ПЖ кестесі — презентация
logo
ПЖ кестесі
  • ПЖ кестесі
  • Металл құймалары.
  • Оқу мақсаты:
  • Тайқазан
  • Жиі қолданылатын құймалар:
  • Қоланың түрлері:
  • ПЖ кестесі
  • Тапсырма 1 «есеп шығару» кітаппен жұмыс
  • Сергіту сәті «Алтынымның ішіндегі алтыным»
  • ПЖ кестесі
  • Тапсырма 2. C әйкестендіру тесті
  • Рефлексия: «Жеңіс тұғыры»
  • Үй тапсырмасы
  • ПЖ кестесі
1/14

Первый слайд презентации: ПЖ кестесі

Изображение слайда

Слайд 2: Металл құймалары

Құймалар – қатты ерітінділер, олар металдарды немесе металл мен басқа элементтерді бірге балқытқанда түзіледі. Металдар таза күйінен гөрі құймалар күйінде көбірек қолданылады. Мысалы:қола, жез, шойын, болат т.б.

Изображение слайда

Слайд 3: Оқу мақсаты:

9.1.4.3 -құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу 9.1.4.4 -шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру 9.4.2.5 -Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Изображение слайда

Слайд 4: Тайқазан

Қ.Ахмет кесенесінің негізгі орталығы, құдіреті ол-тайқазан. Тайқазан-ішіне мың литр сұйықтық сиятын,салмағы 2 тонна, биіктігі тұғырымен бірге 2,62 метр, диаметрі 2,45 метр жеті түрлі металдан жасалған алып қазан. Құрамында алтын, күміс, қызылмыс, мырыш, темір, қорғасын, қалайы бар. Оны сол себепті қола қазан деп те атайды. Ежелгі дәстүр бойынша «қазан-жеті ырыстың бірі»деп санаған. «Тайқазан» деп аталу себебі ішіне тай етін тұтас асуға болады деген мағынаны білдіреді. Құрамы жеті дәмнен тұратын «Наурыз көже» осындай қазанда әзірленіп, жұртшылыққа таратылған. Оның мәні елдің бірлік, ниет, тілек, мерей, мереке үмітін білдірген.

Изображение слайда

Слайд 5: Жиі қолданылатын құймалар:

1. Шойын – Fe, (ω(С)>1,7 % Мn, Sі, Р, S) машиналардың қозғалмайтын бөлімдерін жасауда, болат өндіруде қолданады. 2. Болат. Болатта Fe және ω(С)<1,7 % болады, оған асылдандырушы қоспалар (Cr, Mn, Ni, W) қосылады, машина жасау мен құрылыста пайдаланылады. 3. Мельхиор – 80 % Cu, 20 % Ni – тұрмыстық және әсемдік бұйымдар жасау үшін қолданылады. 4. Жез - 50 % Cu, 10-50 % Zn, моторлар жасауда қолданылады. 5. Нихром - 60 % Ni, 40 % Cr қыздыру құралдарын жасауда қолданылады. 6. Қола- Қоланың негізі - Cu, оған әртүрлі металдар қосылған.

Изображение слайда

Слайд 6: Қоланың түрлері:

І. Қалайылы қола, (10 % Sn) ІІ. Алюминийлі қола, (11 % Al) ІІІ. Қорғасынды қола, (8-25 % Рb) Өскемен қаласында (ҮМЗ) Қазақстан Республикасының монета сарайы орналасқан, осы сарайда арнайы құймадан біздің еліміздің монеталары мен марапат медальдары жасалады.

Изображение слайда

Слайд 7

Қазақстандағы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған. Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай; Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb - Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш, Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ); Мn - Қаражал, Жезді; Сr - Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы; Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы; Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов-Сарыбай, Лисаковск; W, Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы); Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын; Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.

Изображение слайда

Слайд 8: Тапсырма 1 «есеп шығару» кітаппен жұмыс

Массасы 20 г болатты жаққанда 0.4 г көмірқышқыл газы түзілсе, ондағы көміртектің массалық үлесін есептеңдер? Дескритор: Есепті дұрыс құра алады 1 балл Есеп ті дұрыс алгоритіммен шығарады 1 балл Есепт і жауабымен сәйкес шығарады 1 балл

Изображение слайда

Слайд 9: Сергіту сәті «Алтынымның ішіндегі алтыным»

Изображение слайда

Слайд 10

750 сынамада анаңда 8 г алтын сырғасы бар. Осы сырғаның құрамында қанша грамм алтын бар? 583 сынамада 4 г сақинаның қанша грамм алтыны бар?

Изображение слайда

Слайд 11: Тапсырма 2. C әйкестендіру тесті

Kahoot платформасы арқылы Дескриптор: Сұрақтарға дұрыс жауап берді 1 балл

Изображение слайда

Слайд 12: Рефлексия: «Жеңіс тұғыры»

Көп ақпарат алдым Сұрақтарым бар Мүлдем түсінбедім

Изображение слайда

Слайд 13: Үй тапсырмасы

Болат пен шойын тақырыбында презентация жасау

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ПЖ кестесі

Назарларыңызға рахмет ! Спасибо за внимание! Thanks for attention! Сау болыңыздар ! Good bye!

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено