Первый слайд презентации: Қонақ үйлердегі тарифтер
Орындаған: Дүйсенбаева А.А МІжМБ 1301
Слайд 2
Кейбір қонақ үйлердің баға құрылымы бірнеше тарифтермен көрсетілуі мүмкін. Тарифтің әрқайсысында өзіндік сипаты және қолдану шарттары бар. Қазір халықаралық қонақ үй практикаында қоладанылатын тарифтерді қарастырайық.
Слайд 3: Толтырылуына байланысты
Тариф « room only » — орналастырудан басқа ешқандай қызметтер құнын қоспайтын тариф. Ресей нарғында қонақ үйдің жоғарғы классында ҚҚСсіз баға орнатылады. Таңғы асы бар тариф (« bed & breakfast — ВВ) - тұру құнына таңғы ас қосылады. Көбінесе корпоративті және операторлық тарифтерінде қоданылады. Жартылай пансион ( half board — НВ) - таңғы ас және кешкі ас (немесе түскі ас) құнын қосатын тариф Толық пансион ( fullboard — ТВ) - 3 рет тамақтану құнын қосатын тариф
Слайд 4
Бәрі де қосылған ( All inclusive — ALL) - 3 рет тамақтану, қосмша тамақ ішу, алкогольсіз және алкогольді сусцндарды шексіз саны, сондай-ақ қонақ ү"дің ойын сауық бағдарламалары. Көбінсе негізіен санаторий, курорттық қонақ үйлерде қолданылады. Пакеттік тариф ( Packaged rates ) - өзіне екіден кем емес қонақ үй қызметтерін қосатын тариф. Мысалы, әуежайда қарсы алу-орналастыру-қонақ үйде таңғы ас-СПА қабылдау Отандық қонақ үйлерде көбінесе таңғы асы бар тариф (« bed & breakfast — ВВ), ж артылай пансион ( half board — НВ) және пакеттік тариф ( Packaged rates ) қолданылады.
Слайд 5: Брондау каналдары бойынша
Агенттік тариф ( Consortia Rate ) - консорциум мен бизнес-агенттіктеріне арналған комиссиондық тарифтер. Ғаламдық брондау жүйелері арқылы, қонақ үйдің сайты немесе тікелей қонақ үйде брондауға болады. Корпоративті тариф ( Coгрorate Rate ) - арнайы тариф, корпоративті тұтынушыларға белгіленген уақытқа берілетін тариф. Жеке немесе мемлекеттік кәсіпорындар, шетел елшілеріне белгіленген уақытқа қонақ үйде номер беру.
Слайд 6
Операторлық тариф-нетто ( Tour Operator Net Rate ) - комиссондық емес туроператорларға арналған тариф. Тұтынушыға қонақ үйдің номерін басқа да қызметтермен сатылатын тариф. Мысалы, ұшу, трансфер, экскурсиялық бағдарлама және де т.б.
Слайд 7: Шектеуге байланысты
Шектеусіз тариф ( No fenced Rate ) — келу мерзіміне байланысты шексіз тариф. Бұл тариф арқылы сағат кешкі 18.00-ге дейін ешқандай айыппұлсыз броньді алып тастауға болады. Броньдауды алып тастауға байланысты шектеулі тариф ( Cancellation fenced Rate ) — белгілі бір уақытқа байланысты алып тастау. Мысалы 24 сағат, а күн және т.б. Одан кейін бір түн орналысумен есептелінетін айыппұл алынады.
Слайд 8
Төлеу бойынша шектеулі тариф( Payment fenced Rate ) — мұндай тариф кезінде броньдау жасағанда міндетті түрде бір түн орналысу құнына сәйкес қайтарылмайтын депозит немесе барлық орналасу күннің құнын төлеу. Көбінсе интернет каналдарда қолданылады. Себебі бұл жерде төлемдер картамен жүргізіледі. Уақыт бойынша шектеулі тариф( Time fenced Rate ) — елгіленген арнайы күндері болады ( келу күні ) Шетеулі қолжетімділігі бо ынша тариф ( No Last Room Availability Rate ) — креекті категорияда номерлер бар болса да мұндай тариф кезінде сатулар тоқталуы мүмкін.
Слайд 11: Орналасу ұзақтығы бойынша тарифтер
Тәуліктік тариф ( Daily Rate ) — көбінесе 14.00/15.00 - ден бастап келесі күні 12.00 – ге дейін берілетін тариф. Қонақ үйлердің барлығында осы тариф қолданылады. Күндізгі тариф( Half Day Rate ) — бір күн аралғыда бірнеше сағатқа орналасу үшін қолданылатын тариф. Көбінсе түнгі сағаттарды қатымайды. Тәуліктік тариф бағаының 50% құрайды. Ұзақ уақыт бойы орналасуға арналған тариф ( Long - Term Stay Rate ) — бір айдан бастапр және одан да көп уақытқа орнласатын қонақтарға арналған тариф.
Слайд 13: Орналастыру типіне қарай
Жеке тариф ( Individual Rate ) — туристік және корпоратвті топтардан бөлек келетін қонақтарға арналған жеке орналастыру тарифі. Персоналды тариф ( Personal Rate ) — тұрақты қонақтарға берілетін арнайы тариф. Тек бір қонаққа арналған арнайы қосмша қызметтер де қосылады. Топтық тариф ( Group Rate ) — туристік немее корпоративті топтарды орналастыруғ арналған тариф. 10 номерден бастар брондаған кезде беріледі.
Слайд 15: Қонақ үй бизнесіндегі жұмыс істейтіндерге
Қонақ үй қызметкерлеріне арналған тариф ( Employee Rate ). Қызметкердер демалыс кездері өз қонақ үйлерінде арнайы тариф арқылы номердің қызмет көрсету кезіндегі өзіндік құнымен орналасады. Әуе және туристік компаниялар қызметкерлеріне ( PEP Rate, Travel Agent Rate ) — бизнеспен немесе демалыспен баратын қонақ үй бизнесінде жұмыс істейтіндерге арналған төмен тарифтер. Нақты тарифтерді таңдау және қолдану, баға орнату стратегиясын қалыптастыру, жаңа қонақ үй өнімдеріне баға орнату және бар өнім бағасын реттеу – осының барлығы қонақ үйлердің маркетингтік қызметінің бөлігі болып табылады
Слайд 16: Қонақ үй бизнесінде бағаны белгілеу
Қонақжайлылық индустриясында ең маңыздысы туристтерге қызмет көрсету болып келетіндіктен, қонақ үйдің бағаны орнату саясаты маңызды орын алады. Маркетингтік бақылауда, қонақ үйдің бағалық саясатын орнатуда 2 жолы бар. Олар:
Слайд 17: Баға дискриминациясы
Баға дискриминациясы ол – нарықтың сегментациясы мен бағаны дифференцациялау. Бұл жерде бағаны кәсіпорынның шығындары мен тауар өтімі нәтижесінің айырмашылығынан емес, тауарға деген жеке сұранысына байланысты белгілейді.
Слайд 18
Қонақтардың бағаға сезімтал сегменті үшін арнайы баға стратегиялары қолданылады (жеңілдіктер,үстемелдер). Бірақ потенциалды қонақтар үшін бағалар өзгеріссіз қалады. Мысалы, қаланың орталығында орналасқан қонақ үйлердің көбісі кәсіпкерлерге қызмет көрсететді, сондықтан да демалыс күндері олардың қонақтары аз. Осы мәселені шешуде олар, демалыс күндері туристер үшін арнайы бағалар мен жеңілдіктер немесе әртүрлі акцияларды жүргізеді. Осының нәтижесінде қосымша сұраныс пен қосымша қонақтарды тарту мүмкіншілігі болады.
Слайд 19
Көптеген кәсіпорындар бағаны дискриминациялау әдісін табысты көбейту үшін жиі қолданады. Бұл әдістің тиімділігі жоғары болуы үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. 1. Негізгі бағаның өзі біршама жоғары болуы керек, себебі нәтижесінде дискриминациялық жүйенің қолданылуы табыстың азаюына алып келуі мүмкін. Қонақжайлылықта көбінесе негізгі бағаның арқасында жеңілдіктер жасау жүйесі жақсы қолданылады, корпоротивті немесе коммерциялық қонақтарға, туристтік агенттіктерге, мемлекеттік мекемелер үшін, жарнамам мақсатында тегін қызмет көрсету.
Слайд 20
Бағалық тарифтерді орнату қонақ үйдің дәрежесіне сәйкес орнатылады. Дегенмен, бағамен манипуляция жүргізгеннің нәтижесінде, нөмірдің жалпы орташа бағасы төмен болады, ал егерде біз нөмірлер қорының негізгі бағасының тарифін жоғарлатсақ ол сұраныстың азаюына алып келуі мүмкін. Сондықтан да, қонақ үйдің нөмірлік қорының негізгі бағасы төмен болғаны дұрыс.
Слайд 21
2. Жеңілдіктердің көптеген түрлерін қолдану үшін оларды қатаң бақылау қажет. Әрбір өткізілген акция, жеңілдікке анализ, мониторингті жүргізу. Бағаның дискриминацисын жүргізгенде оған кететін шығындар қонақ үйдің табысына зақым келтірмеуі қажет. Сол себептен де, қонақ үйдің мүмкіндіктері жақсы дамыған, қызметтерінің ассортименті өте кең болуы тиіс. Мысалы, « ITT Sheraton » қонақ үйлері, бағаны дискриминациялаған кезде, « Hilton » қонақ үй деңгейіне жетем деген мақсатпен жұмыс жасайды, бірақ қонақтарды жоғалтып алм « Hilton » ас үшін олар, бағаны « Hilton » қонақ үйінен төмен, бірақ бәсекелестерінен біршама жоғары қоюы тиіс. Қонақтар қонақ үйлерінің дәрежесін анықтауда мәселелрі туындамауы қажет.
Слайд 22
3. Қонақтарды бағалық категорияларына қарай бөліп қарастырумен қоса, қосымша қызмет көрсететін кәсіпорындарды да ескеру қажет. Мысалы, қонақ үймен турагенттіктер келісімшартқа отырып, қонқ үй қызметтерін арзан бағамен сатып алып, қымбатырақ бағамен сату мүмкіншілігіне ие болуы керек. Бұл делдал фирмаларға қатысты. 1980 жылдары, елімізде бағаны белгілеуде түрлі шаралар қолдана алмағандықтан, көбінесе сыйлық беру жүйесі іске асатын. Осындай шараның мақсаты, тұтынушылардың сұраныстарын көбейту. Сыйлық беру жүйесі, тұрақты қонақтар үшін жинақ шотын ашумен айқындалады. Осының нәтижесінде, белгілі бір сома жинап, тұрақты қонақтар тегін қызмет көрсетумен қамтамасыз ету құқығына ие болады.
Слайд 23
Бағаны дискриминациялау түріне қарағанда, осы жүйенің артқшылықтары көбірек. Себебі, қонақ ақшасын жұмсаумен қатар белгілі бір қызметті алуы үшін олады арнайы жүйеде жинап, болашақта тегін қызметке жүгіну құқығын алады. Мысалы, тегін таңғы, түскі, кешкі астар, рекриациялық қызметтер, спа салондар және т.б. Қосымша қызметтер.
Слайд 24
Маркетингтік коцепцияларын қолдану, қонақ үйдің бағасының деңгейінің өзгеруін бақылауға, қадағалауға, бәсекелестіктің жоғарғы деңгейіне жетуге. Қонақ үйдің қаржылық жұмыстарының дұрыс атқарылуын қадағалауға көмектеседі. Қонақтардың базасын бақылауға, оларды жүйелеуге және оған баға тарифтерін қолдануға мүмкіншілік береді.