Первый слайд презентации: Қысқы емтихан сессиясы 2023/2024 оқу жылы
Жазбаша және ауызша емтихандарды өткізу ережесімен таныстыру: Жазбаша: (дәстүрлі, жобалық, тәжірибелік) Ауызша
Слайд 2: Оқытушының міндеттері:
Жазбаша (дәстүрлі, жобалық, тәжірибелік) – емтихан сұрақтарын Универ жүйесіне 25 қарашаға дейін жүктеу. Жазбаша (жобалық, тәжірибелік) емтихандардың тапсырмасын кестеге сәйкес білім алушылармен алдын ала кездесіп ( Zoom ) арқылы тапсырма тарату, вебинардың жазбасын өзіне сақтау Ауызша, жазбаша емтихандардың бағалау критерилерін кафедра меңгерушісінің қолымен бекітіп білім алуышларға емтихан кезінде таныстыру Эдвайзерлер 25 қарашаға дейін «Академиялық адалдық» кодексімен таныстырып, хаттаманы директоратқа тапсыру, студенттер, магистранттар таныстым деп қойылған қосымшасымен бірге
Слайд 3: Дәстүрлі жазбаша емтихан:
1.Оқытушы білім алушылардың санына байланысты сұрақтар тізбесін жасайды. 2. Билет 2 сұрақтан тұрады. 3.Билеттегі сұрақтардың 50% практикалық және 50% теориялық болады. 4.Оқытушы өз сұрақтарын Univer жүйесіне «Оқытушы» бөлігіндегі «Сауалнама» (Вопросник) бөліміне 25 қарашадан кешіктірмей жүктейді. Нұсқаулық Univer жүйесінен көруге болады. 5. Кафедра меңгерушісі 01 желтоқсаннан кешіктірмей Univer жүйесінде билеттер генерациясын жүргізеді, билеттерді басып шығарады, билеттер кафедра меңгерушісі мен институт директорының қолымен бекітіледі және директоратта мөр басылады. 6. Кафедра меңгерушісі билеттерді конвертте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына 04 желтоқсаннан кешіктірмей тапсырады. Конвертте кафедра атауы, пәннің атауы, білім беру бағдарламасы, курс, топ, аудитория және уақыты көрсетіледі. 7. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары емтихан күні аудиторияға билеттері бар мөрленген конвертті әкеліп, емтихан комиссиясының төрағасына береді. 8.Тапсырманы орындау үшін 1 академиялық сағат (50 минут) беріледі. 9.Жазбаша жұмыстарды тексеру және Univer жүйесіне баға қою емтихан күнінен кейін 2 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 10.Емтихан комиссиясының мүшелері бітіруші кафедраның ПОҚ қатарынан институт директорының өкімімен бекітіледі. 11.Конвертті ашып, тапсырмалары бар билеттерді таратқаннан кейін оқытушы білім алушыларға пәннің силлабусына сәйкес олардың жауаптарын бағалау критерийлерін түсіндіруі тиіс.
Слайд 4: Жобалық, тәжірибелік жазбаша емтихан
1. Оқытушы білім алушылардың санына байланысты сұрақтар тізбесін жасайды. 2. Билеттегі тапсырмалар саны 1 шығармашылық сұрақты құрайды. 2. Билеттегі тапсырмалар саны оқытудың ерекшеліктеріне байланысты 1 шығармашылық немесе одан көп сұрақты қамтуы мүмкін 3. Оқытушы өз сұрақтарын Univer жүйесіне «Оқытушы» ▬ «ПОӘК» (УМКД) ▬ «Емтихан бағдарламалары» бөлімінде жүктейді. 4. Пән мұғалімі емтиханға 5 күн қалғанда ЗУМ, ТИМС, ВЕБЕКС және т. б. платформасында онлайн кездесу өткізеді, онда білім алушылар Randstuff қосымшасы арқылы жобалық және практикалық емтихан тапсырмаларын кездейсоқ сандарды таңдау арқылы алады https://randstuff.ru/number /. 5. Емтиханда жобалық жұмысты комиссия мен оқу тобының алдында қорғау түрінде өтеді. Сөйлеуге 5-7 минуттан артық уақыт бөлінбейді, немесе емтиханды ұйымдастыру кадр даярлаудың ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады. 6. Univer жүйесіне баға қою емтихан қабылданған күні жүзеге асырылады. 7. Емтихан комиссиясының мүшелері бітіруші кафедраның ПОҚ қатарынан институт директорының өкімімен бекітіледі. 8. Оқытушы тапсырмаларды таратқаннан кейін тікелей эфирде білім алушыларға пәннің силлабусына сәйкес олардың жауаптарын бағалау критерийлерін түсіндіруі тиіс.
Слайд 5: Ауызша емтихан
1.Оқытушы білім алушылардың санына байланысты сұрақтар тізбесін жасайды. 2. Билет 2 сұрақтан тұрады. 3.Бұл ретте сұрақтар 50% практикалық және 50% теориялық. 4.Оқытушы өз сұрақтарын Univer жүйесіне «Оқытушы» бөлігіндегі «Сауалнама» бөлімінде 25 қарашадан кешіктірмей жүктейді. Нұсқаулық Univer жүйесінен көруге болады. 5. Кафедра меңгерушісі 01 желтоқсаннан кешіктірмей Univer жүйесінде билеттер генерациясын жүргізеді, билеттерді басып шығарады, билеттер кафедра меңгерушісі мен институт директорының қолымен бекітіледі және директоратта мөр басылады. 6. Кафедра меңгерушісі билеттерді конвертте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына 04 желтоқсаннан кешіктірмей тапсырады. Конвертте кафедра, пәннің атауы, білім беру бағдарламасы, курс, топ, аудитория және уақыты көрсетіледі 7. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары емтихан күні аудиторияға билеттері бар мөрленген конвертті әкеліп, емтихан комиссиясының төрағасына береді. 8. Univer жүйесіне баға қою емтихан қабылданған күні өткізіледі. 9.Емтихан комиссиясының мүшелері бітіруші кафедраның ПОҚ қатарынан институт директорының өкімімен бекітіледі. 10.Конвертті ашып, тапсырмалары бар билеттерді таратқаннан кейін оқытушы білім алушыларға пәннің силлабусына сәйкес олардың жауаптарын бағалау критерийлерін түсіндіруі тиіс.