Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина — презентация
logo
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина
  • КӨМІРСУЛАР
  • ЖОСПАРЫ:
  • КӨМІРСУЛАР ДЕГЕН НЕ?
  • КӨМІРСУЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
  • ТАРИХИ АНЫҚТАМА
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина
  • КӨМІРСУЛАР АЛМАСУЫ
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина
  • КӨМІРСУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
  • МОНОСАХАРИДТЕР - ПЕНТОЗАЛАР
  • МОНОСАХАРИДТЕР - ГЕКСОЗАЛАР
  • ДИСАХАРИДТЕР
  • МАЛЬТОЗА
  • ПОЛИСАХАРИДТЕР
  • ПОЛИСАХАРИДТЕР
  • ПОЛИСАХАРИДТЕР
  • ГЛЮКОЗАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
  • ТОЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ (СТРУКТУРАЛЫҚ) ФОРМУЛАСЫ
  • ГЛЮКОЗАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
  • ГЛЮКОЗАНЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ
  • КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
  • ГЛИКОПРОТЕИДТЕР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ.
  • ҚОРЫТЫНДЫ:
  • ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН САЙТТАР.
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина
1/26

Первый слайд презентации

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті Қабылдаған: Ашимбекова Б. А Орындағандар: Әбілқасымов А. Тобы: ЖМ-212 КӨМІРСУЛАР Түркістан 2016

Изображение слайда

Слайд 2: КӨМІРСУЛАР

Изображение слайда

Слайд 3: ЖОСПАРЫ:

Көмірсулар деген не? Көмірсулардың қызметтері. Тарихи анықтама. Көмірсулар алмасуы. Көмірсулардың жіктелуі. Көмірсу алмасуының бұзылуы. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.

Изображение слайда

Көмірсулар – жартылай функциональды қосылыстар Бұлар молекула құрамында көміртек, сутек және оттек атомдары болатын, сонымен бірге ондағы сутек пен оттек атомдарының қатынасы дәл су молекуласындағыдай (2:1) болып келетін органикалық заттар. Көмірсулардың жалпы формуласы - С n (H 2 O) m Көмірсулар — ағзада энергияның көзі. Олар тәулік бойы колданылатын энергияның 67% дейін және 50% кем емес энергияның алмасуын камтамасыз етеді.

Изображение слайда

Олар биологиялық үрдістерге қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. Ағзадағы жүретін метаболизмдегі синтезделетін аралық немесе соңғы өнімдер үшін бастапқы материал болып табылады. Көмірсуларға өсімдіктердің құрғақ затының 80% -ы, жануарларда 20%-ы сәйкес келеді. Адам тамағының шамамен 70%-ы көмірсудан тұрады.

Изображение слайда

Слайд 6: ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Адамдар көмірсуларды өте ерте кезден бастап қолданып келеді, ең бірінші адам танысқан көмірсу (дәлірек айтқанда көмірсу қоспасы) бал болған. Қант қамысының Отаны солтүстік-батыс Үнді-Бенгалия. Еуропалықтар қант қамысымен Александр Македонскийдің б.з.д 327 ж. жорықтары нәтижесінде танысқан. Крахмал гректерге ертеден белгілі болған.

Изображение слайда

Слайд 7

1. Қант қызылшасындағы қантты таза күйінде 1747 ж. неміс химигі А. Маргграф алған. 2. 1811 ж. орыс химигі Кирхгоф алғаш рет крахмалды гидролиздеп глюкоза алған. 3. Алғаш рет глюкозаның дұрыс эмпирикалық формуласын 1837 ж. швед химигі Я. Берцеллиус ұсынды. С 6 Н 12 О 6 4. Көмірсуларды формальдегидтен Са(ОН) 2 қатысында синтездеуді 1861 ж. А.М. Бутлеров жасады.

Изображение слайда

Изображение слайда

Слайд 9

Глюкозадан гликогеннің түзілуін- гликогеногенез деп атайды. Организмде гликогеннің 2/5 немесе 150 гр поренхимасында қор ретінде жиналады. Гликогеннің тағы да 2/5 немесе 150 гр бұлшықеттерде, қалған 1/5 басқа органдарға жиналады. Қандағы глюкозаның мөлшері азайса гликоген қоры ыдырап қандағы мөлшерін нормаға айналдырады. Бұл процесс- гликогенолиз деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 10: КӨМІРСУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Көмірсулар = қантты заттар Жай (СН 2 О)n, мұнда n=3-9 моносахаридтер Күрделі Дисахаридтер С 12 Н 22 О 11 Полисахаридтер Сx(Н 2 О)y глюкоза фруктоза галактоза С 6 - гексозалар рибоза дезоксирибоза С 5 - пентоза сахароза лактоза мальтоза 2 гексозалар крахмал гликоген целлюлоза хитин полигексоза Көмірсулардың молекулалық массасы артқан сайын, олардың суда ерігіштігі азаяды және дәмінің тәттілігі де кемиді.

Изображение слайда

Слайд 11: МОНОСАХАРИДТЕР - ПЕНТОЗАЛАР

Рибоза Дезоксирибоза

Изображение слайда

Слайд 12: МОНОСАХАРИДТЕР - ГЕКСОЗАЛАР

Глюкоза Фруктоза Галактоза МОНОСАХАРИДТЕР - ГЕКСОЗАЛАР

Изображение слайда

Слайд 13: ДИСАХАРИДТЕР

Сахароза (кәдімгі тағамдық қант). Ол қант қызылшасы мен қант қамысында көп мөлшерде кездеседі.

Изображение слайда

Слайд 14: МАЛЬТОЗА

Мальтоза (солод қанты) Мальтозаны солод құрамындағы крахмалды ферменттер қатысында гидролиздеу арқылы алуға болады.

Изображение слайда

Слайд 15: ПОЛИСАХАРИДТЕР

Крахмал – көптеген өсімдіктердің қорлық полисахариді Өнеркәсіпе оны картоптан алады. Бұл ақ түсті ұнтақ.

Изображение слайда

Слайд 16: ПОЛИСАХАРИДТЕР

Целлюлоза (жасунық ) – табиғатта кең таралған: өсімдік ұлпалары содан құралған. Мақта, фильтр қағазы – целлюлозаның (96% -ке дейін) ең таза түрлері. Ағаштың ең негізгі құрам бөлігі – целлюлоза.

Изображение слайда

Слайд 17: ПОЛИСАХАРИДТЕР

Гликоген – жануар крахмалы, ол бауырда жинақталады және жануарлар мен адам ағзасының қор заты болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 18: ГЛЮКОЗАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Қатты, кристалды зат Түссіз Тәтті дәмі бар Суда жақсы ериді

Изображение слайда

Слайд 19: ТОЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ (СТРУКТУРАЛЫҚ) ФОРМУЛАСЫ

Н Н Н ОН Н О │ │ │ │ │ // Н─ С ─ С ─ С ─ С ─ С ─ С │ │ │ │ │ \ ОН ОН ОН Н ОН Н

Изображение слайда

Слайд 20: ГЛЮКОЗАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Көпатомды спирт ретіндегі қасиеттері ( – ОН топқа байланысты), 2. Альдегид ретіндегі қасиеттері ( -СОН топқа байланысты), 3. Глюкозаның өзіне тән қасиеттері.

Изображение слайда

Слайд 21: ГЛЮКОЗАНЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ

1 ) Спирттік ашу С 6 Н 12 О 6 → 2СН 3 -СН 2 ОН + 2СО 2 ↑ Этил спирті 2) Сүт қышқылдық ашу С 6 Н 12 О 6 → 2СН 3 -СНОН –СООН Сүт қышқылы 3) Май қышқылдық ашу С 6 Н 12 О 6 → С 3 Н 7 СООН + 2Н 2 ↑ + 2СО 2 ↑ 4) Толық тотығуы С 6 Н 12 О 6 +6О 2 → 6Н 2 О + 6СО 2

Изображение слайда

Слайд 22: КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Қантты диабетте гликоген алмасуының бұзылуы осы аурудың негізгі белгісі болып саналады. Ұйқы безіндегі Лангерганс аралшаларының В-жасушаларынан бөлініп шығатын инсулин гормонының тапшылығы нәтижесінде глюкозаның гликогенге айналу үрдісі бұзылып қанда қант мөлшері көбейіп кетеді (гипергликемия) және олар зәрмен шыға бастайды (глюкозурия ). Бауырдағы гликоген мөлшері төмендеп кетіп, оның орнын май басады. Осыған байланысты бүйрек шумағында сүзілу үрдісі күшейіп, бүйрек сүзгісінің негізгі мембранасы қалыңдап, капиллярлар арасындағы жасушалар (мезангий жасушалары) көбейе бастайды. Бұл өзгерістерді диабетке байланысты капиллярараралық гломерулосклероз дейді. Зәрмен бөлініп шығып жатқан глюкозадан бүйрек өзекшелерінің эпителиінде гликоген синтезделе бастайды, сол үшін бұл жасушалардың көлемі үлкейген, цитоплазмасы ақшыл арнайы бояғанда құрамында гликоген барлығы анықталады.

Изображение слайда

Слайд 23: ГЛИКОПРОТЕИДТЕР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Гликопротеидтерге муцин мен мукоидтар кіреді, оларды шырышты және шырышқа ұқсас заттар деп атайды. Көптеген патологиялық жағдайларда тіндер мен жасушаларда шырыш істеп шығару үрдісі бұзылады. Асқазан шырышты қабатындағы бездердің тітіркенуі нәтижесінде секреция үрдісі күшейіп асқазанның ішкі қабатын шырышты зат жауып жатады (гиперсекреция). Егер шырышты заттар тиісті мөлшерден кем пайда болса, олар ылғалдап тұрған шырышты қабықтар құрғап қалады (гипосекреция). Мысалы, Шегрен синдромында көздің шырышты қабығы құрғап, содан сон ол жер қабынады (кератоконъюнктивит).

Изображение слайда

Слайд 24: ҚОРЫТЫНДЫ:

Күнделікті азықтың 60%-ы көмірсудан тұрады Көмірсулар Азық құрамында көмірсудың жетіспеушілігі зиян және ол ағзадағы нәруыз бен майлардың энергиясын қарқынды пайдалануға әкеледі. Олардың ыдыруы нәтижесінде адам ағзасына зиянды заттар саны артады. Құрамы бойынша жіктеледі Күрделі крахмал (С 6 Н 10 О 5 ) n Жай глюкоза С 6 Н 12 О 6 Олардың құрамында екі функциональды топ болады: 1) Гидроксо топ, құрылымдық (структуралық) формуласы -ОН 2) Карбониль топ, құрылымдық (структуралық) формуласы -НС=О Тағам құрамындағы көмірсулардың көп болуы зиян, ол семіздікке әкеледі. Қантты мөлшерден тыс көп қабылдау ішек микрофлорасы функциясына кері әсер етіп, холестериннің алмасуын бұзады және қан сары суында оның мөлшерінің көбеюіне әкеледі. Көмірсулар адам ағзасында қорға жиналуы мүмкін! глюкоза С 6 H 12 O 6 Көмір қышқыл газы СО 2 мен суға Н 2 О ыдырайды және энергия бөледі (1 г. көмірсу – 4,1 ккал.)

Изображение слайда

Слайд 25: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН САЙТТАР

“Биологиялық химия” З.С.Сеитов “Биохимия” З.С.Сеитов http://slovari.yandex.ru/dict/bse/article/00083/75500.htm http://ru.wikipedia.org http://images.yandex.ru

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина

Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации