Слайд 2: І - Кіріспе
Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам ждәне адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық – зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып бөлінеді. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып- соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмастық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән- жайлар болып табылады. адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал ата заңнан басқа балалардың құқығын қорғайтын заң бар ма? Әрине бар. 1989 жылдың 20- қарашасында Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе жөнінді, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір- бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлайық. (қатысушылар дөңгеленіп тұрып, хормен айтады, қол беріп, бір-бірімен амандасады.) Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық Бір жадырап қалайық.
Слайд 3
Зорлық – зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балны тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқытарының сақталуы жолында аянбай еңбек етуі керек. Балалардың өмір сапасын жақсарту- ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек.
Слайд 4
б) Білімді ұрпақ – ел ертеңі. (Сұрақ – жауап айдары.) 1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? 2. Құқықтың қандай түрлері бар? 3.Адамның негізгі құқығы. 4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? 5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы. 6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? ) 7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды? 8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады. 9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды.
Слайд 5
б) Білімді ұрпақ – ел ертеңі. (Сұрақ – жауап айдары.) 1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? (Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара) 2. Құқықтың қандай түрлері бар? (Жеке (азаматтық), саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәденит.б) 3.Адамның негізгі құқығы. (Өз құқықтарын дұрыс пайдалану құқығы) 4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық) 5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы. (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.) 6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14жастан) 7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20- қараша) 8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады. (10 тарау, 53 бап) 9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды. (1948 ж 10- желтоқсан)
Слайд 6: Тәртіп орнат айдары
1. Құқық А- Еліміздің негізгі заңы 2. Конституция Б. – Мемлекет басшысы 3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым. 4. Азамат – Г – Тәуелсіздік 5. Құқық бұзушылық Д – заңдар жүйесі. 6. Президент Е - Заң шы ғарушы орган 7. Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу 8. Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны
Слайд 7: Тәртіп орнат айдары
1. Құқық А- Еліміздің негізгі заңы 2. Конституция Б. – Мемлекет басшысы 3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым. 4. Азамат – Г – Тәуелсіздік 5. Құқық бұзушылық Д – заңдар жүйесі. 6. Президент Е - Заң шы ғарушы орган 7. Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу 8. Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны (1-д, 2-а, 3-в, 4- з, 5-ж, 6-б, 7-е, 8-г)
Слайд 8: Сандар сыры айдары
1-Маусым – 20- қараша - 10- желтоқсан - 10- желтоқсан 1948 жылы - 1979- жылы – 20- қараша 1989- жылы - 8- маусым 1994- жылы - 30- тамыз 1995 жылы -
Слайд 9: Сандар сыры айдары
(қатысушылар бір - біріне сұрақтар қояды. ) 1-Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. 20- қараша - Дүниежүзілік балалар күні. 10- желтоқсан - адам құқығы күні. 10- желтоқсан 1948 жылы - Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады. 1979- жылы – Балалардың халықаралық жылы өтті. 20- қараша 1989- жылы - БҰҰ- да Бала Құқықтары туралы конвенция қабылданды. 8- маусым 1994- жылы - Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті. 30- тамыз 1995 жылы - Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.
Слайд 10
Сонымен, БҰҰ – ның Бала құқықтары туралы конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8- маусымында бекіткен
Слайд 11: Қорытынды бөлім. Бала құқықтары туралы Конвенциядан
Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. Әрбір бала өз отбасында, ата - анасымен бірге өмір сүруге құқылы. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы Әрбір баланың ой- пікір, ар- ождан және дін еркіндігіне құқығы бар. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. Мұғалім: Құрметті бүгінгі конференцияға қатысушылар бүгінгі «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты жұмысымызды былай қорытындылағым келеді. Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып алып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүретінді жаны сүйетін. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенінде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді. Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз ?
Слайд 12: Қатысушылар:
1. Мен былай дегім келеді. Әлемнің бір адамы ретінде Ақ жүрегіммен сөз беремін. Өзіме, жанымдағыларға …………………….. Күннің шуағын сыйлаймын Гүлдің нәзіктігін сыйлаймын Қараңғыны нұрландырамын Суықты жылытамын Жүрегім махаббат пен мейірімге бөленед Әрқашан жақсылық жасауға тырысамын Келер күннің шұғылалы боаларына сенемін.