Первый слайд презентации
№ 2 практикалық сабақ (3 сағат ) Тақырыбы: Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктері. Мұғалім құзіреттілігі Сабақтың мақсаты : Сапалы оқыту туралы қабылданған ресми құжаттарды және өзінің идеяларын зерттеу және салыстыру. Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу және талдау нәтижелерін әлеуметтік-психологиялық зерттеу нәтиже - лерімен салыстыру
Слайд 2
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар : 1.Оқытудың мақсат, міндеттерін айқындау. Әр студенттің өз пікірі есепке алынып, ортақ ойдың кластерін түзу ; 2.Жалпы білім беретін орта мектептердегі білім сатыларын анықтау, өзіндік ерекшеліктерін айқындау ; 3.«Құзыретті» мұғалім моделін анықтау. Қазақстандық мектеп жағдайы мен мүмкіндіктері тұрғысынан және заманауи зерттеулерге сәйкес келетін нәтижелер тұрғысынан құзыретті мұғалім моделін түсінуде бір тұжырымға келу. 4.Студенттердің мінсіз оқушыға тән сапаларына қатысты өз пікірлері бойынша постер құрастыруы
Слайд 4
Қазіргі заман мұғалімі – Рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.
Слайд 5
Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін табысты қолдана білуі. Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі:
Слайд 6
XXI ғасыр мектеп мұғалімнің азаматтық тұлғасы Қазақ елінің ж ə не өз мектебінің елжанды патриоты; өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын, адамгершілік деңгейі жоғары тұлға; мектепте моральдық ахуалды жасап, командалық, серіктестік рухты қолдаушы; салауатты өмір салтын ұстанушы.
Слайд 7
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. П едагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
Слайд 10
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі Оқыту мен тәрбиелеу н ə тижелерін жүзеге асырудағы кәсіби біліктілігі ; ұстаздық шеберлікті шығармашылықпен меңгеруі ; ғылыми ə леуеті мен б ə секеге қабілеттілігін дамытуға деген ұмтылысының болуы ; объективтілік, дербес ə рекетшілдік ж ə не мақсаттылық, өзара сынды қабылдай алуы ; өзін интеллектуалды және жасампаз маман ретінде көрсете білуі.
Слайд 11
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары: 1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. 2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі. 3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы. 4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті 5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктіліг 6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Слайд 12
Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».
Слайд 13
А.Ф.Присяжная: П едагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сферадағы функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын айтады. К.Құдайбергенова: «Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы « competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.
Слайд 14
. •Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді. •Мектептің материалдық базасын нығайту •Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару. Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау. Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы. •Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек.
Слайд 15
Мұғалімнің кемшіліктері : Мұғалімнің шектеулілігі ; Заман талабына бейімделе алмауы ; Теория көп, тәжірибе аз; Стереотиптік ойлар.
Последний слайд презентации: 2 практикалық сабақ (3 сағат ) Тақырыбы: Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогты атаймыз. Қорытынды