ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ — презентация
logo
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
  • ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
1/14

Первый слайд презентации

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Аңдатпа. Ғылыми мақалаға аңдатпа жазу

Изображение слайда

Слайд 2

Аңдатпаның маңызы Аңдатпаның талаптары Жоспар: Кілт сөздер және оған қойылатын талаптар

Изображение слайда

Слайд 3

Аннотация (лат.annotatio-ескерту) - баспа немесе қолжазба шығармасы мазмұнының қысқаша сипаттамасы. Анықтамалық аннотациялар құжаттардың тақырыбын ашады және ол туралы қандай да бір ақпаратты хабарлайды, бірақ сыни баға бермейді. Мазмұны мен мақсаты бойынша аннотациялар анықтамалық және ұсынымдық болуы мүмкін. v v

Изображение слайда

Слайд 4

Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады. Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен, кітапқа берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады. Сонымен қатар ғылыми жобаға және диссертацияға жазылатын аңдатпалар да бар. Ғылыми жобаға арналған аңдатпа 1-3 бет көлемінде болса, диссертациялық жұмыстың аңдатпасы 3-7 бет көлемінде болады. Plan Education Plan Education Education

Изображение слайда

Слайд 5

Библиографиялық деректер. Мұнда, кітаптың толық атын (кітап атауынан кейін нүкте қойыңыз), автордың аты-жөнін (аты-жөнінің алдында таяқша қойып, артынан нүкте қойыңыз), шығарылған қаласын (қаланың алдында сызықша қойып, қос нүкте қойыңыз), баспасын (баспа атауын тырнақшаға алып жазыңыз, соңынан үтір қойыңыз), жылы (жылдан соң нүкте қоясыз) мен бет санын (бет санының алдында сызықша қоясыз) жазасыз. Автор туралы мәліметтер. Мұнда қысқаша бір сөйлеммен кітап авторы кім екенін жазасыз. Мысалы : « Табысты кісіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітабында тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі » [2] немесе « Бұл жинақты құрастырып, аударып дайындаған аудармашы Шынар Әбділдә » Кітапқа аңдатпа жазу барысында мындай элементтерді ескеріңіз:

Изображение слайда

Слайд 6

Туындының жанры немесе нысаны. Мұнда кітаптың қай жанрға жататынын көрсетесіз. Мысалы : Жанры: ғылыми Серия: өмір / ата-ана Тақырыптың қысқаша мазмұны. Мұнда кітап не жайлы жазылған, нені қамтиды, негізгі мақсаты не сол туралы қысқаша сипаттама жазасыз Бұл кітапта халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым - тыйымдарының мағынасы жас ұрпаққа кеңінен түсіндіріледі. Кітаптың басылымға берілуі немесе қайта басылу себептері. Егер кітап белгілі адамның мерейтой қарсаңына, не белгілі бір конференцияға арнап басылса, онда оның себебі көрсетіледі.

Изображение слайда

Слайд 7

Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді ұстаныңыз : - Ғылыми мақаланың аңдатпасы 3 тілде жазылады. Егер жұмыс қазақ тілінде жазылса, онда оған міндетті түрде орыс және ағылшын тілінде аңдатпа жазасыз. Ал орыс тілінде жазылса, онда қазақша және ағылшынша аңдатпа бересіз. - Аңдатпа көлемі 100 сөзден тұрады. Ғылыми мақаланың көлем шағын болады. Мақалаңызды беретін журналдың талабына сай сөйлеммен (7-8 сөйлем ) немесе сөзбен (100 сөз ), не белгі (500 белгі ) санымен берілуі мүмкін. - Аңдатпа тақырыптан кейін орналасады. Оның орналасуы ғылыми журналдың ережесіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда аңдатпа тақырыптан кейін, мақала мәтініне дейін орналасады.

Изображение слайда

Слайд 8

Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді ұстаныңыз : - Аңдатпаның құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер шағында, ырықсыз етіс және пассив формада жазылады. - Аңдатпа мазмұны тақырыптың қысқаша сипаттамасын қамтиды. Мұнда тақырыптың өзектілігі мен жаңалығын, зерттеу пәні мен нысанының сипаттамасын, оның мақсаты мен оған жетудегі автордың нәтижелерін қысқаша баяндайсыз.Аңдатпаның бағытына немесе жасалынатын құжаттың түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Изображение слайда

Слайд 9

Мысалы : 1-үлгі. Оқу-әдістемелік кешеніне берілетін аңдатпа « Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу » пәні бойынша жазылған білім алушының пәндік оқу-әдістемелік кешені жоғары техникалық оқу орындарында оқитын барлық мамандықтардың жалғастырушы топтарына арналған. Кешенде іс қағаздарын жүргізуге негізделген сан алуан лексикалық тақырыптар, оның дамуы жолынан тарихи деректер, жан-жақты қамтылған жаттығулар, құжаттың бірнешеден үлгілері беріліп, одан басқа да көптеген жұмыстың түрлері қамтылған. Кешенде қолданылған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің түрлерін меңгеріп, пайдалану арқылы, білім алушылар іс қағаздарының тілін, сауатты жазылуын, оның стилін, тарихын, өз тараптарынан мемлекеттік тілде іс қағаздарын толтыруды үйреніп, меңгереді, білімін тереңдетіп, толықтырады.

Изображение слайда

Слайд 10

2-үлгі. Кітапқа берілетін аңдатпа Қазақ әдеби тілінің сөздігі.Он бес томдық. 5-том/ құраст. Б.Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнiсбеков және т.б. - Алматы, 2011.- 752 бет ISBN 978-601-7293-16-1 Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген бұл сөздік – қазақ тілінің сөз байлығын молынан қамтитын « Қазақ әдеби тілінің сөздігі » атты он бес томдық түсіндірме сөздіктің бесінші томы. Аталмыш томда сөздік бірліктер әліпби тәртібімен беріліп, олардың мағыналары ықшам түрде түсіндіріледі, грамматикалық, стильдік мағыналары сараланып, кейбір сөздердің қолданылу аясы мен саласы, этимологиясы көрсетіледі. Сөздік негізінен көпшілік қауымға - баспасөз, ғылым, білім, мәдениет, оқу-ағарту қызметкерлеріне, ана тілін тереңірек білсем, қазақ тілін үйренсем деген жұртшылыққа арналады.

Изображение слайда

Слайд 11

3-үлгі. Мақалаға берілетін аңдатпа Қонақжайлық қазақ халқының санасындағы басты моральдік норма ретінде ғасырлар бойы қазақ мәдениетінің қалыптасуына өзіндік үлес қосты. Бұл мақалада қазақтың ұлттық санасындағы « қонақжайлық » концептісінің алатын орны мен мәні талданып жазылды. Ұлттық санада « қонақжайлық » ұғымының алғаш қандай мәнге ие болғаны және қазіргі таңда қандай мәнде қолданылатыны талданды. Сондай-ақ, мақалада ұлттық салт-дәстүрдің фразеологизмдерде көрініс табуы қарастырылды. Яғни, « қонақжайлық » концептісін ашатын бірнеше фразеологизмдер жинақталып, топтастырылды. « Қонақжайлықтың » қазіргі қазақ халқының санасындағы орны мен мағынасы ассоциациялық эксперимент арқылы анықталды. Түйін сөздер : сана, ұлттық сана, тілдік сана, қонақжайлық, концепт, фразеологизм [25].

Изображение слайда

Слайд 12

Себебі әрбір ғылыми жұмысты орындау барысында оның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты негізгі мақсатқа жету жолында түрлі өзгерістерге түсуінемесе орын ауыстырылуы мүмкін Бұл ҒЗЖ- ның жоспары емес, ол – сол жазба жұмысын жазу барысында атқарылар, жазылар жағдаяттардың ғана жоспары. Сондықтан ҒЗЖ жоспарлауды кең мағынасында қарастырған жөн болады. Біздің ойымызша, оның төмендегіше сипаттағы жолдары бар, бірақ оны тек осы жүйеде ғана жүзеге асуы керек немесе қатаң сақтау керек деп тұжырымды түрде ұсынбаймыз

Изображение слайда

Слайд 13

4-үлгі Диссертацияға берілетін аңдатпа Сонымен аңдатпа дегеніміз - мақаланың негізгі сұрақтарының тізімін қамтитын жұмыстың қысқаша сипаттамасы. кем інде 7-10 бет көлемінде 3 тілде жазылады. Аңдатпада диссертацияда қарастырылатын тақырыптың өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, қарама-қайшылығы, болжамы, міндеттері, ұсынылатын әдістері, жұмысытың кіріспе, негізгі, қорытынды да қарастырылатын мәліметер ұсыналады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТ I К ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Назарларыңызға рақмет!

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено