Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар — презентация
logo
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Бiлiм беру парадигмалары
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Кредиттік оқыту жүйесінің мәні.
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
  • Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
1/15

Первый слайд презентации: Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар

Изображение слайда

Слайд 2

Білім берудің негізгі міндеттері Білім беру парадигмалары Кредиттік оқу жүйесі.

Изображение слайда

Слайд 3

Қазақстан   Республикасы жоғары мамандандырылған білім беру жүйесі Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы мынадай міндеттерді шешуге : Бірінші, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграция); Екінші, педагог қызметкерлерді мәртебесін көтеруге ; Үшінші, сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге ; Төртінші, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Изображение слайда

Слайд 4

Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңына сәйкес қазақстандық   білім беру әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу міндеті : « Білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту »; « Оқыту технологиясын жетілдіру »; « Білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту » жолдары арқылышешіледі.

Изображение слайда

Слайд 5

Білім берудің міндеті - әрбір адамға өз дарыны және бар шығармашылығын толық ашуға мүмкіндік беру. Демек, әркімге өзінің жеке жоспарын жүзеге асыруға жол ашу деген сөз. Бұл басты мақсат болып табылады. Білім беру ісі қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуы жолында бірқатар міндеттер атқаруы тиіс. Әлеуметтік қажеттіліктердің ең маңыздысы осы қоғамның өзі тұжырымдаған игілік-ізгілік қағидаларын ұстануға ұмтылыс болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 6

Ең алдымен, білім алуға үйрену қажет. Алайда, ғылыми прогреспен және экономикалық, әлеуметтік саладағы жедел өзгерістерді ескере отырып, жалпы мәдени білімді шектеулі пәндерді терең игеру мүмкіндігімен ұштастыру қажет болады. Жалпы мәдени деңгейдің биік болуы үздіксіз білім алуға апаратын тікелей баспалдақ деуге болады, өйткені, ол білімге құштарлықты туғызады және өмір бойы ізденуге ықпал етеді.

Изображение слайда

Слайд 7

Екіншіден, жұмыс істеуге дағдылану керек. Мамандықты үнемі жетілдіру – кең мағынада жан-жақты жетілу – болжап болмайтын көптеген тосын жағдайлардан алып шығады. Мұндай тереңділік пен біліктілікке қол жеткізу үшін оқушылар мен студенттердің оқумен қатар, кәсіби және әлеуметтік салада жұмыс істеп, өз қабілеттерін сынай алмайтындай және тәжірибе алатындай мүмкіндіктері болуы қажет.

Изображение слайда

Слайд 8

Үшіншіден, бұл ең бастысы,  өмір сүре білуге үйрену керек. Бұл мәселе 1972 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен жарық көрген Эдгар Фордың баяндамасында баса көрсетілген. Баяндамада атап өтілгендей, әр адамның бойында бұғып жатқан дарын атаулы түгелдей кәдеге асатындай жағдай жасалуы маңызды. Оның кейбіреуін атап өтсек, олар : ойлауға қабілеттілік, есте сақтау, қиялдау, дене мүмкіндіктері, сезімталдық... Мұның бәрі адамның өзін-өзі дұрыс тани білуі қажет.

Изображение слайда

Слайд 9: Бiлiм беру парадигмалары

"Парадигма"- ( латын сөзi, ол   " үлгi " деген мағынаны бiлдiредi ) - бiлiм берудiң концептуальдық моделi ретiнде қолданылады. Бүгiнде бiлiм берудiң бiрнеше парадигмалары қолданылады, олардың iшiндегi ең көп тарағаны   мыналар : Дәстүрлi-консервативтiк ( бiлiмдiк парадигма). Феноменологиялық ( гуманистiк парадигма). Рационалистiк парадигма ( бихевиористiк, мiнез-құлықтық ).

Изображение слайда

Слайд 10

Парадигмалар   оқытушы мен оқушының арасындағы өзара педагогикалық әрекеттiң сипаты мен мақсаты бойынша анықталады. Бiлiмдiк дәстүрлi парадигма. Бiлiмдiк парадигманың негiзгi мақсаты бiлiм беру болып табылады. Бихевиористік   парадигманың негiзгi мақсаты керiсiнше бiлiм берудiң мазмұны емес,  бiлiмдi меңгерудегi әдiс-тәсiлдердi қолдану ерекшелiгiнде болып табылады. Мұнда баланы бiлiмдi етiп тәрбиелеп шығарудан гөрi, оны өзi өмiр сүретiн қоғамға бейiмдеп қалыптастыру аса маңызды. Мектептiң мақсаты -   оқушыларды қоғамның әлеуметтiк талаптары мен нормаларына сәйкес келетiн мiнез-құлыққа бейiмдеу.

Изображение слайда

Слайд 11

Гуманистiк парадигманың ( феноменологиялық ) негiзгi мақсаты   оқушыны өмiрдiң субьектiсi әрi өзiн-өзi дамытуды қажет ететiн   еркiн және рухани тұлғасы   ретiнде қарастыруы   болып табылады. Бiлiм беру парадигмаларының қоғамдағы өзгерiп қолданылуы сол кездегi саяси-әлеуметтiк жағдайлардан және әлеуметтiк-экономикалық дайындықтан туындайды. Бiлiм беру парадигмаларының таңдалуында қоғамның тапсырысы ретiндегi жеке тұлға мен кәсiби дайындыққа қойылатын талаптар маңызды рөл ойнайды. Бiлiм беру парадигмаларын таңдауда оның түрлерi жалаң таза күйiнде қолданылмайды. Онда негiзгi идея басты болуы мүмкiн, дегенмен барлық бiлiм беру үлгiлерiнiң элементтерi қоса тұтастықта қарастырылады.

Изображение слайда

Слайд 12: Кредиттік оқыту жүйесінің мәні

Несиелiк оқыту жүйесiн 1869 жылы Гарвард университетiнiң президентi Чарльз Элиот енгiзген. Бұл жүйе Америкада бiлiм сапасын жетiлдiру мақса­тында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейiн енгiзiлдi. 1988 жылдан бастап Еуропа елдерi де несиелiк жүйеге өте бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердiң бiлiм министрлерiнiң бiрлескен отырысында несиелiк оқытудың еуропалық жүйесi қабылданды.

Изображение слайда

Слайд 13

Халықаралық бiлiм кеңiстiгiнде жоғары бiлiм бойынша несиелiк оқытудың iргелi төрт жүйесi бар. Олар : еуропалық жүйе — ЕSТS, американдық жүйе – USCS, британдық жүйе – CATS, Азия мемлекеттерiнде және Тынық мұхиты кеңiстiгiндегi жүйе —UCTS Қазақстанның бiлiм жүйесi негiзiнен еуропалық несиелiк жүйеге (ЕSТS) енудi көздеп отыр. Еуропалық несиелiк жүйе бойынша Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б. iргелi мемлекеттерде   бiлiм берiледi.

Изображение слайда

Слайд 14

Жалпы кредит терминінің екі жақты мағынасы бар. Бір жағынан, “кредит” білім беруді қаржыландыруға қатысты қарастырылады. Екінші жағынан, студенттің білімділік іс-əрекетінің еңбек ауқымы мен оқытуды нəтижелеуші өлшем есебімен байланысты. Сондықтанда осы терминді қолдануда қиыншылық туындамас үшін “ сынақ бірліктері » деген тиімді..

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар

Студенттердің жетістіктерін сынақ бірліктерімен бағалаудың өзіндік құндылықтары бар: - оқуға деген мотивацияның маңызды жоғарлауына ықпал етеді ; - оқу бағдарламасын өз бетімен құрастыруға мүмкіншілік беріледі ( жеке білім беру бағыты ); - шет ел жоғары оқу орындарында оқыту процесінің сертификациясымен қамтамасыз етеді ; - академиялық танылуға кепілдік береді ; - шет елде білім алу үшін мүмкіншілік шеңберін кеңейтеді ; - бəсекелестік қабілетінің деңгейін жоғарылатады.

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено