Первый слайд презентации: Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Дайындаған: Мажитова Л.А. Тексерген: Рахимжанова С.К
Слайд 2: Жоспар
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы Қазақ халқының дәстүрлері, рәсімдері, салттары Қазақ халқының мифтерімен аңыздары Ұлттық музей-қорық жобалары
Слайд 3: Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы
Қазақ атауына қатысты пікірлер XVIII ғасырдан бері зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ. Қазіргі уақытта «қазақ» этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. «Қазақ» деген сөз «қаз» және «ақ» деген сөздерден шыққан десе, кейбір зерттеулерде «қазақ» атауы «қас» ( хас ) - нағыз және «сақ» - көне замандағы сақтар атауынан құралған деп қарастырады. Қазақ мәдениетін, дәстүрін зерттеуші ғалымдардың еңбегінде қазақ мәдениетінің, дәстүрінің қалыптасқан уақытын XV ғасыр деп тұжырымдайды. Ал, тарихи деректерге сүйенсек IV-V ғасырдағы сақ дәуірінен бастау алды дейді.
Слайд 4
Ұлы жүз Төле би Кіші жүз Әйтеке би Орта жүз Қазыбек би Қазақ үш жүзден тұрады Қазақ мәдениетінің қалыптасуында, халқымыздың өлең-жырлары, айтыс өнері, жыраулар поэзиясы, би-шешендеріміздің ой- толғаулары ерекше ықпал
Слайд 5
Қазақ мәдениетінің қалыптасуында, халқымыздың өлең-жырлары, айтыс өнері, жыраулар поэзиясы, би-шешендеріміздің ой- толғаулары ерекше ықпал. Ақын-жырауларымыз, би-шешендеріміз, жыраулар поэзиясында Отанды, халықты сүю, елдің береке-бірлігін сақтау, әділетті жақтау, жамандық-пасықтыққа қарсы тұру сияқты адамгершілік дәріптеліп отырды, сонымен қатар, халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады. Халық басына келген қайғыға да, ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды.
Слайд 6
Қазақ мәдениетінің қалыптасуына айрықша ықпал еткен Қазақтың әйгілі ақын-жыраулары Бұқар жырау (1693-1787) Асан Сабитұлы (15ғасыр) Шалкиіз жырау ( 1465-1560) Доспанбет жырау (1490-1523) Сыпра жырау Үмбетей жырау (1706-1778)
Слайд 7
Қазақ мәдениетін айтқанда ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр айтыс өнерінің ел өміріндегі орны айрықша. Айтыс халық арасынан шығып топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Ертеде айтыс өнері синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Көбіне айтыс өнерінде лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Айтыс өнері халықтың өміріне ерекше ықпал еткен, сондықтан бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, халық арасында арнасы кең мол салаға айналған. Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық мәдениетін айшықтайтын дәстүрдің бір түр
Слайд 8
Қазақ халқының өмірінде ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Қазақ халқының тұрмыстық өмірінде айтыстың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі бабаларымыздың өмір сүру болмысынан алынған айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әртүрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Айтыс өнерінде жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады.
Слайд 9: Би –шешендердің өмір сүру кезеңдеріне байланысты шешендік өнерді халық ауыз әдебиетінде төрт топқа бөліп қарастырады
1. ХІІ-ХІІІ ғасыр ( Майқы би, Аяз би ), ХІІ-ХІІІ ғасыр қазақ халқы үшін шешендік өнердің бастау алуы болып табылады. Халық дүнетанымында «Түмен сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би » деген сөз қалған кезең еді. 2. ХІ V-XVI ғасыр ( Жиренше шешен мен Асан қайғы заманы ). Бұл екі тұлғаны әр қазақ азаматы біледі. Жерұйықты аңсаған Асан қайғы және өнеге мен өмірлік ұстанымға толы кезеңі еді. Жиренше шешеннің сөздері тарихта мәңгі қалмақ. Бұл кезеңдер Қазақ мемлекетінің нығаюы мен гүлденуіне себепкер болған, осы бір жезтаңдай, батыр шешендеріміз болған екендігін айғақтатады. 3. Х VII-XVII І ғасырлар бұл уақыт қазағымыздың төбе билері Ұлы жүз биі -Төле би, орта жүз биі – Қазыбек би және кіші жүз биі – Әйтеке би өмір сүрген замандар. Жоғарыда ел құрасқандар дәуірі болса, бұл - ел қорғасқандардың болғаны анық. 4. XVIII-XIX ғасырлар хандар мен болыстарға қарсы шешендердің дәуірі. Бұл кезеңдер елді әділетсіздік жаулаған кездер болды
Слайд 10
Қазақ мәдениетінің қалыптасуына өзіндік ықпал еткен, аты аңызға айналған, тарихта есімдері қалған сан мыңдаған батырлар бар. Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектен бастау алған батырлық үрдісі өз жалғасын тауып ұрпақтан ұрпаққа тарады және қазақ жерінің бір сүйемі де осы батырларының арқасында жаудың қолында кетпеді. Ел аузында жүрген, жыраулардың жыр-дастаны арқылы бүгінгі күнге дейін жеткен « Алпамыс », «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Ер Қосай », «Ер Көкше », «Ер Сайын », «Ер Тарғын», «Күлтегін», «Қырымның қырық батырынан » бастап өткен ғасырда өмір сүрген жыр алыбы Жамбылдың «Сұраншы батыр», « Өтеген батыр », дастандары батырлар жайында айтылған. Жазылған көркем мұраларды дүниеге келтірген, арқауы үзілмеген тұтас шығармашылық кезеңдердің барлығы халықтың нанымындағы батырдың тұлғасын бейнелейді.
Слайд 11
Қазақ мәдениетінің қалыптасуын ерекше ықпал еткен ұлттық салт дәстүр.Дәстүр еліміздің, халқымыздың тұрмыс тіршілігімен тарихымен өмір сүру болмысымен, құндылықтары болды. Дәстүр ұрпақтың сынынан, бірнеше ұрпақтың ақыл-ой елегінен өтіп барып қалыптасты.Дәстүр ұлт тәрбиелеуде ерекше ықпал етті. Қазақтың қандайда бір дәстүрін алсақ ел иелігінен қызмет көрсеткен. Мысалы: адамның өмірге келуі, оған ат қою, бесіктен белі шыққан соң тұсауын кесуі, болашақ нәрестенің игілігіне жасалған нәрселер. Қазақ халқының тұрмысында айрықша орын алған дәстүрлердің бірі бата беру. Бата жақсы тілек білдіру, адал ниетті көрсету жолдарының бірі болып танылған. Үлкен адамдар үнемі өмірінде кездесетін қуанышты жағдайларда немесе алыс жолға сапарға аттанарда адамдарға бата берген. Халық даналығында «батамен ер көгерер» деген сөз тегін айтылмаса керек.Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар, сол күш адамдарға демеу болып, өмірлік игілікті істерге қол созуға көмектескен, жолы ашылған.
Слайд 12: Қазақ халқының мифтері мен аңыздары
Миф ғылыми зерттеулерде қиял, сағым, аңыз ұғымдарымен байланыстырады. Қазақ халқының мифтік дүниетанымының адамзат мәдениетінің дамуына ықпал етті. Құс пен жануарлар тілін адам тіршілігіне көшіріп, адам дүниені меңгеруді мифтік ілімнің ықпалы зор болды. Мифтік көзқарастарды қазақмәдениетінде көбіне эпостарда, батырлар жырларында, аңыз-әңгімелерде жиі кездестіреміз. Қазақ мәдениетінің қалыптасуында эпостардың алатын орны айрықша. Эпос-әдебиеттің бір түрі, халық өмірінің тұтас бейнесін қамтитын және үйлесімді бірлікте бейнелейтін өткен туралы қаһармандықты баяндады. Қазақ эпосы-ауызша шығармашылықтың негізгі жанрларының бірі. Ол ежелгі дәуірден басталады. Орхон-Енисей ескерткіштерінде, сондай-ақ археологтар қазба жұмыстары кезінде тапқан қабір эпитафтарында батырлар мен ата-бабалардың құндылықтары мәңгі сақталады. Эпикалық аңыздар мен әндер екі түрге бөлінеді : батырлық және әлеуметтік-тұрмыстық эпос. Батырлық эпостардың басты тақырыбы – туған жерді қорғау. Олар халықтың ең жақсы қасиеттерін бейнелейді, жерге деген сүйіспеншілік, басқыншыларға деген жеккөрушілік, төзімділік, батылдық, ойларды жырлады. Қазақ қаһарм андық эпосында халық қорғаушыларын батыл бейнелейді. Осылайша Алпамыс батыр өз Отанын құртқан қалмақ ханымен соғысады, ал Қамбар батыр кедейлерді тұтқыннан босатады Қазақэпосында басты орын қаһармандық поэмаларға арналған эпостар. Батырлар туралы эпостардың айрықша ерекшелігі - әлеуметтік жағдайын баяндады. Қазақ батырлар эпосының кейіпкерінің ажырамас атрибуты-оның жеке ортасы туысы, әйелі, достары, жылқысы мен сауыты болды
Слайд 13
Қазақ мәдениетінде эпикалық шығармаларды орындаушылардың екі түрі бар « жырау » және « жыршы ». Қазақстан ғылымының - филологтары ұсынған ережелерге сүйене отырып, жырау – ежелгі халық ауызша поэзиясының өкілі, ойшыл, болжаушы деп айтуға болады. Жырау халық арасында қоғам қайраткерлері ретінде танымал болды, олар сарбаздардың жауынгерлік рухын қолдады, хандар жанындағы кеңесшілер болды, әскери дипломатиялық кеңестерге қатысты. Жырау поэзиясы алғаш рет ХІ ғасырда қағазға түсірілген. Жырау ауызша халық поэзиясының дамуына, жыр әндерінің халық дәстүрлеріне, риторика, импровизация өнеріне әсер етті. Х V–XVIII ғғ. арасында аты аңызға айналған « жырау » аңыздармен халық жадында сақталған Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Үмбетей, Бұхар, Ақтамберді жырау және т. б. белгілі болды. Жыршы - халық ауызша поэзиясы дәстүрінің сақтаушысы, орындаушы, батырлық, махаббат-роман эпосының таратушысы. Жыршының екі түрі бар. Біріншісі - дайын мәтінді орындаушы, екіншісі - импровизатор. Бірақ бұған қарамастан, кез келген орындаушы-жыршы қазақ эпикалық өнерін. Қазақ халқының эпикалық дәстүрі осы күндері де белсенді жұмыс істейді, осылайша қазіргі заманғы мәдениет шеңберінде осындай ежелгі мұраның болу ы үлкен ықпал етті.
Слайд 14
Ұлттық музей-қорық жобалары : Ботай, Сарайшык, Бозок, Бекет Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Қорғалжын, Тамғалы мәдени рәміздер және қазақ халқының мәдени бірегейлегінің географиялық құраушысы ретінде танимыз.
Слайд 15: Ботай қонысы
Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт ) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалғанпышақ, қанжар жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді.Соныменқатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді.
Слайд 16: Сарайшық қаласы
Сарайшық, Кіші Сарай — орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы. Бұл қала Жайық өзенінің қазіргі Атырау қаласынан 50 км жоғары орналасқан. Қазақстан жерінде ұлттық музей-қорық жобалары көп, солардың бірі ежелгі Сарайшық қаласында бой көтерген жер. Алтын Орда дәуірінде бұл мекен маңызды рөл атқарған. Ұлы Жібек жолының Сарай-Берке мен Хорезмді байланстыратын бағыты Сарайшық қаласы арқылы өткен. Бұл жерде сауда-саттық, қолөнер жақсы дамыды. Сарайшықта Қазақтың ұлы ханы Қасым хан және Алтын Орда тұсындағы хандар жерленгені белгілі. 1963 жылдан бастап « Сарайшық » музей-қорығы өз жұмысын қоғамдық негізде бастаған.
Слайд 17: Ақсу-Жабағалы
Ақсу-Жабағылы Қазақстандағы тұңғыш қорық, Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы екі өзен арасында орналасқан. Бұл қорық дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Қорық биік тау белдеуде, онда түрлі шөптер жоғарысында селдір арша орманы, боз жусан, субальпі және альпі шалғыны өседі. Мұндағы адамзатқа пайдалы емдік өсімдіктердің бірнеше түрлері бар. Қорық жануарлар әлемінеде өте бай. Бұл қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары үнемі жүргізілуде.