Первый слайд презентации: Қазақстанның көлік кешеніне жалпы шолу.Теміржол және автомобиль жолдары
Слайд 2: Темір жол
Темір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы реліс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды. Дүние жүзінде тұңғыш Темір жол көлігі 1825 Англияда Дж. Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км “ Стоктон – Дарлингтон ” желісінде қатынады. Бұдан кейін Темір жол көлігі 19 ғасырдың 30-жылдары Австрияда, Германияда, Бельгияда және Францияда пайда болды. 1830 жылда АҚШ -та, 1837 жылда Ресейде темір жол желілері ашылады. 1850 – 1870 жылда Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады. Темір жол құрылысы аз уақыт ішінде жедел қарқынмен дамып, 20 ғасырдың басында темір жол торабының әлемдегі жалпы ұзындығы 1 млн. км- ден асып түсті. Қазақстан аумағында алғашқы Темір жол көлігі Покров – Слободка – Урбах желісімен 1894 жылда 25 қазаннан қатынай бастады. Бұл жолдың 130 км-і Қазақстан жерімен өтті. 1891 – 1896 жылда салынған Транссібір (3138 км), 1901 – 1906 жылда салынған Орынбор – Ташкент темір жол (2090 км) желілері қазақ даласымен өтті. 1918 жылда Қазақстан аумағындағы болат жолдардың жалпы ұзындығы 2,6 мың км- ге жетті. Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы салынған темір жол 1920 – 1922 жылда ашылған Петропавл – Көкшетау желісі болды. Орта Азия мен Қазақстанды Ресеймен жалғастырған ұзындығы1444 км Түрксіб ( Түркістан – Сібір ) темір жол 1927 – 1930 жылдарда салынды. 1958 жылда Қазақстанда Кеңес Одағындағы ең үлкен темір жол ұйымы – Қазақ темір жолы құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 2005 жылда Алтынсарин – Хромтау темір жолы тартылды. Қазақстанда қазіргі таңда темір жолы желісінің жалпы ұзындығы 14,4 мың км- ден асады. Темір жолы саласында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. 1913 локомотив, 77029 жүк вагоны және 2094 жолаушылар вагоны бар. Қазақстандағы темір жол торабы мен Темір жол көлігі “ Қазақстан темір жолы ” ұлттық компаниясы АҚ- ның құзырына бағынады. Оның құрамында “ Жолаушылар тасымалы ”, “ Арнаулы әскерилендірілген күзет қызметі ”, “ Электрмен жабдықтау ”, “ Ақсу – Конечная”, “ Темір-терсек ”, “ Теміржолмаш ”, “ Қазкөліксервис ”, “ Теміржолсужылужабдықтау ”, “ Теміржолмүлік ” еншілес кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстандағы жүк тасымалының жалпы көлеміндегі Темір жол көлігінің үлесі 1991 жылда 36%- ды құраған болса, 2000 жылда ол 50%-дан асты. 1991 жылдан бастап Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктің құрылымы өзгеріске ұшырады. Темір жол көлігімен тасымалданатын негізгі тауар өнімі – көмір, түрлі кентас, астық, мұнай, тағы басқа отын-энергетикалық жүктердің үлес салмағы артып келеді : тас көмірдің үлесі 1998 жылда 38%-дан 2000 жылда 44%- ға өсті ; мұнай мен мұнай өнімдері тиісінше 7,4%-дан 12%- ға артты.
Слайд 4: Автомобиль көлігі
Автомобиль ( гр. αὐτο — өздігінен және лат. mobilis — қозғалушы ) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі. XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда. Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Слайд 5: Автомобиль жолдары
Автомобиль жолы - автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол.Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес a втомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді. I категориялы a втомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы Автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары ( автовокзал, май құю стансалары, мотельдер және басқалары ) болады. Біздің елімізде a втомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол-көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланатын a втомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км, соның 17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар (93%- іне асфальт төселген ), 69,667 мың км жергілікті жолдар ( 57%- іне асфальт төселген ). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90%-і темір құйматастан құйылған. Автомобиль жолдары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдардан, ақыны мемлекеттік жолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі. ҚР - ның жол қоры 5296439 мың теңге ( 1998 ).