Первый слайд презентации: Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну
Слайд 2
Мақсаты: Сабақтың мақсаттары: 1)Білімділік: SMART мақсат - Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну, бухгалтерлік баланс, капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру, шоттар корреспонденцияларын құру және басқа пәндерді оқып үйренудің негізін қамтамасыз ету. 2)Тәрбиелік: – таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын ояту, өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, білім алуға ынтасын арттыру тәжірибелік әрекет етуге, дүниеге эстетикалық көзқараспен қарауға дайындау. 3)Дамытушылық: – еске сақтау, сөйлеу мәнерін, ойлау, қабылдай алушылықты, пәнге деген қызығушылықты дамыту, проблемаларды байқау және оның шешілу жолдарын табу. Пәнаралық байланыс: Экономикалық теория, АҚН (ақша, қаржы, несие)
Слайд 3: Жоспар:
1.Қаржылық есептіліктің нысаны мен құрылымы: Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру, капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру. 2. Түсіндірме жазба мәні. 3. Қаржылық есептілікті жасауға қойылатын талаптар 4. Қаржылық есепті ұсыну
Слайд 4
II. Ассоциограмма әдісі Сабақты бастамас бұрын, тақырып бойынша ассоциограмма құру, өз білгендеріңізді қағаз бетіне түсіреді.
Слайд 6
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ 1 2 3 Бухгалтерлiк баланс Пайда мен залалдар туралы есеп Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп - Бухгалтерлік баланс субъектілердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтерін, міндеттемелері мен капиталын білдіреді. - Пайда мен залал туралы есеп субъектінің кезеңдегі кірістері мен шығыстары. - -Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп өзіне ақша құралдарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен өзгерістерге бөліп, субъектінің кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды.
Слайд 7
4 5 Капиталдағы өзгерiстер туралы есеп Түсіндірме жазба - Капиталдағы өзгерістер туралы есеп кезеңдегі пайда немесе залалды, кезеңде капиталдың құрамында танылған кірістер мен шығыстардың баптарын, кезеңдегі есеп саясатындағы қателерді түзету мен өзгерістердің әсері, және есеп форматына байланысты субъект ұстанатын капиталдағы өзгерістер туралы есепті – субъект капиталының иелері жүргізген соманы және оларға кезеңде төленген дивидендтер мен өзге де бөлулердің сомасын қамтиды; - Қаржылық есептерге ескертпелер тікелей қаржылық есептерде берілетін ақпаратқа қосымша ақпаратты қамтиды. Ескертпелерде осы есептерде ұсынылған баптарды баяндау сипаты мен осы есептерде танылуға жататын баптар туралы ақпарат қамтылады.
Слайд 8
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ: Бастапқы құны Ағымдағы немесе әділетті құн Қалдық құны Нарықтық құн Келтірілген құн Сату құны
Слайд 9
Қаржылық есеп элементтерін мойындау, тану – мойндаудың мынандай критерийлерін қанағаттандыратын және элементті айқындауға сәйкес келетін баптың нәтижелері туралы есепке немесе бухгалтерлік балансқа кіргізу процесі: 1) бапқа байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы субъект алады немесе жоғалтады деген ықтималдық бар; 2) объектінің сенімді өлшенетін құны немесе бағасы бар. Қаржылық есеп элементтерін бағалау – ақшалай соманы анықтау тәсілі, ол бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылық есептерде мойындалады және мыналар бойынша бағаланады: - бастапқы бағасымен. Активтер оларды сатып алған кезде қол жеткен тараптардың келісімі мен белгілеген ағымдағы құны бойынша немесе төленген ақшалай қаражат сомасында; міндеттемелдер – міндеттемеге айырбасталып немесе кей жағдайлардағы белгілі бір шарттармен алынған түсім сомасы бойынша жағдайлардың қалыпты тоғысуы кезінде міндеттемелерді орындау үшін төленетін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі. - ағымдық құнымен. Активтер есепте сол немесе соған ұқсас актив енді ғана сатып алынған жағдайда төленуге тиісті ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі, міндеттемелер оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражаттың дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі;
Слайд 10
- өткізудің ықтимал құнымен. Активтер сатудан алынуы мүмкін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер – оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражат; - дисконтталған құн. Активтер субъектінің қалыпты қызметі барысында активтерді генеризациялауға тиісті ақшалай қаражат болашақ түсімнің дисконтталған құны болып танылатын ағымдағы құны бойынша; - баланстық құнымен. Активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік баланста көрсетілетін құны. Қаржылық есеп берушілік түрлеріне: ақшалардың қозғалысы туралы есеп, табыстар мен шығындар туралы есеп, меншікті капитал құрамындағы өзгерістер туралы есеп, бухгалтерлік баланс кіреді.
Слайд 11
Бухгалтерлік баланс Бухгалтерлік баланс — кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс. Баланс Бас кітапта не «Бас кітап» машина жазбасында көрсетілген шоттар бойынша толтырылған қалдықтар негізінде жасалады. Баланс екі бөлімнен тұрады : актив және пассив. Активте айналым қаражатының және айналымнан тыс активтердің синтетикалық шоттары бойынша толтырылған қалдықтарды ; пассивте міндеттемелер мен меншікті капиталды көрсетеді. Сонымен қатар, баланста баланстан тыс шоттарда есепке алынатын қолда бар құндылықтар туралы анықтама келтіріледі. Анықтама баланстан тыс шоттар бойынша жүргізілетін есеп жүйесінің деректері бойынша жасалады. Есепті жылдың аяғында баланс баптарының деректері белгіленген тәртіп бойынша жүргізілген түгендеу арқылы расталуға тиіс.
Слайд 12
Пайда мен зияндар туралы есеп Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру – шаруашылық қызметтен түскен пайда мен зиянға қамтылуы тиіс есептік бағалаудағы өзгерістер. Сыртқы пайдаланушылар үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қысқа формада жасалады. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру есептеу жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан ағымдағы қызметтің ақша құралдарына және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Кірістер мен шығыстар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі. ұйымның кірістері негізі қызмет және негізгі емес қызмет нәтижелерінде пайда болуы мүмкін. Негізгі қызметтен түскен кіріс – дайын өнімдерді өткізуден қосымша құн салығын, акциздерді және басқа салық түрлерін, міндетті төлемдерді және қайтарылған тауарлар сомасын, сатудағы жеңілдіктер сомасын, бағадағы жеңілдіктер сомасын шегеріп тастағандағы ақша сомасы немесе құралдар. Негізгі емес қызметтен түскен кіріс – бұл айналымнан тыс активтерді өткізу, құнды қағаздарды асыра бағалау және т.б.
Слайд 13
Ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есеп Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, ұйымның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы ұйымның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, ұйымның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі ұйымдардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді. «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі: - негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері; - инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері; - қаржыландыру жөніндегі қызмет.
Слайд 14
Капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп Капиталдағы өзгерістер туралы есеп беруұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған: Осн + По – Ио = Оск, Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары; По – капиталдың көбеюі ( есеп беру кезеңінде түскен ); Ио – капиталдың кемуі ( есеп беру кезеңінде жұмсалған ); Оск - есеп беру кезеңінің со ңын дағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары.
Слайд 16
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Есеп беру дегеніміз не? 2. Қаржылық есеп берудің қандай нысандары бар? 3. Ақшаның қозғалысы туралы есепті қандай әдістер негізінде жүргізуге болады? 4. Баланстың құрылымын айтыңыз. 5. Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есепте не көрсетіледі? 6. Қаржылық есеп берудің қандай элементтері бар? 7. Табыстар мен шығыстар туралы есеп қалай жасалады?
Слайд 17
Субъектінің міндеттемелері мен капиталында активтер жөнінде төмендегі мәліметтер бар: Негізгі құралдар 17 000, 0 мың теңге Материалдық емес активтер 89, 0 мың теңге Құылтайшылардың салымдары (өзіндік капитал) 1 100, 0 мың теңге Жылжымайтын мүлік инвестициялары 5 800, 0 мың теңге Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек 15 000, 0 мың теңге Салық бойынша кредиторлық берешек 568, 0 мың теңге Кассадағы ақша қаражаты 782, 0 мың теңге Кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы 7003, 0 мың теңге Тапсырма: Көрсеткіштердің жойылу принципі бойынша шоттардың тобын анықтап, жігін ажыратып, кестеге жазыңыз
Слайд 18
Активтер Пассивтер шоттар тобы шоттардың аты Сома ( мың т. ) шоттар тобы шоттардың аты Сома ( мың т. ) ЖИЫНЫ ЖИЫНЫ
№ Өткізу сатылары Тақырып бойынша Толтыру! 1 Ағымдағы мағынасын анықтау Мәселе бойынша ақпарат 2 Максималды нақты маңыздылығын анықтау Ауқымды мақсатқа сәйкес келуі 3 Тақырып құрылымының дамуын болжау Дұрыс шешім қабылдаудың тиімділігі 4 Жоспар құрылымы Мәселелерді жою бойынша өткізілетін шаралардың ұйымдастырылуы 5 Есептілік Қорытынды