Слайд 2
1995-1998жылдары Қазақстанда маңызды әлеуметтік экономикалық өзгерістер болды.1998 жылдың соңында ел экономикасының 90%-ы жеке сектордың қолында болып,500 мыңға жуық жеке шаруашылық өкілдері –кәсіпкерлер тобы дүниеге келді.Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды. Зейнетақы қорын жинақтау мен оны төлеудің жаңа жүйесіне көшу әлеуметтік саладағы улкен өзгерістердің бірі болды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді. Жаңа заңның ерекшелігі- республика азаматтары өздерінің еңбекақыларынан зейнетақы қорына қаражат аудару арқылы зейнет демалысына шыққаннан кейінгі өмірін қамтамасыз етуге тиісті болды.
Слайд 3
Жүйке ауруы Кең етек алған аурулар Тері ауруы Жүрек ауруы Қатерлі ісік Туберкулез ауруы Қан тамырлар ауруы
Слайд 4: 1) Сәбилер өлімі 2) Жұмыссыздық 3) «Мәжбүрлі демалыс»
Әлеуметтік келеңсіздіктер:
Слайд 5: Денсаулық – зор байлық
Халық денсаулығы - ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Қазіргі кезде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайлар жасалынып жатыр. Дәрі-дәрмектің 50%-ы біздің елімізде жасалатын болды. Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты-міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі. 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп,жалпы өлімді 30%-ға азайтып,туберкулез бен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс.
Слайд 6: ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Слайд 7: Ардагерлерге қамқорлық
Әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне бюджеттен 65 мың тенге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленіп, медальдармен марапатталады.
Слайд 9
Халық санағы 1999 жылы Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам тұратыны анықталды. 2009 жыл 25 ақпан- 6 наурыз аралығында елімізде кезекті халық санағы өтті. Нәтижесінде 16 млн 402 мың адамға жеткен. Қазақтардың жалпы тұрғындар арасындағы үлесі 67%-дан асқан.
Слайд 10: Елдің мәдени-рухани өмірі
1997жыл- “ Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы ” 1998жыл- ” Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы ” 1999 жыл- ” Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы ”
Слайд 11: Абай Құнанбаев
1995 жылы қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, гуманист Абайдың 150 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Слайд 12: Жамбыл Жабаев
1996 жылы жыр алыбы Жамбылдың жылы жарияланды. 150 жылдық мерейтойы.
Слайд 13: Мұхтар Әуезов
1997 жылы жазушы,ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы тойланды.
Слайд 14: Қаныш Сәтбаев
1999 жылы Қазақ Ғылым академиясы- ның негізін қалаушысы ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Слайд 15: Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы
1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті. Бұл- еліміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болып отырған елеулі оқиға еді.Оған Азия,Африка,Европа және Американың 40-қа жуық елдеріндегі 3 млн 200мың қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.Бұл жиында өткізу және оған кенестік әміршіл-әкімшіл басқару жылдарында өз елін,өз жерін тастап, шетелдерге ауа көшіп кеткен қандастарымызды шақыру үшін шың мәніндегі гуманизмның көрінісі болды.
Слайд 16: 2004 жыл “мәдени мұра”
Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде ұлттық және дүниежүзілік мәдениет үлгілерін қамтитын 218 том жарық көрді, 35 сәулет өнері ескерткіштері күрделі жөндеуден өтті және қалпына келтірілді. АҚШ-та, Жапонияда, Түркияда, Ресейде, Арменияда, бірқатар Батыс Еуропа елдерінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, отандық тарихқа қатысы бар 5000-ға жуық деректер жиналды. Бағдарлама аясында еліміздегі ең ірі мәдени-ағартушылық мекеме қарамағында Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми кітапханасы, ұлттық дәстүрлер театры бар Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы құрылды.
Слайд 18
Астана – Бәйтерек» кешені «Астана - Бәйтерек» монументі – бұл Астананың белгісі болып табылатын теңдесі жоқ құрылыс. 97 метр биіктікте шолу алаңы орналасқан одан Сіз Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал ағаштың басына орнатылған алтын күн де, ішкі сәулеті де символ мәнді, үш аймаққа бөлінген және әлемнің үш негізін бейнелейтін салынып жатқан Қазақстанның жаңа астанасының көрінісін тамашалай аласыз. Металлдан, шыныдан және бетоннан жасалған «бәйтерек» әдемі, салынуы бойынша күрделі архитектуралық ғимарат: биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрылымы бес жүз діңгек қадамен ұсталынған. Күн сәулесінің әсерінен түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» шыныдан жасалған диаметрі 22 метр және салмағы 300 тонна шар дүние жүзінде алғашқы рет рекордты биіктікті бағындырды. Жас Астанада бой көтерген аталған монумент архитектуралық жаңарудың, Астананың, Қазақстанның символы болып табылады.
Слайд 19
Күнделікті Монументке тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік қабатын көрсететін барлық жас аралығындағы көп адамдар келеді. Келушілердің қызметіне екі кафе-бар ұсынылады. Олар өздерінің өнімдерін және бар ассортиментін ұсынады, сонымен қатар онда «Астана-Бәйтерек» символикасымен сувенирлік өнімдер сату бойынша дүкен бар. Онда сіз халықтардың бұйымдарын табасыз. Келушілерді қарсы алушы және қызмет етуші барлық жұмысшыларда бейджиктер, жеке біріңғай формалы киімі бар. Киім ұлттық өрнектермен нақышталған, әрбір қызмет үшін өңделген және жыл сайын жаңартылады. «Астана-Бәйтерек» монументі бұл дүниеде жоқ аналогтардың әмбебап ғимараты, оны салу идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтікі. «Астана-Бәйтерек» монументінің маңызы – ол қазақ халқының өмірінің жаңа кезеңінің символы сияқты, оны «Аялы Алақан» – Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің оң алақанының бедерлемесі шығармашылық композициясынан көруге болады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінеді1997 жылды көрсететін Астананың мемлекеттің жаңа астана болғанын және осыған сәйкес ел тарихындағы жаңа кезең нүктесі.
Слайд 20
Астананың аумағы 710,2 шаршы километр, тұрғындардың саны 2007 жылдың 1 маусымында – 584,8 мың адамды құрады. Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары орналасады. Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. 2003 жылы әлемдік «Moodys Investors Service» рейтингтік агенттігі қаламыздың кредиттік рейтингісін Ва3 –тен (тұрақты) Ва1 –ге (оң) дейін, бірден екі деңгейге көтерді. Бүгінде елордамызды Мәскеу, Минск, Киев, Кишинев, Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку, Каир, Исламабад, Берлин, Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск, (Польша), Ушак (Түркия), Бангкок (Таиланд), Сеул (Корей Республикасы), Амман (Иорданиялық Хашимит Корольдығы) секілді әлемнің жиырма қаласымен достық және бауырластық қарым-қатынастар тығыз байланыстырады. 2000 жылдан бастап, Қазақстан елордасы Астана Мәскеу, Минск, Бішкек және тағы да басқа ЕурАзЭҚтің ірі қалалары мүшелік ететін, әлеуметтік және іскерлік қатынас саласында беделді ұйым болып табылатын Астаналар мен ірі қалалар халықаралық Ассемблеясына (ХҚА) мүше болды. АСТАНА – Қазақстан Республикасының елордасы Қала жөнінде жалпы мәліметтер: Құрылған жылы – 1832 ж. Теміржол бекетінің атауы – Астана станциясы. 1961 жылғы дейін – Акмола қаласы. 1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград қаласы. 1993 жылдан 1998 жылға дейін – Ақмола қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
Слайд 23
Ақ Орда резиденциясы . Астана қаласы Есіл дің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 m. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 cm. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 m., қалған қабаттардың биіктігі 5 m.Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 m2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан. Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. Үшінші қабатта: киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал; камин залы; қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. Төртінші қабатта: қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы; кітапхана; кіші Шығыс залы орналасқан. Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.
Слайд 24
«Нұр-Астана» орталық мешіті «Нұр-Астана» орталық мешіті 2005 жылғы 22 наурыздан бастап Астананың сол жағалауының ғажайып келбетіне, жаңа бір көз тартатын ғимаратына айналды. Бұл жерде ол үйлесімді орналасқан. Шығыстың әсемдігі шыны, бетон, болат, гранит және алюкобонд әсемдігімен өріліп, ойластырылып салынған. Бес мыңнан астам дінге сенетін адам мешіттің шамамен төрт мың шаршы метрінде, тағы екі мың келуші оның алдындағы алаңда намаз оқи алады. Әр біреуі 62 метр төрт мұнара мәңгілікке бірге жинақталған, ал алюминь мен алтын жалатылған күмбездер қаланың іскер адамдарына рухани игіліктер туралы ұмыттырмайды.
Слайд 25
«Думан» ойын-сауық орталығы – күмбезді кеңістік, океанариум және кинозал Қазақстан үшін ойын-сауық индустриясында тағы бір жаңа модель – «Думан» орталығы, онда барлық отбасыңызбен демалуға болады. Үш мың километр қашықтықтан әкелінген Оңтүстік теңіздерінің тамшысы – океанариум қайталанбас, Қазақстандағы алғашқы және жалғыз аттракцион, «Думан» ойын-сауық орталығының жан жүрегі болып табылады. Ол: Океанариум, 3DКинотеатр, дәмхана және сауда залы желілері, серуендеуге және демалуға арналған орталық аймақ, «Джунгли» аттракционы, боулинг, казино, көп функционалды және қонақ үй кешені сынды бірнеше аймақтан құрылған біртұтас құрылым. Күмбезді залдан Сіздер: Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қорғанын, Галикарнас кесенесін, Азаттық мүсінін және тағы басқа көптеген дүниелерді көре аласыздар. Акватеатрдан қызықты теңіз көріністерін тамашалауға, жаныңда жүзіп жүрген акулаларды көруге болады. Кино залдағы дауыстың қаттылығы және арнайы көзілдіріктер көрермендерге өздерін экранда болып жатқан оқиғаның ортасында жүргендей әсер қалдырады.
Слайд 26
«Астаналық цирк» КМҚК Былтырғы жылы Есілдің сол жағалауына сыртқы көрінісі «ұшатын тарелкаға» ұқсас цирк ғимараты салынды. Ондағы сәулет идеясы, оның жоғарғы технологиялармен іске асырылуы, ішкі құрылғының эргономикасы, кеңейтілген инфрақұрылымы барлығы да ерекше. Ең басты жетістік – алғаш рет құрылған цирк ұжымы. Акробаттар, эквилибристтер, үйретушілер, аттағы жігіттер, ауада өнер көрсететін гимнасттар, иллюзионистер мен сайқымазақтар цирктің кішкентай және ересек жанкүйерлерінің көңілдерін көтереді. Адамдармен бірге африка арыстандары, шотланд понилері, түйелер, аюлар, есектер, маймылдар және иттер сынды жануарлар да өнер көрсетеді.
Слайд 27
АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тұй-ұқұқ және Теркін атты байырғы түркі ескерткіштерінің ашылу салтанаты аясында ұлы қолбасшы, түркі тарихының жарқын тұлғасы Күлтегін батырдың өміріне арналған деректі фильм көрсетілді.C ол фил ьмге арналып күлтегнін ескерткіші жасалды.
Слайд 28
Дауға қалған балбал целлофанға оралған күйде Астанада жатыр Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қарағайлы ауылы аумағындағы балбал ескерткіші. 19 қыркүйек 2009 жыл (археолог Виталий Волошин түсірген сурет). 28.10.2009 Жасұлан КӨЖЕКОВ Көне заман ескерткішін Ақмола облысының Ерейментау ауданынан Астанадағы мұражай көрмесіне әкелінуін шенеуніктер заңсыз деп бағалап, соңы дауға ұласты. АРХЕОЛОГ ПЕН ШЕНЕУНІКТІҢ ДӘЛЕЛДЕРІ Астаналық археолог Виталий Волошин қазіргі заманғы өнер мұражайының тапсырысы бойынша көне балбалды – тас мүсінді қазып алып, Қазақстанның жаңа астанасына әкелген. Қазір енді бір мемлекеттік орган әлгі тарихи байлықты өз орнына – Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қарағайлы ауылына қайта әкеліп қоюды талап етсе, екінші орган Волошинді қорғауда.
Слайд 29
Целлофанға оралған тас жәдігер Астанадағы қазіргі заман мұражайының іргесінде жатыр. 22 қазан 2009 ж. Көненің жәдігері бұл уақытта Астанада целлофанға оралып, мұражай алдында жатыр. Балбалдың беті, анығырақ айтқанда, оның бетіндегі целлофан үстінен құрылыс тақтайшасымен бастырылған. Ақмола облысындағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Ибраев Азаттық радиосына: – Ең алғашқы болып белгі берген Қарағайлы ауылының зейнеткері Құсайын Дүйсенов болды. Ол әлдекімдердің көне жол-жоралық ескерткіштің төңірегінде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанын қыркүйек айында ауыл әкіміне хабарлаған, – деді. Талғат Ибраевтың айтуына қарағанда, ол кісі әлгі ескерткіштің орнына қайтарылуы үшін әдейі баспасөзде шу көтерген.
Слайд 30
Астананың бір шетінде ашық далада қар басып тұрған қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ескерткіштері. 12 қараша 2009 жыл. жобаларының еденде жатқанын айтады. – Біз мүсінші Қанат Нұрбатыровтың жасаған жобасын ұсындық. Бірақ біздікін комиссия мүшелері қараған да жоқ. Еденде жатты, – дейді Сембіғали Смағұлов. Бұл байқауға далада қалған мұның алдындағы ескерткіштердің ауторларының бірі Қанат Нұрбатыров да ренжулі. Ол да өздері ұсынған жобаларға қазылар алқасының мойын бұрып та қарамағанын айтады. – Әдетте бізде бәрі осылай ғой. Бұдан басқа айтарым жоқ, – дейді Қанат Нұрбатыров. Жаңа жобаға қала әкімдігінен қанша қаражат бөлінетіні әзірге белгісіз. Бірақ байқаудың жүлде қоры 1 млн. теңгені құраған. ҚАР АСТЫНДА ҚАЛҒАН ХАН МҮСІНДЕРІ Айта кету керек, Астана әкімдігі өткізген байқауға қазірде Астананың бір шетінде далада жатқан ескерткіштердің ауторлары да қатысыпты. Бірақ комиссия мүшелері олардың дүниесін керек етпепті. «Қазақ елі» монументінің, Жәнібек пен Керей хандар және алты батырдың ауторы суретші Сембіғали Смағұлов байқау кезінде өздері ұсынған
Слайд 32
Зинэтула Билялетдинов, Олимпиада ойындарының чемпионы, Құрлықтық хоккей лигасында Гагарин Кубогын жеңіп алған «Ақ Барыс» (Қазан) командасының бас бапкері: «Маған Астана өте қатты ұнады, оның үстіне мұнда «Барыс» командаларыңыз ойнайды. Бұл команданың болашағы зор, оның ойыншылары да жақсы сұрыпталған, олардан үлкен үміт күтуге болады».
Слайд 33
Стефан Данбар-Джонсон, «International Herald Tribune» газетінің баспагері: «Астанада болып жатқанды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен бұл қалада жылына немесе бір жарым жылда бір рет болып тұрамын, келген сайын оның даму қарқынына қызығып кетемін. Қысқа мерзім ішінде жазық даланың орнында заманауи мегаполис тұрғызылды».
Слайд 34
Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Пер Стиг Мёллер: «Осы жерде көргенім, менің ойымда үлкен әсер қалдырды. Мұншалықты қысқа мерзімде қала салу, жай ғана қала емес, ел астанасын тұрғызу мүмкін емес».
Слайд 35
Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Лула да Силва: «Еліңіздің халқына және Елордаңыздың тұрғындарына айтарым, экономикалық дағдарыс жүректерде ұялаған үміт отын сөндіре алмайды. Қазақстанның орасан зор мүмкіндіктері бар, оған Сіздердің жаңадан тұрғызған әсем астаналарыңыз дәлел».
Слайд 36
Жан Кретьен, 1990-2003 жж Канада премьер-министрі: «Мен 1990 жылы Канаданың премьер-министрі болатынмын. Ол кезде Сіздердің еліңіз өз тәуелсіздігін алды. Мен онда сіздердің президенттеріңізбен кездескен ең алғашқы көшбасшының бірімін. Екеуміздің де ой-пікіріміз сәйкес келетін. Өзімнің жеке басымның қызығушылығын тудырғаны екі елдің ұқсастығы. Жылдар бойы қалада болып жатқан оқиғалар менің назарымнан тыс қалмайды. Бүгінгі Астана – бүгінгі бас қала 15 жыл бұрынғы кең даладағы шағын қаладан пайда болды. Осы қаланың қарқынды өсуі мен дамуы мені әрқашан таңғалдыруда».