Первый слайд презентации: Қазіргі Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары
Орындаған: Рысбекова Диана Қабылдаған: Кульбаева Дина Қазіргі Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары
Слайд 2: Жоспар:
I. Кіріспе: Этика дегеніміз не? II. Негізгі бөлім: Қазақстандық жастардың құндылықтары; Этика басқа тұрғыда. III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3
Қазіргі заман жастары, атап айтсақ Тәуелсіз мемелекетте өмір сүріп жатқан жас буын ХХ ғасыр жастарынан айтарлықтай айырмашылық жасайды. Бірақ, бұл жастардың жалпы адамзаттық құндылықтардан түбегейлі арылды дегенді білдірмейді. Әрине, бәрі бірдей саналы емес, есесіне білім деңгейі тұрғысынан қазіргі жастардың мүддесі аса жоғары. Өз кезегінде білімге құштар жас буынның негізгі тобы ілесіп келеді. Заман жастарының бойында – байсалдылық, рахым, қанағат, ұждан этикалды қасиеттері толық қалыптаспағанымен, алға ұмтылу, қайсар мінездері әлі де болса көрініс табады.
Слайд 4: Этика дегеніміз?
Этика – қарапайым ғана құндылық, мінез-құлық ұғымдарымен тұспа-тұс келеді. Діни, ұлттық, жалпыадамзаттық, нормативтік, теориялық тұрғыда қарастырылатын этиканың да сан түрлі бағыттары белең алады.
Слайд 5
Қазіргі заман жастарының этикалық құндылықтарын “ қазақ жастары ” емес “ Қазақстандық жастар ” етіп ажыратамыз. Қазақстандық жастардың құндылықтарын, оның ішінде ақыл-ой, білімін дамыған мемлекет жастарымен салыстыру ақымақтық. Дамыған ел жастарының дамушы мемлекет жастарынан тек бір айырмасы – жаңа технологиялық жүйеде жатыр, ал жаңа заман талабына сай кез-келген құралдарға машықтану көп уақытты қажет етпейді. Сондықтан да жастарды білім деңгейі бойынша бір саты төмен қою қателік. Атап өткендей жас буынның білім алуға құштарлығы жоғары, дегенмен, статистикалық мәліметтер 300 мыңдай тұлғаның құндылықтарға аса ден қоймайтындығын дәлелдеген.
Слайд 6: Негізгі себептері:
Орта мектепті тәмамдаған соң әскерге кету және оралғаннан кейінгі жалғасы таппаған білім, ерте жастан отау құру, отбасылық жағдайлар мен білім ордаларының жоқтығы, тілдің шұбарлануы, нақтырақ айтқанда патриоттық сезімнің өлуі не болмаса қазақ этнонимінің орыстану процесі.
Слайд 7
Этиканы басқалай тұрғыда іс-әрекет пен сөйлеу мәнері бойынша бөліп қарастыруға болады. Мысалы,жас буынның қазіргі сөйлеу тілі кітап тілінде сайрайды.Оған дәлел,қазақ сөздіктерін жазғанда негізгі диалект сөздердің үлкендер арасында ғана кең қанат жаюы.Жағымсыз тұсы:тілдің шұбарлануы.Іс-әрекеттік типтері бойынша волонтерлік қызметтерді арқау етуге болады,жағымсыз тұсы-көше тәрбиесінің қисынсыз әрекеттері(бұл құрамға қоғамдық орындағы оқушы мен қарт арасында жиі туындайтын кикілжің.
Слайд 8: Қорытынды:
Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтарын көтеруде-патриот ұғымдары жиі қолданылады.Жастарды мейлінше сауатты, білімді,рухани және ішкі құндылықтарға бай ету Елбасы жолдауларында да көрініс табуда.Қоғамда жастың ғана емес,адам мен адамның бір-біріне деген шын ілтипат істері ерекше орын алады. Бұны қарапайым ғана дәрігер мен кішкентай бала деп те қарастырсақ болады.