Первый слайд презентации
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Педагогика факультеті Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту БББ Практикалық сабақ № 8 т ақырыбы: « Болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру моделі. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру моделінің компоненттері» Орындаған: М-ПиМНО-21 тобының магистранты Зайдағалиева Н. Р. Тексерген: қауымдастырылған профессор Сейтенова С. С. Орал, 2024
Слайд 2
Бүгінгі студент — ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары : - конструктивтік, - ұйымдастырушылық, - қ арым-қатынастық, - дамытушылық, - ақпараттық, - зерттеушілік. Жоғары оқу орнында дайындықтан өткен мамандардың білімі жоғары дәрежеде болуы керек. Өйткені, бұл талап әрбір мамандық бойынша білім беру мазмұнын салыстырмалы түрде біртұтас білім саласы ретінде анықтауы керек. Білім берудің күрделі мазмұнын меңгеруде, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың қазіргі кездегі ұстанымдарын жүзеге асыруда, педагогикалық үрдіс, яғни, оқытушылар мен студенттердің өзара байланысқан және өзара келісілген іс-әрекеті басты міндет атқарады. Сондықтан, қазіргі кездегі жоғары білім беру алдында студенттер мен оқытушылардың жұмыстарының түрлері мен әдістерін жүзеге асыру мәселесі тұр
Слайд 3
Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді. Кәсіби білімді маманның құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру.
Слайд 4
Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі оның квалификациясы ( білімі мен тәжірибесі ), шешім кабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы. Құзіреттілік - жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның икемділігінің белсенділігінен көрінеді. Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі.
Слайд 5
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру келесілерді қажет етеді : жеке шығармашылық қабілетті дамыту педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделу Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың мазызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады.
Слайд 6
Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалық практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді. Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады : - студенттерді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу ; - нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту ; - болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту : педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.
Слайд 7
Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік. Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс : - оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау ; - оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу ; - педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру ( пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.); - оқушылардың оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу ;
Слайд 8
Қорытынды : Қорыта айтқанда, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады. Нақты жүзеге асырудың тікелей жолы - студенттер үшін « Мектеп күнін » өткізуді қайтадан қалпына келтіру ( бұрын болған ). Бұл педагогикалық оқу орындарының студенттері аптаның бір күнінде толығымен мектепте болып, алдына қойған міндеттерге жетудің тікелей жолы. Өйткені, қазіргі 1,2-курс студенттері практикаға сабақтан шыққан уақытта барады, бұл кезде студенттердің қандай да бір нәрсеге үйренуге деген қызығушылығы төмен болады деп ойлаймын.
Последний слайд презентации: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Педагогика
Пайдаланылған ә дебиет : 1. Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы. – Алматы, 2010. 6 б. 2. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Астана, 2004. - 3-4 бб. 3. Әлмұханова Х.Т., Бейсебаева П.С.Құзіреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы. - // http://www.rusnauka.com/15_APSN_2011/Pedagogica/2_85259.doc.htm