Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы — презентация
logo
Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Әдебиеттер тізімі:
  • Жоспар:
  • Қанайналым жүйесі
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қантамырлары
  • Артерия қантамырлары
  • Вена қантамырлары
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қанайналым шеңберлері
  • Жүрек
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Жүрек шекаралары
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
  • Қорытынды
1/21

Первый слайд презентации: Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы

Орындаған: ТФП-423 тобының студенттері Әзімхан Жадыра,Өмірбекова Әсел Қабылдаған: аға оқытушы Сарсенбаева Айман Шайменовна Қарағанды қ. 2022ж ҚР Білім және Ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті Химия факультеті «Анатомия негіздерімен барланған физиология» Тақырып:

Изображение слайда

Слайд 2: Әдебиеттер тізімі:

Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар. Биология / Жалпы редакциясын басқарған аға оқытушы А.М. Жумурбаева; құраст. - М.Қ. Смағұлова - Павлодар : «Арман» баспасы, 2003.- 316 б. ISBN 9965-636-06-0 Ааронсон, П.И., Уорд, Дж.Т., Винер, К.М., Шульман, С.П., Гилл, Дж. S. 1999. Жүрек-қан тамырлары жүйесі Блэквелл, Оксфорд. Артман, М., Бенсон, Д.В., Шривастава, Д., Джоэль Б. Стейнберг, Дж.Б., Наказава, М. 2005. Жүрек-қан тамырлары дамуы және туа біткен ақаулар: молекулалық және генетикалық механизмдер. Блэквелл, Малден.

Изображение слайда

Слайд 3: Жоспар:

Қанайналым жүйесі ; Қантамырлары ; Жүректің құрылысы ; Қорытынды.

Изображение слайда

Слайд 4: Қанайналым жүйесі

Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын (қозғалысын ) қанайналым дейді. Қанайналым жүйесіне – жүрек және қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын XV ІІ ғасырда ағылшын ғалымы У. Гарвей ашты. Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады.

Изображение слайда

Слайд 5

Қанайналымның қызметі- тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді); терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады); қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді); гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау

Изображение слайда

Слайд 6

Сүткоректілердің жүрегі өзара тек қан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын кабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Өкпеде қан көмір қышкыл газын өкпе көпіршіктеріне ( альвеолаларға ) бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін « қан айналудың кіші шеңбері » деп, ал, қан айналу жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін « үлкен қан айналу шеңбері » деп атайды

Изображение слайда

Слайд 7: Қантамырлары

Қантамырлардың үш түрі бар: Күретамырлар, көктамырлар және қылтамырлар. Артериялардың қабықтары : 1. Ішкі (интима) Эндотелиоциттер және субэндотелий қабаты 2. Орташа ( бұлшық ет ) Тегіс бұлшықет тіні. 3-70 жасуша қабаттары 3. Сыртқы ( адвентициалды ) Дәнекер тін. Құрамында тамырлар ( vasa vasorum ) және нервтер ( nervi vasorum ).

Изображение слайда

Слайд 8: Артерия қантамырлары

(грекше « arter і a» – қантамыр) – қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын – өкпеартериясының ішінде вена қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты – бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты– жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Артерия қантамырларының қабырғасы қалың, серпінді. Олардың сыртқы қабаты мықтылық, серпінділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпінді талшықтар мен бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Бұлшықеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша мықтылық қасиет береді. Артерия қантамырларымен ағатын қанның қысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпінді болуының маңызы өте зор. Артерия қантамырлары бұлшықеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі артерия қантамыры – қолқа (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын артерия қантамырлары тармақтанып, жіңішке капиллярларға айналады.

Изображение слайда

Слайд 9: Вена қантамырлары

(латынша « vena» - қантамыр, сіңір) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан канды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпімділігі аз болады. Вена қантамырларының бір тобы терінің астына жақын орналаскандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан козғалысы вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді.

Изображение слайда

Слайд 10

көктамырлар орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Көктамырлар канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын көктамыр қаны, алдымен ұсақ көктамырларға жиналады. Ұсақ көктамырлар өзара қосылып, ірі көктамырлар түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын көктамырлар жоғары және төменгі қуысты көктамырларға айналады. Бұл екі көктамырлар көктамыр қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі. Өкпеден келетін 4 өкпе көктамырлар сол жақ жүрекшеге күретамыр қанын тасиды. көктамырларының ерекшелігі - ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.

Изображение слайда

Слайд 11: Қанайналым шеңберлері

Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол жақтағы қарыншасынан қолқа болып басталады. Артерия қан тамырлары денеге қанды тарқатады. Вена қан тамыры қанды денеден жинап жоғары және төменгі қуыс вена болып, оң жақтағы жүрекшеге құяды. Сол қарыншадан қолқа болып басталып, оң жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуыс веналар түрінде құятын қан айналуының тұйық жүйесін “үлкен қан айналым шеңбері” деп атайды. “Кіші қан айналым шеңбері” оң қарыншадан өкпе сабауы түрінде басталады. Өкпе сабауы екі өкпе артериясы түрінде өкпенің қақпасы арқылы кіреді. Өкпе артериялары, артериолаларға одан капилярларға тармақталып, оттегіге байып, екі өкпеден қанды жинап, екі өкпеден төрт вена қан тамырлары шығып, қанды жүректің сол жүрекшесіне құяды. Жүрек пен өкпенің арасындағы қан айналу жүйесі “кіші қан айналым шеңбері”деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 12: Жүрек

Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде ( буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда ) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан.

Изображение слайда

Слайд 13

Жүрек ( сердце,со r) – ырғақты жиырылып босаңсуы нәтижесінде қанды венадан тартып алып, артерия қан тамырына айдайтын бұлшық етті тақ мүше. Жүректің пішіні конусқа ұқсайды. Конустың ұшы төменге солға-алға, табаны жоғары-артқа оңға қараған. Жүректің негізі (основание сердце, basis cordis ) кеуденің ортлық сызығынан 8-9 см сол жақта, V- ші қабырға аралығына дейін жетеді. Жүрекке орта есеппен 250-300 см3 көлемде қан сыяды. Жүректің салмағы ер адамдарда – 300 г, ал әйелдерде – 250 г, орташа ұзындығы – 13 см, ені 10,5 см, қалыңдығы – 7 см. Жүрек вена қан тамырларынан қанды сорып алып, артерия қан тамырларына айдуы, оның жүрекшелері мен қарыншаларының ырғақты түрде рет-ретімен жиырылып, босаңсуы нәтижесінде пайда болады. Жүректің жиырылу кезеңі систола, босаңсуы диастола деп аталады. Дені сау адамның жүрегі 1 минутта 60 – 90 рет жиырылып босаңсиды. Жүректің систоласы мен диастолаының және оның керісінше алмасып отыруы жүрек қызметінің циклі деп аталады. Жүректің бір циклінің ұзақтығы 0,8 сек. және үш фазадан тұрады :

Изображение слайда

Слайд 14: Жүрек шекаралары

1.Жүрек ұшы-сол ортаңғы бүғанааралық сызықтан 1,5-2см медиальды, V қабырға аралықта. 2.Жоғарғы шекарасы (негізі)- III жұп қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегі. 3.Сол жақ шекара- жоғарыдан төмен доға тәрізді сызықпен III сол қабырға шеміршегінен басталып, жүрек ұшына дейін. 4.Оң жақ шекара- жоғарыдан төмен III оң қабырға шеміршегінен төс сүйегінің оң жақ жиегімен IV оң қабырғааралыққа дейін. 5.Төменгі шекарасы-оңнан солға қарай қиғаш IV оң жақ қабырға аралықтан жүрек ұшына дейін.

Изображение слайда

Слайд 15

Оң жақ жүрекше – артында кеңейген, алдында тарылған. Жоғарғы артында жоғарғы қуыс вена төменгі жағынан төменгі қуыс вена( v. cava inferior) құйылады. Жүректің алдына қарай шыққан қуыс өсінді оң құлақшаға жағасады. Оң және сол құлақша қолқаның негізін, өкпе сабауын қоршап тұрады. Оң жүрекше мен қарыншаның арасында тесік бар. Тесікті үш жақтаулы қақпақша жауып тұрады. Қақпашаның жармаларының орналасуына байланысты алдыңғы ( cuspus anterior), артқы ( c.posterior ) және аралық ( c.septalis ) болып бөлінеді. Олар эндокардтың тығыз дәнекер талшықты тінінен пайда болған қатпарлар. Қақпаша қанды жүрекшеден қарыншаға өткізіп, оны кері ағудан сақтайды.

Изображение слайда

Слайд 16

Оң қарынша - сол қарыншадан ет пердесімен бөлінген. Оның қуысы екі бөліктен тұрады. 1. Артқы қарынша бюстығы. 2. Артерия түтігі. Оң қарыншаның артерия түтігі бөлігінде ет трабекулалары бар. Артерия ішкі бетінде үш бұлшық ет өсіндісі – емізік бұлшық еттері орналасқан. Олардан жармаы қақпашаларға сіңір талшықтары тартылған. Қан оң қарыншадан өкпе сабауының тесігі ( ostium trunci pulmonalis ) арқылы өтеді. Оң қарынша мен өкпе сабауының арасындағы тесікті жарты ай тәрізді қақпаша ( valvula semilunaris dextra ) жауып, қанды кері ағудан сақтайды.

Изображение слайда

Слайд 17

Сол жүрекше - оң жүрекшеге ұқсас арты кеңейген, алды тарылған. Кеңейген бөлігіне төрт өкпе венсы құяды. Бұл веналар арқылы жүрекке артерия қаны құйылады. Жүрекше қарынша тесігі арқылы қан жүрекшеден қарыншаға өтеді. Сол жүрекше мен сол қарыншаның арасындағы тесікті екі жармалы ( vaiva atrioventricularis sinistra, mitralis ) жауып тұрады. Сол қарынша - ішкі қабырғасында екі емізікше бұлшық ет, сіңір талшықтары бар қуыс. Қуыстың алдыңғы, жоғарғы бөлігінен қолқа тесігі ашылады. Қолқа тесігін жарты ай тәріздес қақпашалар жауып тұрады. Сол жақтағы жүрекше мен қақпашадан өкпе оттегіге байыған артерия қаны ағады. Сол қарыншадан қолқа басталады.

Изображение слайда

Слайд 18

«Ой түйіндеу » Тест сұрақтары : 1.Қанның құрамына қандай жасушалар кіреді ? а) эритроциттер, лейкоциттер ; ә) нейрондар ; б) дендрит; в) остеоциттер ; 2.Қандай қан вена қаны деп аталады ? а) глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан ; ә) мочевинаға қаныққан қан ; б) оттекке қаныққан қан ; в) көміртекке қаныққан қан ; 3.Қандай қан артерия қаны деп аталады ? а) глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан ; ә) мочевинаға қаныққан қан ; б) оттекке қаныққан қан ; в) көміртекке қаныққан қан 4.Адамның жүрегі неше бөлімді ? а) 3 ә) 4 б) 2 в) 6 5.Жүрек қабырғасының қабаттары : а) эпикард, миокард, эндокард; ә) эпикард, эндокард; б) миокард, эндакард ; в) эпикард,миокард ; 6. Жүректі зерттейтін ғылым : а) цитология б) кардиология ә) биология в) ортопедия

Изображение слайда

Слайд 19

Изображение слайда

Слайд 20

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қан айналым жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы: Қорытынды

Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено