Первый слайд презентации: Отбасы тәрбиесінің сфералары мен принциптері
Орындағандар: Тілепбергенова Г. Сержанқызы Ұ. Ташболат С. Турабек Г. Токберген А. Тураханова Д.
Слайд 2
Отбасы-оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау - отбасы міндеті. Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие - балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп барушы процесс.
Слайд 4
Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесі гуманистік педагогика принциптеріне негізделеді. Ол принциптердің бастылары :
Слайд 5
Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар : әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақылпарасатына икемделуінен даралықты келеді ; тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Слайд 6
Өсіп келе жатқан адамның жеке басының қалыптасуына отбасындағы өмір күшті әсер етеді. Егер ата-аналардың отбасы тіршілігі турасында дұрыс түсінігі болмаса, егер олар отбасы өмірінің дұрыс мақсатты жағын педагогикалық тұрғыдан жағдайластырмаса, онда бұл баланың жеке санасының қалыптасуына ғана емес, түгелдей жеке басының тәрбиесіне зиянын тигізеді. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесіне кері әсер етуші факторларды келесі кестеден көруге болады.
Последний слайд презентации: Отбасы тәрбиесінің сфералары мен принциптері
Оқушы отбасын зерттеу педагогке отбасының тәрбиелік мүмкіндігімен оның күш-қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық-психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу-сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе. Отбасы типтері келесі кестеде көрсетілген :