында кедендік салық алымдары тоқтатылады; 2) кеден одағы – елдер арасында сауда жасасу кезінде үшінші жақ тауар мен қызметіне протекционизм жариялау арқылы одақтас елдер арасындағы тауарларға басымдық беру; 3) ортақ нарық – елдер арасында тауар мен қызметтен тыс жұмыс күшінің де шегара арқылы өтуіне кедергі қойылмайды; 4) экономикалық және валюталық одақ – экономикалық ынтымақтастық ортақ валюта енгізу арқылы күшейе түседі; 5) толық интеграция – мүше елдер бір ел ретінде халықаралық аренада таныла бастайды.