Слайд 2
Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1. « Қызыл кітап » жайлы мәлімет 2. Қазақстан Республикасындағы « Қызыл кітапқа » енген өсімдіктер түрлері 3.Сирек кездестін өсімдік түрлері Қорытынды.
Слайд 4
Өсімдіктерге арналған Қазақстанның “ Қызыл кітабы ” 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапқа өсімдіктердің 303 түрі сипатталған. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлерін атап өтсек: ақ түкті астрагал, альберт құртқашашы, алтай қасқыржидегі, ақ тұңғиық, ақсары жуа, алтай раушаны, ақжолақ сасыр, альберт қызғалдағы, берік сүттіген, бор сылдыршөп, дәрмене жусан, кавказ таудағаны, кәдімгі емен, қаратау шөмішгүлі, қопал астрагалы, қаратау түйетабаны, қаратау ұшқаты, зайсан лақсасы, т.б.
Слайд 12: Көктем жанаргүлі — сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20 см-ге дейін. Сабағын қоңыр қабыршақтар жауып тұрады, қабыршақтарына жаңару бүрлері орналасады. Жапырақтары сағақсыз, ашық сары түсті үлкен гүлкүлтелі гүлдері жалғыз, қоңыр тамыр сабағы бар. Тұқымынан және тамырсабағы арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, шілдеде, жеміс береді. Жемісі күрделі, көптеген біртұқымды жаңғақшалардан тұрады. Көктем жанаргүлі - сирек кездесетін еуроазиялық далалық түр. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
Последний слайд презентации: қызыл кітапқа енген өсімдіктер
Ірі ақжапырақ ( лат. Jurinea robusta ) – астралылар жататын көп жылдық өсімдік. Іле Алатауында, Шу-Іле тауларында кездеседі. Биіктігі 40 см-ге жетеді. Тамыры жуан, қалың түкті. Сабағы әдетте тік, сирек тармақталған. Жапырақтары қалың жасыл түсті, жұмыртқа пішінді, ірі, қатты, бүтін жиекті. Дегелек жапырағы қысқа сағағына жиналған. Себеті ірі, біреу ғана, ұзындығы 4 см; жапырақшалары көп, қандауыртікен тәрізді. Күлтесі алқызыл түсті, ұзындығы 3-4 см. Маусым -шілдеде гүлдеп, шілде - тамызда жеміс салады. Жемісі — дәнек, ұзындығы 7-9 мм; айдаршасы ақ түсті, ұзындығы 20 мм. Тұқымынан көбейеді. Сирек кездесетін, эндемик және реликт түр. Сәндік үшін өсіріледі. Қазақстанның " Қызыл кітабына " енгізілген