Слайд 3
Дәріс жоспары : Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы жайлы мәлімет 2. Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайның қазіргі таңдағы мәселелері
Слайд 4
Дәріс мақсаты : Студенттер оқытушының қойған проблемалық сұрақтарына жауап іздестіру мақсатында, Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы жайлы біліммен танысады, оның қазіргі таңдағы мәселелерін айқындайды, талдайды, өзіндік түсінік қалыптастырады, практикада қолдану мәселелерін қарастырады.
Слайд 5
Алғышарттар : Осы дәрістегі білімді терең игеру үшін студенттерде Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы туралы түсініктері болып, олар оқытудың интербелсенді әдістерін (« Атаулар туралы үш сұрақ », « Бірін-бірі оқыту », «Кластер», «Позиция таңдау », « Қос жазба күнделігі », « Шығу парағы ») қолдана алып, өздігімен және бірлесе жұмыс жасай алуы қажет
Слайд 6
дәріс мәтіні А-4 форматындағы қағаз маркер плакаттар дыбыстық құрылғылар дыбыстық құрылғылар Қажетті материалдар : Сабақта :
Слайд 7
Дүние жүзінің саяси картасы Қазақстанның әкімшілік картасы Қазақстанның географиялық атласы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық атласы, Ахметовтың « Қазақстанның әлеуметтік экономикалық географиясы » оқулығы. Қосымша материалдар:
Слайд 10
Уақытты меңгеру : « Проблеманы айқындау » кезеңі – 10 минут. «Проблема шешу » кезеңі - 25 минут. «Проблема шешімін қолдану » кезеңі – 15 минут.
Слайд 11
№1. Сабақ тақырыбы « Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы » І. « Проблеманы айқындау » кезеңі. Топқа бөлу. Студенттерді шағын топтарға арнайы тапсырма негізінде бөлу.
Слайд 12
Медитация. Білім « Атаулар туралы үш сұрақ » әдісін пайдалана отырып, жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, студенттерге осы атауларға қатысты келесідей сұрақтарға жазбаша жауап беру тапсырылады « Президенттік республика» « унитарлық мемлекет » « әкімшілік аймақтық бөліну »
Слайд 13
1-c ұрақ : Бұл терминдерді Сіз бұрынырақта естідіңіз бе және мәнін түсіндіре аласыз ба? 2- c ұрақ: Қазақстан қандай мемлекет түріне жатады ? 3-сұрақ: Әкімшілік аймақтық бөлінудің маңызы ?
Слайд 14
Түсіну Студенттерге лекция мәтіні таратылып, оны топ ішінде оқу және талқылау тапсырылады. « Бірін-бірі оқыту » әдісі көмегімен – « Үйрете отырып, үйренемін»қағидасы жүзеге асырылады.
Слайд 15
Лекцияның әр бөлігінен кейін студенттер алдын -ала белгіленген кезекпен оқытушы рөлінде келесідей амалдарды орындайды : 1. Оқытушы рөліндегі студент лекция бөлігі аяқталғаннан кейін лекцияда айтылғанды қасындағыларға қорытындылап шығады ; 2. Одан кейін оқытушы рөліндегі студент қасындағы студенттерге лекция мазмұны бойынша екі-үш сұрақ қояды, оның бұл жерде студенттер арасында кішігірім пікірталас тудыруы да ықтимал ; 3. Оқытушы рөліндегі студент өз тобындағы студенттердің туындаған сұрақтарына жауап беріп, лекцияның қиын жерлерін түсіндіреді.
Слайд 16
ІІ. «Проблема шешу » кезеңі. Қолдану.«Кластер» әдісі арқылы идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындау мақсатында топтарға жазба кестелер құрастыру тапсырылады. Тапсырманы орындап болған соң студенттер орындаған тапсырманы демонстрациялап көрсетеді.
Слайд 17
Талдау. Студентерге : « Қазақстанның ЭГЖ – ның қолайлы және қолайсыз жақтары ?» « Көрші елдердің Қазақстан экономикасына тигізетін әсері қандай ?» « Қазақстанның ЭГЖ – ның қазіргі таңдағы өзекті мәселелері ?» деген проблемалық сұрақ қойылады.
Слайд 18
«Позиция таңдау » әдісі арқылы осы сұрақ төңірегінде әр топ проблеманы шешудің жолдарын ұсынады. Осы проблемалық сұрақтың шешімі табылғаннан соң, « Қос жазба күнделігі » әдісі арқылы әр топ лекцияда өзінің назарын тоқтатқан, немесе ерекше толғандырған ( келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған, т.б.) үзінділерді « Үзінді » бөліміне, қағаздың оң жағы « Түсіндірме » ( немесе (Комментарий») бөліміне студент сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді : неліктен ол бұл үзінділерді жазып алды, оның себебі қандай ? Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керектігі студенттерге хабарланады. Лекция бөліктері арасындағы үзілістерде студенттер жұптасып, жазғандарымен бөлісіп, талқылайды, пікірлеседі.
Слайд 19
ІІІ. «Проблема шешімін қолдану » кезеңі. Синтез. Студенттер топпен өз ойын қорытындылайды
Слайд 20
« Венн диаграммасы » әдісі арқылы Қазақстанның ЭГЖ – ның кез келген бір мемлекетпен ұқсастығын, ерекшелігін айқындау мақсатындағы тапсырма орындалады.
Слайд 21
« Шығу парағы » әдісі арқылы сабақ аяғында студенттер бірнеше сұраққа (2-3 сұрақ ) жазбаша немесе ауызша жауап береді.
Слайд 22
Кері байланыс. Ол сұрақтар ( немесе тапсырмалар ) сабақты қорытындылап, сабақтың қалай өткендігін бағалайды : Бүгін не үйрендіңіздер ? Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар? - Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек ?
Последний слайд презентации: Қазақстанның Экономикалық-географиялық жағдайы
Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды ? Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді ? - Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз / ұсыныстарыңыз бар?