Первый слайд презентации
Өнеркәсіптік өндірістің антропогендік факторларының қоршаған ортаға әсерін талдау Мақсат : табиғаттағы ластану процестерін қарастыру Жоспар : 1. Қышқыл жаңбыр және топырақтың ластануы. 2. Су ресурстарының ластануы. 3. Акустикалық ластану. 4. Радиоактивті ластану.
Слайд 2: Бағалау критерийі
- Антропогендік факторлардың түрлерін анықтайды,жаңа терминдермен танысады. - Антропогендік факторларға байланысты мәселелерді,себебін,салдарын,азайту жолдарын жіктейді - Антропогендік факторларды графикалық түрде ұсынады. - Ландшафтардың дизайнын ұсынады.
Слайд 3
Қолданылған әдебиет тізімі: 1.Мусаева Г.С. Экология және тұрақты даму: Оқу құралы. – Алматы: КККА, 2011. – 102 б. 2.Қуатбаев А.Т. Экология: Оқу құралы. Алматы, 2008 3.Мирзадинов Р.А. Экология и устойчивое развитие. Алматы. Каз АТК. 2011 Дюсембин Е.А. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. – Оқу құралы, Алматы, ҚазККА, 2012. с.212. https:// https:// ppt-online.org/317519 https://ppt-online.org/440387
Слайд 6
Өнеркәсіптік өндіріс – адам әрекетінің ( антропогендік факторлардың ) ең қуатты көздерінің бірі. Ол экономикалық дамуды қамтамасыз еткенімен, қоршаған ортаға елеулі кері әсерін тигізеді. 1. Атмосфераға әсері Өнеркәсіп орындарынан шығатын газдар мен қатты бөлшектер : күкірт диоксиді ( SO₂), азот оксидтері ( NOₓ), көмірқышқыл газы ( CO₂), шаң-тозаң атмосфераны ластап, қышқыл жаңбырдың, тұманданудың, жаһандық жылынудың және озон қабатының жұқаруының негізгі себептерінің біріне айналады. 2. Су ресурстарына әсері Өндірістік ағын сулар : ауыр металдар, мұнай өнімдері, химиялық реагенттер өзен-көлдерге түсіп, судың сапасын төмендетеді. Бұл балықтардың қырылуына, ауыз судың ластануына және экожүйелердің бұзылуына әкеледі.
Слайд 7
3. Топыраққа әсері Өнеркәсіп қалдықтары мен химиялық заттар топыраққа сіңіп : құнарлылығын азайтады, ауыр металдардың жиналуына себеп болады, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын төмендетеді. 4. Биологиялық әртүрлілікке әсері Табиғи ортаның ластануы мен өндіріс аймақтарының кеңеюі : өсімдіктер мен жануарлардың мекендеу ортасын жояды, кейбір түрлердің жойылу қаупін арттырады, экологиялық тепе- теңдікті бұзады. 5. Адам денсаулығына әсері Ластанған ауа, су және топырақ : тыныс алу ауруларын, аллергияны, онкологиялық аурулардың қаупін арттырады.
Слайд 10: Топырақтың ластануы
Слайд 11
Жердің топырақ жамылғысы жер биосферасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл биосферада болатын көптеген процестерді анықтайтын топырақ қабығы. Топырақтың ең маңызды мәні - органикалық заттардың, әртүрлі химиялық элементтердің, сондай-ақ энергияның жинақталуы.Топырақ жамылғысы әртүрлі ластаушы заттарды биологиялық сіңіргіш, жойғыш және бейтараптандырғыш ретінде қызмет етеді. Егер биосфераның бұл байланысы бұзылса, онда биосфераның қазіргі қызметі қайтымсыз бұзылады. Сондықтан топырақ жамылғысының Ғаламдық биохимиялық мәнін, оның қазіргі жағдайын және антропогендік әрекеттің әсерінен өзгеруін зерттеу өте маңызды. Антропогендік әсердің бір түрі- пестицидтермен ластану.
Слайд 13
Қышқыл жаңбыр — атмосферадағы күкірт диоксиді ( SO₂) мен азот оксидтері ( NOₓ) су буымен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдарын түзуі нәтижесінде пайда болатын, қышқылдығы жоғары жауын-шашын түрі ( жаңбыр, қар, бұршақ, тұман ). Ол табиғатқа, топыраққа, су айдындарына, өсімдіктерге және ғимараттарға зиян келтіреді.
Слайд 14
1979 жылы АҚШ пен Канаданың барлық еуропалық мемлекеттері антропогендік ластаушы заттардың алыс қашықтыққа таралуын азайтуға бағытталған Конвенцияға қол қойды. 1985 жылы 1993 жылға қарай күкірт шығарындыларын немесе олардың трансшекаралық ағындарын 1980 жылғы деңгейден 30% - ға қысқарту туралы хаттамаға қол қойылды., ал 1988 жылы азот оксидтері бойынша ұқсас шартқа қол қойылды.
Слайд 15
Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азот қышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Түзілген қышқылдар және олардың қосылыстары жауған жауын - шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Қышқыл жаңбырлардан қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады.Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқа жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.
Слайд 16: Судың ластануы
Судың ластануы негізінен өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды суларымен және ауыл шаруашылығында хим. тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолданумен байланысты. СУДЫҢ ЖЫЛУЛЫҚ ЛАСТАНУЫ
Слайд 18
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы да бiрқатар зардаптарын тигiзуде. Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашарлатып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды.
Слайд 19: Акустикалық ластану
адамның іс-әрекетінен туындайтын қарқынды шу немесе жағымсыз дыбыс.
Слайд 27: Қорытынды
Қоршаған ортаның ластануы деп — әдетте оған тән емес, теріс салдарға алып келетін жаңа физикалық, химиялық, биологиялық немесе ақпараттық агенттердің келіп түсуін немесе пайда болуын айтады. Табиғи ортаның ластануы табиғи факторлардың әсері нәтижесімен қатар, адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде де болады.
Последний слайд презентации: Өнеркәсіптік өндірістің антропогендік факторларының қоршаған ортаға әсерін
Бақылау сұрақтар 1. Адамдардың шаруашылық әрекетінен табиғаттың өзгеруін неден байқауға болады? 2. Үлкен қалалардың шоғырлануы табиғи ортаға қандай әсерін тигізді? 3. Жер шарындағы адам санының күрт көбею неге әкеп соқты? 4. Табиғи жүйенің түпкілікті өзгеруінен қандай проблемалар туындауы мүмкін? 5. Ауа райының күрт жылынуының салдары қандай болмақ? 6. Акустикалық ластанудың көздерін атаныз 7. 90-120 децибел болатын шулар адамға қалай əсер етеді? 8. Радиоактивті заттарды атаңыз? 9. Радиактивті ластану деген не? 10. Радиоактивті сәулулерді атаңыз?