Слайд 2
Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес 2001 жылғы мамырда шаңырақ көтерді де, еліміздегі мұнай шикізатынан түсіп жатқан қомақты қаржы өскелең ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорға жинақтала бастады.
Слайд 3: Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Мемлекеттік бюджет Ұлттық қор Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше бюджеттермен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры да кіреді. Бюджет кодексінде берілген анықтама бойынша ҚР Үкіметінің Ұлттық банктегі шотында жиналатын материалды емес активтерден басқа қаржы активтер Ұлттық қорды құрайды. Ұлттық қор елдің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділігі мен қолайсыз сыртқы факторлар әсерін төмендету мақсатпен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру болып табылады.
Слайд 4
Ұлттық қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы қорды басқарудан түсетін инвестициялық тбыстар қарастырылады. Республикалық бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей анықталады: шикізаттық сектор субъектілерінің нақты түсімдері мен олардың бекітілген жылдық көлемдері араларындағы айырмасы мөлшерінде; шикізат табу мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүліктерді жекешелендіруден түскен түсімдер мөлшерінде; шикізаттық сектор субъектілері түсімдерінің жоспарлы сомаларының 10 пайыз мөлшерінде.
Слайд 5: Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау және бекіту
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті. Қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды кіріктіруі тиіс: Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп; Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақстаында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Слайд 6
.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары Қазіргі уақытта Ұлттық қорға бекітілген тізбе бойынша 55 мұнай секторы кәсіпорнынан түсетін тікелей салықтың, республикалық меншіктегі және тау-кен әрі өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер аударылады. Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге және Ұлттық қорды басқаруға және аудитке байланысты шығыстарды жабуға жұмсалуы тиіс. Бұл ретте Ұлттық қордан мұнайға жатпайтын сектордан түсетін түсімдердің азаюы салдарынан ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру үшін қосымша қаражат алынбауы тиіс. Ал ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың өсіп отырған шығыстары тиісті шектеулерге сәйкес қажетті қаражат қарыз алу есебінен ғана жабылуы мүмкін. Сондай-ақ, Ұлттық қордың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге пайдаланылмайтын-дығын атап өту керек. Ұлттық қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 5ші қосымшада бейнеленген. Ұлттық қордың кіріс көздерінің есебінен жүзеге асырылады: бір жолғы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату); түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.
Слайд 7: Ұлттық қор қаражаттарының қалыптасуын талдау
Ұлттық қорда жоғары конъюнктура тудыратын қосымша түсiмдер шоғырланғандықтан, Ұлттық Қордың ең үлкен мөлшерi шектелмейдi. Оның үстiне Ұлттық қордың жинақтаушы қызметiн атқару үшiн төмендетілмейтiн қалдық оның мөлшерi халықтың жан басына есептелген, заңнамалық актілермен анықталатын белгілi бiр шамадан төмен емес осындай деңгейде белгiленедi. Бұл ретте осы шама Ұлттық қорда қаражаттың жинақталуына қарай арту жағына түзетiлетiн болады. Сол сияқты Ұлттық қордың қалыптасуы көлемi жағынан бiржолғы (республикалық меншiктегi және кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) не тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) түсiмдермен сипатталатын түсiмдер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, олар едәуiр аралықта ауытқуы және Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасауы мүмкiн.
Последний слайд презентации: ҚР- ң ұлттық қоры
Осылайша, Ұлттық қорды қалыптастырудың негiзгі көздерi мыналар болып табылады деп болжанады: мұнай секторынан түсетiн тiкелей салықтар (жергіліктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда), оған корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, роятилер, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегi үлес, экспортталатын мұнайға салынатын ренталық салық жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы төлейтiн басқа да салық түрлерi тиiстi бюджеттерге есептелуге жатады. Шикi мұнай мен газ конденсатын өндiрумен және/немесе сатумен айналысатын мұнай секторына барлық заңды ұйымдар жатады; республикалық меншiктегi және кен өндiру мен өңдеу салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер есебiнен анықталатын ресми трансферттер; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер есебiнен белгiленетiн ресми трансферттер; Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер. Көрсетiлген ресми трансферттер және өзге де түсiмдер Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру көздерi ретiнде тек жинақтаушы функцияны қамтамасыз ету үшiн ғана пайдаланылуы тиiс.