Первый слайд презентации: Переноспороз ауруыны ң белгілерін толтыру
БҚБ-402 Биғалиқызы Динара
Слайд 2: Переноспороз немесе жалған ақұнтақ
Переноспороз - қант қызылшасының ауруы. Ауру қоздырғышы – Оомициттер класының переноспоралар қатарына – Perenosporales жатады. Мицелийлері эндофитті, клеткасыз, өсімдіктің клеткааралық қуыстарында тарайды, гаусторийлерімен клеткалардан қоректік заттарын алады. Конидийлер жұмыртқа пішінді, сұрғылт түсті. Өсімдік ұлпасының ішінде патоген қыстап шығуға арналған қалың қабықты, шар тәрізді жыныстық споралар- ооспоралар түзеді.
Слайд 3: Ауру қоздырғышы зақымдайтын органдар
Ауру көбіне өсімдіктің жас органдарын зақымдайды. Аналық және фабрикалық қызылшалардың ортаңғы жас дегелек жапырақтарын, ал екінші жылғы, тұқым алу үшін тамырымен отырғызылған, қызылшаның жаңадан пайда болған жас жапырағын, өзектік және бүйірлік бүршіктерін зақымдайды. Тұқымдық қызылшаның сабақ ұштарын,жапырақшаларын, гүл тостағаншасын, гүлін, дәншоғырын зақымдайды. Ауру шалдыққан сабақ өсуін тоқтатады, майысып, бұралып, көбіне өледі.
Слайд 4: Аурудың негізгі белгілері
Ауру дендеген жапырақ алақаны қалыңдай түседі де жиектері төмен қарай майысады, сынғыш, морт келеді. Зақымдалған жапырақтың төменгі бетін конидийтүзгіштерден тұратын, сұрғылт-күлгін тығыз зең басады. Мұндай зең дәншоғырда да пайда болады.
Слайд 5: Зақымдалу мерзімі
Вегетация мерзімінде саңырауқұлақ конидийлерімен көбейіп, тарайды. Конидийлер тамшы суда өседі. Ең қысқа инкубациялық кезеі 6-7 күн, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 % -дан жоғары, ортатәуліктік температура 16 С шамасында байқалған. Мамыр-маусым айларының салқын, әрі жауын-шашынды болуы, аурудың дамуында өте қолайлы. Ыстық жаз айларында аурудың дамуы біршама тоқтағанымен, күзге қарай жауын қайта басталып, ауа-райы салқындай бастасымен, ауру қайтадан өрши түседі.
Слайд 6: Күресу шаралары
Қызылшаны жинап алған соң, қалған барлық өсімдік қалдықтарын жинап, өртеу және дәнін айыруға пайдаланған жерлерді терең аудара жырту керек. Дайындаған тұқымды, егуден бұрын, белсенді заттары күкірт, мыс болатын препараттармен өңдеу тиімді. Қажет болған жағдайда, әдетте ауру белгілері көріне бастасымен, дақылды 1-2 қайтара, арасына бір апта салып, фцнгицидтермен бүрке өңдеу аурудың дамуын көп тежейді.