Первый слайд презентации: Қазақ хандығына 550 жыл
Орындаған: Далабаева Жупар, Аударма және филология факультеті, 1-курс студенті Ғылыми жетекшісі: а.і.м., аға оқытушы Читебаева С.Ж.
Слайд 3: Жоспар:
1.Кіріспе. 2.Мақсаты. 3.Негізгі бөлім. 3.1.Қазақ хандары. 3.2.Қазақ хандығының кезеңдері. 4.Қорытынды. 5.Қолданылған әдебиеттер. Жоспар:
Слайд 4: Кіріспе :
« Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз ». Мемлекет басшысы Астана қаласы активімен 22 қазандағы кездесуінде осылай деп күллі қазақ баласын қуантты. Яғни 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы Республика деңгейінде тойланатын болды. Кіріспе :
Слайд 5: Мақсаты :
Мемлекет құрылуының мерейтой шарасына азаматтық,патриоттық сезімдерін арттыру және қазақстандық мемлекеттікті арттыруға үлес қосу, ат салысу. Қазақ хандығының бетке ұстар хандарының кезіндегі елдің гүлденуіне қосқан үлестерін айқындау. Мақсаты :
Слайд 6: Қазақ хандары :
Керей хан 1456-1473 жылдар аралығында 10 жылдай Шу бойында хандық құрған. Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы. Керей ханның билігі тұсында : « К өшпелі өзбектер » елінің күйреу процесі тереңдей түседі ; Әбілқайыр ханға наразылардың бәрі Қазақ хандығына келе бастайды, сөйтіп хандық халқы тез көбейеді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәліметі бойынша 1470 жылға дейін хандық халқы 200 мыңға дейін жеткен. Қазақ хандары : Керей (1456-1473)
Слайд 8
Жәнібектің шын есімі — Әбу Сайд. Ол — Ақ Орданың соңғы ханы, атакты Барақ ханның Мір -Сайд, Мір-Қасым атты ұлдарынан кейінгі кіші ұлы. Жәнібек ханның билігі 1473-1480 жылдар аралығында 6-7 жылға созылады. Оның тұсында хандық тарихында үлкен маңызға ие бірнеше оқиға болады : 1469 жылғы Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жасаған жорығы сәтсіз аталып, ханның қайтыс болуымен аяқталады. Бұл жағдай « көшпелі өзбектер » мемлекетінің толық күйреуінің басталуына алып келді. Дешті Қыпшақта шибанилык әулет билігі аяқталды. Шибанилар әулетінің билігінің аяқталуына септігін тигізгендердің ішінде Сібір хандығы, ноғай мырзалары, Алтын Орда хандығы, Хорезм хандығы және Жәнібек хан басқарған Қазақ хандығы болды. Жәнібек ( 1473-1480)
Слайд 9
Бұрындық хан — Керей ханның үш ұлының үлкені. 1480-1511 жылдар аралығында билік құрған. Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады : Қазақ хандығы құрылуының соңғы кезеңіндегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1471 жылдарда болған ; 1473-74 жылдардан XV ғасырдың 90- шы жылдарының ортасына дейінгі, яғни Қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі ; XV ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі жатады. Бұрындық (1480-1511)
Слайд 10
Қасым хан 1511-1518 жылдар аралығында билік құрған. Қасым ханның басты мақсаты : Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу. Ол бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қырғыздарға билігі жүрген жоқ. Қазақ хандығындағы халық саны 1 млн.-ға жетті. Алғаш рет орыс мемлекетімен, III Иван тұсында дипломатиялық қатынас орнатылды. Ол << Қасым ханның қасқа жолы >> атты, алғаш рет әдеп- ғұрыптар бір жүйеге келтірілген заңдар жинағын шығарды. Заң арқылы бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты. Қасым (1511-1518)
Слайд 11
XV-XVI ғасырдағы Қазақ хандарының жеке тарихи тұлғасы толық түрде арнайы зерттелмеген. Олар : Мамаш, Тақыр, Бұйдаш, Қожа Ахмет, Тоғым хандар. Аталған бұл бес хан – 1521-1538 жылдары, яғни Қазақ хандығының « уақытша әлсіреу » кезеңінде билік етті. Мамаш (1518-1523) Тақыр (1523-1533) Бұйдаш (1533-1534) Қожа Ахмет (1534-1535) Тоғым (1535-1537) Тақыр (1523-1533)
Слайд 14
Есім хан (1598-1628) Есім хан саясатының ерекшелігі: Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды. Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды. Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы- егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді. Бұхар ханымен бітімге келіп, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығының әскери қуатын арттыруға көңіл бөлді. Сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді. Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыруды басты мақсат етті. << Есім ханың ескі жолы >> атты әдет- ғұрып ережелері жинағын шығарды.
Слайд 15
Хандық дәуірдегі қазақ хандарының өкілі ретінде Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнайды. Оның атақ - даңқы сұлтан кезінде-ақ танымал болып, 1643 жылы – Орбұлақ шайқасында жоңғарлармен күресте ірі жеңіске қол жеткізеді. Хан тағын иеленгеннен кейін Жәңгір хан мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынастар орнатады. Жоңғарлармен күресте Мауереннахрдағы А штарханилық әулет өкілдерімен, Шығыс Түркістандағы шағатайлық әулетпен саяси одақ құрып, оны туысқандық байланыстармен нығайтады. Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінде нағыз ерлерше қан майданда қаза табады. Ал оның сүйегі қазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанына жерленеді. Салқам Жәңгір (1628(1645)-1652(1680))
Слайд 16
Тәуке хан билігінің ерекшелігі : Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды. Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп тыныштық орнады. << Жеті жарғы >> заңын жасады. Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді : қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері. Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі үлкен рөл атқарды. << Билер кеңесі >> жергілікті атқарушы өкіметке айналды. Орта Азиямен сауданы дамытты.(1687-1688 ж.) Тәуке (1680-1715)
Слайд 18
Қазақ хандығының құрылуы белгілі бір дәрежеде тарихи процестердің заңды қорытындысы болғандықтан оның тарихи алғы шарттары болады.Тарихи алғышарттардың өзін іштей жіктейтін болсақ,ол мынадай факторлардан тұрады : 1.Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғы шарттары 2.Қазақ хандығының құрылуының діни-рухани алғы шарттары. 3.Қазақ хандығының құрылуындағы моңғолдық фактор немесе мемлекеттіліктің дамуының әсері. 4.Қазақ хандығының құрылуына тікелей әсер еткен саяси оқиғалар.
Слайд 19
Қазақ хандығының құрылу барысы 10 жылдан астам уақытқа созылып, бірнеше кезеңнен тұрған : Бірінші кезеңге – 1457 жылдың күзінің соңы немесе қысының басы мен 1458 жылдың көктемі аралығын қамтиды. Екінші кезеңге – Жүніс ханға қатысты оқиғалар жатады. Үшінші кезеңге – 1461/62-1469/70 жылдар аралығы жатады.
Слайд 20: Қорытынды :
Қазақ хандығы Х V ғасырда этникалық мәнде құрылған. Сол кезеңдегі жазылған Қазақстан деген термин « Бадай ал- вакай » деген деректе тұңғыш рет XVI ғасырда кездеседі. Х V І ғасырдың соңына қарай Ұлы Орыс империясы біріге бастап, біртұтас мемлекетке айнала бастаған кезеңі Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңімен тұспа-тұс келді. Екі мемлекеттің де бірігу процесі бір уақытта аяқталып, тарих сахнасына шығады. Алайда, 3,5 ғасырдан кейін Қазақ хандығы Ресей империясының отарына айналғаны белгілі. Бүгінгі таңда тарихымызға терең бойлап, мемлекетіміздің біртұтастығын сақтап қалуымыз үшін Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеумен қатар, оны халық арасында жоғары деңгейде насихаттау қажет.
Последний слайд презентации: Қазақ хандығына 550 жыл: Қолданылған әдебиеттер :
http://kaztar.kaznu.kz/3/main/nodes/3 Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық – тест. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2009, 79-86 б.б. Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI века. А., «Наука», 1985, 91-93 б.б. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней) В пяти томах. Том 2. А., Атамұра,1997, 415 б. Досмұхамедұлы Х. Аламан. 41 б. Тарих -и Шах Махмуд бен Мирза Фазил Чорас. Мына жинақта : МИКХ., 385 б. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней) В пяти томах. Том 2. А., Атамұра,1997, История Казахстана (с древнейших времен до наших дней) В пяти томах. Том 2. А., Атамұра,1997, 420 б.