ҚР-ның шет елдермен қарым-қатынастары — презентация
logo
ҚР-ның шет елдермен қарым-қатынастары
  • ҚР-ның шет елдермен қарым-қатынастары
  • Жоспары:
  • Кіріспе
  • Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы
  • ҚР-ның шет елдермен қарым-қатынастары
  • Қазақстанның халықаралық байланысы
  • Қазақстан-Ресей байланыстары
  • ҚР-ның шет елдермен қарым-қатынастары
  • АҚШ-Қазақстан байланыстары
  • ҚР-ның шет елдермен қарым-қатынастары
  • Қорытынды:
1/11

Первый слайд презентации: ҚР-ның шет елдермен қарым-қатынастары

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Жаратылыстану факультеті Химия-01 101-топ Дайындаған: Шукирбаева А.Л Тексерген: Хибина З.Н

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспары:

Кіріспе ; Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы ; ҚР-ның халықаралық байланысы; Қазақстан-Ресей байланыстары ; АҚШ-Қазақстан байланыстары; Қорытынды.

Изображение слайда

Слайд 3: Кіріспе

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепетеңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр.

Изображение слайда

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

Изображение слайда

Слайд 5

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

Изображение слайда

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Изображение слайда

Слайд 7: Қазақстан-Ресей байланыстары

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы: 1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу. 2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау

Изображение слайда

Слайд 8

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған “ Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы ” Декларация жарияланды. Нәтижелері : 1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты. 2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. 3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі б ip д e й мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2022 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарымқатынас құрғанының 30 жылдығын атап өтеді.

Изображение слайда

Слайд 9: АҚШ-Қазақстан байланыстары

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарымқатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Изображение слайда

Слайд 10

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ҚР-ның шет елдермен қарым-қатынастары: Қорытынды:

Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

Изображение слайда

Похожие презентации