2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і — презентация
logo
2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і
  • 2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і
  • 1. Ежелгі замандағы саяси-әлеуметтік ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан – б.з. V ғасырына дейін). 2. Орта
  • Ежелгі дәуір:
  • Ежелгі дәуір. Грекия
  • 2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і
  • 2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і
  • Аристотель мемлекетті екі топқа бөлді:
  • Ежелгі Үндістан
  • Варналар немесе касталар:
  • Ежелгі Қытай
  • Ежелгі Қытай. Лао-цзы
  • Ежелгі Қытай. Конфуций
  • Ежелгі Қытай. Конфуций
  • Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси-әлеуметтік идеялар
  • Орта ғасырлар. Шығыс.
  • Әл Фарабидің ойынша:
  • 2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і
  • Орта ғасырлар. Батыс
  • Ф.Аквинский
  • Қайта өрлеу кезеңі. Н.Макиавелли
  • Макиавеллидің саясаттану ғылымына қосқан үлесі төмендегідей болды
  • 2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і
  • 2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і
  • 3.Жаңа заман және ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік ілімдер
  • Жаңа заман. Жан Жак Руссо
  • ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік ілімдер
  • ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік ілімдер
  • ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік ілімдер
1/28

Первый слайд презентации

2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і

Изображение слайда

Слайд 2: 1. Ежелгі замандағы саяси-әлеуметтік ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан – б.з. V ғасырына дейін). 2. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси-әлеуметтік ілімдер тарихы (V-XVIIғғ). 3. Жаңа заман және ХХ ғасырға дейінгі саяси-әлеуметтік ілімдер тарихы. 4. ХХ және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар

Саяси-әлеуметтік ілімдер тарихын ың ірі төрт кезеңі:

Изображение слайда

Слайд 3: Ежелгі дәуір:

Платон – (б.з.д. 4 27 -3 47 ). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады ( аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания ).

Изображение слайда

Слайд 4: Ежелгі дәуір. Грекия

Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті.

Изображение слайда

Слайд 5

Аристотель саясатка кең мағына берді. Оған этиканы да, эко- номиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды, мемлекетті жақсы тұрмыска, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті колдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси күкык бергісі келмеді.

Изображение слайда

Слайд 6

Аристотельдің ойынша, мемлекет қауымнын дамыған түрі, ал кауым - отбасынын дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Мемлекеттің мақсаты – бақытты өмір сүруге мүмкіндіктер жасау. Сондықтан, Аристотель мемлекетті «өмірдің тамаша формасы», «бақытты өмір сүру ортасы» деп сипаттады. Парасаттылықтың нышаны ретінде мемлекет «жалпыға ортақ игілікке», «бақытты өмір сүру» мақсатына қызмет етеді. Ол мемлекетті дүрыс және бұрыс түрлерге бөлді.

Изображение слайда

Слайд 7: Аристотель мемлекетті екі топқа бөлді:

Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития; Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.

Изображение слайда

Слайд 8: Ежелгі Үндістан

Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.з.д. екі мыңыншы жылдықтағы «Веда» ескерткіштерінде кездеседі. «Веда» - «білім, кіріспе» (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай көрсетіп берген «дхармаға» - заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс.

Изображение слайда

Слайд 9: Варналар немесе касталар:

Брахмандар – дінбасылары; Кшатрийлер - әскербасылар; Вайшийлер – еркін еңбекшілер; Шудралар – құлдар, еріксіздер.

Изображение слайда

Слайд 10: Ежелгі Қытай

Ежелгі Қытай қоғамдық-саяси-әлеуметтік ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегі «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин»)

Изображение слайда

Слайд 11: Ежелгі Қытай. Лао-цзы

Анархизмнің негізін салған; Табиғат заңы адамды бақытқа кенелтеді, ал қоғам заңы бақытсыздыққа кенелтеді; Мемлекет болған күннің өзінде ол өте кішігірім болуы тиіс.

Изображение слайда

Слайд 12: Ежелгі Қытай. Конфуций

Конфуций (б.з.д. 551-479). Оның көзқарастары оның шәкірттері құрастырған «Лунь юй» («әңгімелер мен пікірлер») кітабында жинақталған. Ол «даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол – санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу» деді.

Изображение слайда

Слайд 13: Ежелгі Қытай. Конфуций

Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды – патерналистік концепциясын жасады. Мемлекет – үлкен отбасы, ал патша - әке”. Әлеуметтік теңсіздік жүйесін «қараңғы адамдар», «төменгі адамдар», «құрметті адамдар», «жоғары шенді адамдар», «лауазымды адамдар» ретінде көрсетеді.

Изображение слайда

Слайд 14: Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси-әлеуметтік идеялар

Ортағасырлардағы әлеуметтік-саяси-әлеуметтік ілімнің негізінде діни идеялар жатыр. Қайта өрлеу дәуірінде керісінше діни идеяларды теріске шығарып, қайтадан ежелгі өркениет орталықтарындағы ілімге назар аудара бастаған.

Изображение слайда

Слайд 15: Орта ғасырлар. Шығыс

Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден және байлардан ».

Изображение слайда

Слайд 16: Әл Фарабидің ойынша:

Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.

Изображение слайда

Слайд 17

Әл-Фараби қайырымды билеушіде алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы.

Изображение слайда

Слайд 18: Орта ғасырлар. Батыс

Христиандық Батыстағы саяси-әлеуметтік ілім дамытқан өкілдердің бірі: Фома Аквинский (Аквинат., 1225-1274). Еңбектері: «Теологияның жиынтығы», «Жаратқан құдайдың абыройы үшін».

Изображение слайда

Слайд 19: Ф.Аквинский

Мәңгі заңдар, табиғи заңдар және позитивті заңдар. Фоманын ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондыктан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, онын түсіндіруінше, аспанда қүдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.

Изображение слайда

Слайд 20: Қайта өрлеу кезеңі. Н.Макиавелли

Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». “Патша”, « Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренция тарихы». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс.

Изображение слайда

Слайд 21: Макиавеллидің саясаттану ғылымына қосқан үлесі төмендегідей болды

Біріншіден, ол саяси саланың әлеуметтік өмірдің басқа салаларынан (экономика, мәдениет және т.б.) тәуелсіздігін, салыстырмалы автономиясын негіздеді. Өйткені саясаттың мазмұны саяси билікпен анықталатын өзіндік логикасы бар деді. Тек қана билік саясаттанудың негізгі пәні болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 22

Екіншіден, Макиавелли саясатты ойдан шығарылған, идеалды дүние емес, әлеуметтік шындық ретінде зерттеді. Ол саясатты ойдан шығарылған және қалаулы саладан объективті және нақтылық жазықтығына ауыстырды. Саясаттану, Макиавеллидің пікірінше, фактілерді: саяси көшбасшылардың, бұқараның мінез-құлқын және олардың өзара әрекетін тікелей бақылау арқылы істің шынайы жағдайын түсінуі керек. Осылайша Макиавелли саясаттану ғылымына саяси реализм әдісін енгізді.

Изображение слайда

Слайд 23

Үшіншіден, Макиавелли «қоғам» және «мемлекет» ұғымдарының аражігін ажыратты. Ол мемлекетті қоғамды ұйымдастырудың саяси формасы ретінде қарастырды. Төртіншіден. Макиавелли саясатты моральдан бөлді (кейін зорлық пен азғындық культіне негізделген саясат «макиавеллизм» деп аталды).

Изображение слайда

Слайд 24: 3.Жаңа заман және ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік ілімдер

Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси-әлеуметтік тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, георграфиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.

Изображение слайда

Слайд 25: Жаңа заман. Жан Жак Руссо

Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.

Изображение слайда

Слайд 26: ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік ілімдер

Гаэтано Моска (1853-1941) итальян саясаттанушысы «Басқарушы тап» атты еңбегінде, қоғамның басқарушыларға және бағынушыларға бөлінетінін көрсетеді. Алғаш рет элита теориясының негізін қалайды. Халықты ұлттық және діни сезімдерге негізделген идеяларды пайдалана отырып басқаруға болады, ол халықты алдау деп элитаның негізгі қызметін сынайды.

Изображение слайда

Слайд 27: ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік ілімдер

Ханна Арендт (1906-1975) австриялық саясаттанушы. «Тоталитаризм тамыры» атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке бөледі: коммунизм, национал-социализм, фашизм. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екенін дәлелдейді.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 2- т а қ ы р ы п Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдер і: ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік ілімдер

Морис Дюверже (1917 ж туған) француз саясаттанушысы. Еңбегі: «Саясат идеясы». Саясатқа мынадай анықтама береді: «Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік». Дау-жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизанталды және вертикалды.

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено