Первый слайд презентации
«Отбасы тәрбиесі – қоғам негізінің бастауы» 1. Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру («Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасы аясында) «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын таныстыру. 2. «Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация мәселелері». 3. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді өткізу туралы ата-аналарға хабардар ету. 4. «Балалар өмірінің қауіпсіздігі маңызды». (су, өрт, жол, тұрмыстық, қоғамдық тамақтану т.б. қауіпсіздік ережелері.). Жолда жүру (мектептен үйге дейін жолда жүру картасы, бейне материалдар т.б.). 5. Мектептің тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидалары. 6. Ата-аналар комитетін сайлау
Последний слайд презентации: Отбасы тәрбиесі – қоғам негізінің бастауы» 1. Уақытты басқару және өзін-өзі
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ" Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың « Әділетті Қазақстан – Адал азамат » атты екінші отырысында : « Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Мемлекеттің ең басты байлығы – адам, яғни азаматтар. Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс. Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, адал азамат болып шығуы керек» - делінген. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Адамнын игілікпен, ізгілікпен қуаттандырып, адами құнды қасиеттермен қанаттандырады. Ал, қазіргі уақыт – өзгермелі әлемдегі жасампаз ұрпақтың дәуірі. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Ұлағатты ұрпақ ұлттың сапасын құрайды. Ал ар- ұят, намыс, адалдық, отаншылдық, жауапкершілік, әдептілік пен инабаттылық, мейірімділік пен бауырмалдық, отбасына сүйіспеншілдік, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болу қасиеттері берік қалыптасқан жасампаз азаматты тәрбиелеу маңызды. Еліміздің өркендеп дамуы үшін халқын сүйетін, мемлекет мүддесін жоғары ұстайтын, білімді де адал ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті мәселелердің бірі ретінде үнемі назарда ұстауды қажет етеді. Аталған мәселелерді шешуде тәрбие мазмұнын айқындау « Біртұтас тәрбие бағдарламасы » әзірлеудің өзектілігіне негіз болды. 2024-2025 оқу жылында тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. « Ұлттық мүдде », «Ар- ұят », « Талап » тәрбие құндылықтары арқылы сынып сағаттары, іс-шаралар, жиын кездесулер, челлендждер т.б. өтілуде.