Қазақстандағы цифрландыру — презентация
logo
Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Порталда ЭЦҚ пайдалану қандай артықшылықтар береді ?
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру бағыттары :
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қазақстандағы цифрландыру
  • Қа­зақ­стан­да цифр­лан­ды­ру про­це­сі­нің ағым­да­ғы үрдісте­рі
  • Blockchain технологиясы
  • Қазақстандағы цифрландыру
1/17

Первый слайд презентации: Қазақстандағы цифрландыру

Изображение слайда

Слайд 2

Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) 2008 жылы енгізілді. Оның көмегімен үйден шықпай-ақ көптеген мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Электронды цифрлық қолтаңба   (ЭЦҚ) – электронды тіркеу куәлігін (сертификат) және ЭЦҚ- ның   жабық кілтін пайдалана отырып,  ақпаратты криптографиялық түрлендіру нәтижесінде алынған электронды құжаттың деректемесі. Электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану – өз қолымен қойылған қолтаңбаны толық ауыстыру.

Изображение слайда

Слайд 3

« Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы » 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес « тіркеу куәлігі », халықаралық тәжірибеде «сертификат» немесе « ашық кілт сертификаты» деп қолданылады. Жоғарыда келтірілген Заңнан негізгі түсініктерді келтірейік : Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы (ҚР НКО)  – куәландырушы орталықтардың электронды цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық ;

Изображение слайда

Слайд 4

• тіркеу куәлігі  – куәландырушы орталық электронды цифрлық қолтаңбаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз немесе электронды құжат ; • т i ркеу куәл i гінің иесі  – өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға ; • электронды құжат –   ақпарат электронды-цифрлық объектіде ұсынылған және электронды цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат ; • электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) –   электронды цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды цифрлық нышандар терілімі ;

Изображение слайда

Слайд 5

• электронды цифрлық қолтаңба құралдары –  ЭЦҚ құру   және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын   программалық және техникалық құралдардың жиынтығы ; • электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілті  – кез келген тұлғаның қолы жететін және электронды құжаттағы электронды цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электронды цифрлық нышандар дәйектілігі ; • электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілті –   тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электронды цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электронды цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электронды цифрлық нышандар дәйектілігі.

Изображение слайда

Слайд 6: Порталда ЭЦҚ пайдалану қандай артықшылықтар береді ?

Электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ пайдалану кезіндегі негізгі артықшылықтар бар, олар : • мемлекеттік органдардың электронды қызметтерін біз үшін ыңғайлы, тәуліктің кез келген уақытында алу мүмкіндігі ; • облыстық және Республикалық, мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына электронды өтініштер беру мүмкіндігі.

Изображение слайда

Слайд 7

2012 жылғы мамыр айының басында Ұлттық куәландырушы орталықтың (ҰКО) әзірлеушілер командасы ҚР ҰКО программалық жасақтаманың жаңартылған нұсқасын жариялады. Жаңа программалық жасақтаманы қолдануға көшудің мақсаты заңды және жеке тұлғалар үшін түбірлік сертификаттар орнатуды жеңілдету болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 8

Қазақстандағы цифрландыру – Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын жеделдетуге және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған үдеріс

Изображение слайда

Слайд 9: Қазақстандағы цифрландыру бағыттары :

ел экономикасының басты салаларында цифрлық технологияларды әзірлеу, енгізу және дамыту ; • қазақстандықтарға Интернет және 4 G ( болашақта 5 G) мобильді байланысына барлық жерден кеңжолақты қолжетімдік ұсынатын инфокоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейту ; • онлайн ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен санын арттыру. Бұл бюрократия мен жемқорлықты төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдарды неғұрлым тиімді және ашық етуге мүмкіндік береді ;

Изображение слайда

Слайд 10

• электронды коммерцияны дамытуға белсенді ықпал ету арқылы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау ; • отандық ІТ секторды дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға ықпал ететін, халықтың жалпы цифрлық сауаттылығын арттыру. « Цифрлық Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасы.  2017 жылғы бекітілген « Цифрлық Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бес негізгі бағыты бар: 1. Экономика салаларын цифрландыру –   озық технологиялар және мүмкіндіктерді пайдалана отырып, капиталдандырудың өсуі мен еңбек өтімділігін арттыратын ҚР экономикасының әртүрлі салаларын қайта құру.

Изображение слайда

Слайд 11

« Цифрлық Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасы.  2017 жылғы бекітілген « Цифрлық Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бес негізгі бағыты бар: 1. Экономика салаларын цифрландыру –   озық технологиялар және мүмкіндіктерді пайдалана отырып, капиталдандырудың өсуі мен еңбек өтімділігін арттыратын ҚР экономикасының әртүрлі салаларын қайта құру. Міндеттері : Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифрландыру ; Көлік пен логистиканы цифрландыру ; Ауылшаруашылығын цифрландыру ; Электронды сауданы дамыту ;  Қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз төлемдер.

Изображение слайда

Слайд 12

2. Цифрлық мемлекетке өту –   халық пен бизнестің сұранысын алдын ала болжай отырып, қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру. Міндеттері :   Мемлекет – азаматтарға ; Мемлекет – бизнеске ; « Ақылды » қалалар. 3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру –   деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын бүкіл аумақты дамыту. Міндеттері :   Еліміздің барлық аумағында байланыс желілері мен  АКТ инфрақұрылымын қамтуды кеңейту ; АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Изображение слайда

Слайд 13

4. Адами капиталды дамыту  – креативтік қоғам құруды және жаңа нақтылықтар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер. Міндеттері :  Орта, техникалық және жоғары кәсіби білім берудегі цифрлық сауаттылықты арттыру ; Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру ( даярлау, қайта даярлау ).

Изображение слайда

Слайд 14

5. Инновациялық экожүйені құру  – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу   үшін жағдай жасау. Міндеттері : Инновациялық даму алаңдарын қолдау ; Технологиялық кәсіпкерлікті, Startup мәдениетін және ҒЗТКЖ ( ғылыми-зерттеу тәжірибе конструкторлықжұмыстар ) дамыту ; Инновацияларға сұраныс ; Венчурлық қаржыландыруды тарту.

Изображение слайда

Слайд 15: Қа­зақ­стан­да цифр­лан­ды­ру про­це­сі­нің ағым­да­ғы үрдісте­рі

Bigdata ( Үлкен деректер )  – деректер қорымен жұмыс істеу үшін дәстүрлі тәсілде жиі пайдаланылмайтын үлкен көлемді ақпаратты сақтау, ұйымдастыру   және зерттеу әдістері. Көбінесе құжаттар мен бейнетаспалардың ретсіз   жиынтықта орналасқанынан туындайтын қиыншылықты өңдеу арқылы толықтай жүзеге асырады және бәсекелестердің қызметін талдауға, өз клиенттері туралы ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл қызмет көрсету деңгейін жақсартуға, шығындарды оңтайландыруға, қызметтер немесе өнім сапасын арттыруға, сатуды ұлғайтуға әкеледі

Изображение слайда

Слайд 16: Blockchain технологиясы

Ақпарат белгілі бір ережелер бойынша дәйекті түрде құрылған және көбінесе түрлі компьютерлерге таратылады. Осылайша, әртүрлі компьютерлер арасында ақпаратты бірнеше рет қайталаудың және бөлудің арқасында бірнеше маңызды артықшылықтарға қолжеткізеді, атап айтқанда : • технологияның сенімділігі, өйткені деректер пайдаланушылар арасында бірнеше рет қайталанған ; • орталықсыздандыру, өйткені бірыңғай басқару орталығы жоқ ; • ашықтық – әрбір пайдаланушының жаңартылған деректер көшірмесі бар, өйткені ақпаратты қасақана бұрмалау әрекеті жедел анықталатын болады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақстандағы цифрландыру

«Smart» city (« Ақылды » қала )  – қалалық мүлікті және қала көрсететін қызметтерді басқару тұжырымдамасы. Ол білім, көлік, денсаулық сақтау,    нфрақұрылымды басқару және тағы басқаларды қамтиды. Тұжырымдаманың мақсаты – қала тұрғындарына қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ адам капиталының сапасын арттыру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту. Қазақстанды цифрландырудың түпкі мақсаты  – ортамерзімді дамуда цифрлық технологияларды пайдалану есебінен республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының ұзақмерзімді даму жоспарында Болашақтың   цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың қағидалы жаңа траекториясына көшуі үшін жағдайлар жасау.

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено