Первый слайд презентации
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" Қадыр Мырза Әлі
Слайд 2
Мен үш нәрседен қорқамын: Бірінші - баласына бесік жырын айтпаған анадан; Екінші - немересіне ертегі айтпаған әжеден; Үшіншісі - бір - бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтардан. Бауыржан Момышұлы
Слайд 3
АНА ТІЛІН ЖАҚСЫ БІЛІП ТҰРЫП, БӨТЕНШЕ ЖАҚСЫ СӨЙЛЕСЕҢ, БҰЛ - СҮЙІНІШ; АНА ТІЛІН БІЛМЕЙ ТҰРЫП, БӨТЕНШЕ СӨЙЛЕСЕҢ, БҰЛ - КҮЙІНІШ Халел Досмұхамбетов
Слайд 4
Тілін білмеген - түбін білмейді. ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады Ғабит Мүсірепов
Слайд 5
Кімде - кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. Мұхтар Әуезов
Слайд 6
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - Тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады Ахмет Байтұрсынов
Последний слайд презентации: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" Қадыр Мырза Әлі
Қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамды оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев