Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д — презентация
logo
Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
  • Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д
1/17

Первый слайд презентации

Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д

Изображение слайда

Слайд 2

Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу. Cоның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу-діңгегі-бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеуден бастап өскенге дейінгі салт-дәстүрлерді дәріптеу. Салт- дәстүрді атадан балаға жеткізу. Отбасындағы дәстүрлерге, даму тарихына қызықтыру. Іс шараның мақсаты:

Изображение слайда

Слайд 3

Жақсы дәстүрді сақтаған жарар, Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап, Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар. Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар, Бірақ дәстүрді, әдет-ғұрыпты, Жасасын осынау өлмес ұғымдар! Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Сол сияқты әр отбасының да салт-дүстүрлері бар. Бүгінгі сабағымыз сол тақырыпта өрбімек. Жақсы дәстүрді сақтаған жарар, Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап, Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар. Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар, Бірақ дәстүрді, әдет-ғұрыпты, Жасасын осынау өлмес ұғымдар!

Изображение слайда

Слайд 4

« Салт-дәстүр» сөзіне ассоцация құрау Қазақ халқының салт-дәстүрі САЛТ-ДӘСТҮР

Изображение слайда

Слайд 5

А) Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді.Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс. Ә) Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі.Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін»деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады. Б) Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.

Изображение слайда

Слайд 6

В) Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді. Тұсау кесер жырлары айтылады. ... Қаз, қаз балам, қаз балам, Қадамыңды жаз, балам Әнекей, ақ бесік. Әлдиіме бақ бесік. Шүмегіңді салайын, Сылдырмағын тағайын. Жібек көрпе жабайын, Бауық барқыт пүліштей Балдақтарың күмістей, Жабдығыңмен сыйлысың. Жатса бөпем жайлысын, Көсем сенен өседі Жайлы болсын төсегі.

Изображение слайда

Слайд 7

Г) Сүндет той (Құлақ тесу) - Һәм оның атқа мінер, сүндет тойы, Тойға сойған үйінің жылқы қойы. (С.Торайғыров) Еркек баланың тақ жасында яғни 3, 5, 7, жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол – әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет той» деген сияқты жөн жоралары болады, «қайырлы, құтты болсын» айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай алады. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атады. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған. Қыздың құлағын тесу - дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгесі, апалары жиналады. Құлақты уқалап, жанын кетіріп, қызддырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалайды. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізеді. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді. Мүмкін мұның да себебі бар шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар.... Халық ұғымында қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар. Бұл – халық сөзі. Д) Тілашар

Изображение слайда

Слайд 8

Отбасын нығайтатын 8 дәстүр Нағыз берік отбасы – үлкен еңбектің нәтижесі. Бұл жұмыс ұзақ уақытты қажет еткенімен, міндетті түрде жемісін береді. Егер отбасыңызға жаңашылдық енгізгіңіз келсе, жақын адамдарыңызбен ара-қатынасыңызды жақсартқыңыз келсе және туғандарыңызбен көбірек уақыт өткізуді ойласаңыз, өміріңізге бірнеше отбасылық дәстүр енгізіңіз.

Изображение слайда

Слайд 9

1. Естелік заттар альбомы Қазір көпшілік сандық суреттерге және оларды компьютерде, флешкаға немесе ғаламторда сақтауға үйреніп қалды. Алайда, балалық шақтағыдай альбом сақтаудың орны бөлек. Жағымды сәттерді еске түсіру әрқашан қызық. Оны ерекше етіп безендіріп, қосалқы заттар қосыңыз. Мысалы, альбом бетіне суретпен қоса билет, хат, бирка жабыстыруға болады. Әсіресе, кейін балалармен бірге естелік альбомды қарап, оның ішіндегі жазбаларды оқып, түсіндіріп беріп отырған қызықты болады. Ол балаларға ерекше әсер қалдырады.

Изображение слайда

Слайд 10

2. Шежіре Ата-бабасын біліп жүру – әр адамның парызы. Сондықтан арғы тегіңізді, бірнеше ұрпақты біріктіретін әдемі зат ойлап табыңыз. Оның көз алдында ілініп тұрғаны жақсы. Мысалы, ол ағаш бейнесіндегі жиектеме болуы мүмкін. Бұл әрекетіңізден соң балалар арғы аталарын құрметтеуді үйренеді және олардың тарихқа деген қызығушылығы оянуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 11

3. Қонақ Туысқандардың бір-біріне қонаққа келуі арқылы олар бір-бірімен тығыз байланыса түседі, жақсы естеліктер көбейеді және ол балалар үшін ерекше кешке айналады.

Изображение слайда

Слайд 12

4. Бос уақыт Былай қарасақ, бос уақытымыз үйде отбасымен бірге өтетіні анық. Бірақ әркімнің өз гаджетінде видео қарап отыруы бірге уақыт өткізуге жатпайды. Қазір ересектер мен балалар бірге ойнайтын үстел ойындары көп. Отбасы мүшелерінің барлығы бірдей демалатын бір күнді таңдап, фокус көрсетуді, сабын жасауды, бидің бір түрін және т.б үйреніңіздер.

Изображение слайда

Слайд 13

5. Қыдыру Айына бір рет отбасымен бір жерге баруды қолға алған жөн. Ол жер тек балалар үшін емес, ересектерге де қызық болуы тиіс. Мысалы : бассейн, коньки тебу, кинотеатр, театр және т.б.

Изображение слайда

Слайд 14

6. Ойдан шығарылған мерекелер Отбасы істей алатын ерекше нәрсенің бірі – өзінің жеке мерекесін ойлап табу. Мысалы, бір күні ата-ана мен балалар өз орнымен ауысып көруге болады. Сол кезде бала жақынына қамқор болуды үйренеді. Бір күнді ата-ана барлығына келісім беретін күн етуге болады. Ол ата-ананы балаларына сенуге үйретсе, балаларды сенімді теріс пайдаланбауға, шекті білуге үйретеді. Егер балаларыңыз әлі кішкентай болса, " Ертегі түнін" жасаңыз. Өздеріңіздің жеке мерекеңізді ойлап тауып, оны жыл сайын атап өтуге тырысыңыз.

Изображение слайда

Слайд 15

7. Сыйлық Балаларыңызды тек сыйлық алуға емес, сонымен қатар оны сыйлауды да үйретіңіз. Оларға құттықтау хатын жасатыңыз, безендіруді үйретіңіз. Бала өзінің қолынан жасалған заттары арқылы жақындарына деген махаббатын, қамқорлығын көрсете алуы керек.

Изображение слайда

Слайд 16

8. Ерекше мәзір Отбасыны нығайта түсетін тағы бір әдіс – қандай да бір мерекеде міндетті түрде бір тамақ түрін дайындау. Ол барлық отбасы мүшелері бірдей жақсы көретін тамақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, тосынсыйы бар ас дайындауға болады. Мысалы : тосынсыйы бар торт ( кекстер ). Отырыс қызықты болу үшін әзіл қосуға болады. Мысалы, манты пісірсеңіз, бір мантыға көп етіп қант салып дайындаңыз. Тамақ ұсынғанда отбасы мүшелеріне ескертіңіз: кімге қанты бар манты түссе, соның жолы болады. Отбасыдағы "жағымды ауа-райын " сақтау үздіксіз еңбекті қажет ететінін ұмытпаңыз. Алайда бұл жұмыс шаршатпайды, керісінше жағымды эмоциялар ғана сыйлайды. Балалық шақтың тәтті естеліктері өмірді ұзартады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Отбасылық дәстүрлер Қабылдаушы:Абильова.Г Дайындаған: Қанатбаева.Д

Назарларыңыз үшін рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено