Первый слайд презентации: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті Жоғары Медициналық Білімнен Кейінгі Білім Беру Факультеті Жалпы Дәрегерлік Практика №2 кафедрасы
Тақырыбы: Шұғыл және төтенше жағдайдағы жедел жәрдем беру қызметін ұйымдастыру Орындаған:Алдаберген А.Ж. Тобы:ЖМ- 09-23 Қабылдаған:Нысантаева С.Қ. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті Жоғары Медициналық Білімнен Кейінгі Білім Беру Факультеті Жалпы Дәрегерлік Практика №2 кафедрасы
Слайд 2: Жоспар
Төтенше жағдай Шұғыл медициналық жәрдем Апат жағдайында зардап шеккендерге көмек Алғашқы көмек шаралары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Жоспар
Слайд 3: Төтенше жағдай
Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады
Слайд 4
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады.
Слайд 5
Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай – дүлей зілзала ( жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар ), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын Төтенше жағдай-лар.Рихтер шкаласымен есептелінеді.
Слайд 6
Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт ( жарылыс ), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын ( тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр -энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай.
Слайд 7: Шұғыл медициналық көмектің басты міндеттері
Медициналық жәрдемді дер кезінде көрсету Медициналық эвакуация және жолда болатын өлім көрсеткішін максимальды төмендету. Психоневрологиялық және эмоциональды әсерді төмендетуге бағытталған шаралар. Апат болған аймақта инфекция таралуын ескерту. Әріптестерінің денсаулығын сақтау Қаза болғандарға сот-медициналық сараптама жүргізу. Шұғыл медициналық көмектің басты міндеттері
Слайд 8: Шұғыл медициналық жәрдем көрсетеді:
Жедел жәрдем бригадалары (сызықтық және арнайы) Шұғыл медициналық жедел жәрдем бригадалары, емдеу-профилактикалық мекемелердің базасында құрылған (аурухана, медико-санитарлық бөлім, поликлиника, диспасерлер, санаториялар) Арнайы медициналық бригадалар және шұғыл арнайы медициналық жәрдем бригадалары (республикалық, облыстық, көп салалы, клиникалар) Мобильді (жылжымалы) госпитальдар (хирургиялық, инфекциялық)-жоғары мамандандырылған көмек Арнай эпидемияға қарсы бригадалар (Обаға қарсы базаларда құрылады)
Слайд 9: Апат жағдайында зардап шеккендерге көмек:
Көмек түрлері: Алғашқы медициналық көмек Дәрігерге дейінгі көмек Алғашқы дәрігерлік көмек Жоғары мамандандырылған дәрігерлік көмек Арнайы көмек Апат жағдайында зардап шеккендерге көмек:
Слайд 10
Төтенше жағдай аймағы бұл төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Слайд 13
Апат медициналық қызметі, тәбиғи және төтенше жағдайларда зардап шегушілердің денсаулғын сақтау, шұғыл медициналық көмек беру. Оның міндеттеріне мыналар кіреді : 1. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың немесе оны қоршаған адамдардың денсаулығына және өміріне қауып төнген жағыдайда, кенеттен болған аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, бақытсыз жағыдайлар, жарақаттар, уланулар, жүктіліктің және босанудан кейін асқынулар болған жағдайда ЖМЖ көрсету. 2. Науқастарды емдеу-профилактикалық мекемелерге тасымалдау. 3. Төтенше жағыдайларда, табиғи, жол апаттарын жою жұмыстарына белсенді араласу.
Слайд 14
Жедел медициналық жәрдем бекеті-ересектер мен балаларға өміріне қауіп төнген және бақытсыздық жағдайда, ауыр жіті ауруларда оқиға орнында және жол жөнекей тәулік бойы, ақысыз жедел медициналық көмек көрсететін медициналық мекеме болып табылады.
Слайд 15
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты - зақымданған адамның өмірін сақтап қалу және ошақтан тез арада тасымалдау. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің оптимальді уақыты-зақымданғаннан кейінгі алғашқы 10-15 минут, ал тыныс алуы тоқтап қалған кезде бұл уақыт 5-7 минутқа қысқарады. Алғашқы медициналық көмекті көрсету халықтың медицина жағынан дайындық деңгейіне тікелей байланысты. Дер кезінде көмек көтсеру өте маңызды, өйткені жарақаттан кейінгі 30 минутта көрсетілген көмектен кейін асқынулар сирек дамиды. Жарақаттан кейінгі 1 сағат ішінде көрсетілмеген көмектен өлім саны - 30%, 3 сағатқа дейін- 60%, 6 сағатқа дейін-90% жоғарылайды.
Слайд 16: Алғашқы медициналық көмек көлемін қысқартуға болмайтын шараларға мыналар жатады:
-жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету; -зардап шеккендерді үйінділер астынан, көліктерден, жанып жатқан ошақтардан шығару; -өрт кезінде жанып жатқан киімді сөндіру; -асфиксияда жоғары тыныс алу жолдарын тазалау; Алғашқы медициналық көмек көлемін қысқартуға болмайтын шараларға мыналар жатады:
Слайд 17
-қолда бар затпен сырқы қан кетуді уақытша тоқтату; -негізгі жүрек-өкпе-ми реанимациясын жасау; -құсу кезінде, тілдің артқа кетуінде, мұрыннан көп қан кеткенде науқасты бір бүйіріне немесе ішімен жатқызу; -ашық пневмоторакс кезінде тығындап клапанды таңғыш қою; -үсік болғанда жылы таңғыштар қою; -ауырсынуды басу; -зақымдану ошағынан тасымалдау; Аталған шараларды барлық халық игеру керек.
Слайд 18: Дәрігерге дейінгі көмек
- зақымданушы организмінің өмірге қажетті функцияларын ұстап тұруға, ауыр асқынуларды алдын-алуға және тасымалдауға дайындауға бағытталған медициналық шаралар кешені. Дәрігерге дейінгі көмекті денсаулық сақтау құрамасының орта буынды медициналық қызметкері және апаттық-құтқару қызметінің фельдшері, медбикесі атқарады. Дәрігерге дейінгі көмек
Слайд 19
Дәрігерге дейінгі көмектің негізгі мақсаты - өмірге қауіп тудыратын бұзылыстармен (асфиксия, шок, қан кету, тырысулар) күресу болып табылады. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсетудің оптимальді уақыты- зақымданғаннан кейінгі алғашқы 20-30 минут.
Слайд 20: Алғашқы көмек шаралары
- қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі қамтамасыз ету; - зақымданушыны алғаш қарау; алғашқы медициналық көмектің дұрыс жүргізілгендігін бақылау; аспиратор көмегімен жоғарғы тыныс алу жолдарын қаннан, сілекейден, құсықтан тазалау;
Слайд 21
-ауызға, мұрынға ауа өткізгіш түтікті енгізу (S-тәрізді түтік, комбитьюб); -жоғарғы тыныс алу жолдарының тұрақты обструкциясында крикотиреопункция жасау; -тәжірибелі фельдшердің коникотом көмегімен коникотомия жасауы; -қолмен жасайтын тыныс аппаратымен өкпені жасанды желдету; -жүрекке тікелей емес массаж жасау; -сыртқы қан кетуді бақылау, қосымша табельді құралдарды қолдану;
Слайд 22
-венозды перифериялық катетерді қолдану (диаметрі-1,0 мм кем емес); -кристаллоидты ерітінділермен инфузиялық терапияны жүргізу; -жансыздандыру және жүрек-тамыр препараттарын қолдану; -антибиотиктерді, қабынуға қарсы, седативті, тырысуға қарсы, құсыққа қарсы препараттарды ішке қолдану және енгізу; -айқын гемодинамикалық бұзылыстар мен интоксикацияда инфузиялық және дезинтоксикациялық терапияны жүргізу; -сорбенттер мен антидоттарды қолдану; -тыныс алуын жақсарту;
Слайд 23
-таңғыштарды бақылау және дұрыстап таңу; -транспорттық иммобилизацияны жақсарту; -зақымданғандарды жылыту; қасындағыларға қауіп тудырмау үшін ошақтан келген зақымданғандарға жартылай санитарлық өңдеу жүргізу;
Слайд 24: Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу қажет ?
1. Алғашқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз ( дұрысында, екі бірдей жиынтық ) Алғашқы жәрдем дәрі қорабы. Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. ( бір құты кофе мен бір қорап шай, тұз салынған қорапша алуға да болады ). Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы. Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы. От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз. Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта. Медициналық көрсеткіштер бойынша отбасы мүшелері жүйелі түрде қабылдайтын дәрілер ( нұсқау бойынша оларды тоңазытқышта сақтау қажет болмаған жағдайда ). Тағы бір осындай жиынтықты автокөліктің жүксалғышында сақтаған артық болмас еді. Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез-келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн. Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім : жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз. Шатыр мен ұйықтауға арналған қаптар болғаны дұрыс. Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу қажет ?
Слайд 25: Қорытынды
лай келе, а лғашқы көмек – ол адамның өмірін құтқаруға бағытталған жедел шаралар кешені. Жазатайым жағдай, сырқаттың кенеттен қысуы, улану – осы және басқа төтенше жағдайларда білімді алғашқы көмек қажет. Заң бойынша, алғашқы көмек медициналық болып саналмайды – ол дәрігерлер келгенше көрсетіледі немесе зардап шегуші госпиталданады. Алғашқы көмекті сол сәтте зардап шегушінің қасында болған кез келген адам көрсете алады. Бірақ азаматтардың кейбір санаты үшін алғашқы көмек көрсету – қызметтік міндеті. Бұл жерде сөз полиция қызметкерлері, әскериқызметшілер, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, және, әрине, медицина қызметкерлері туралы. Алғашқы көмек көрсете білу – қарапайым, бірақ әрбір адам білуі тиісті өте маңызды дағды. Шұғыл жағдайда ол біреудің өмірін құтқара алады. Сіздердің назарларыңызға алғашқы көмек көрсетудің 10 базалық дағдысын ұсынамыз. Қорытынды
Последний слайд презентации: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті Жоғары: Пайдаланылған әдебиеттер
https:// sputnik.kz/20210529/Algashky-meditsinalyk-komek-17185771.html https:// 103semey.kz/kz/informacziya-dlya-naseleniya/pervaya-pomoshh.html https:// egov.kz/cms/kk/articles/emergency_situations/recomend Пайдаланылған әдебиеттер