Слайд 2
Құрбан айт ( Араб тілі : عيد الأضحى ‘Īd ul-’Aḍḥā, Урду тілі : بقرعید) – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол « ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.
Слайд 3
Әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Аллаһның бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіру, дастарқан мәзірін дайындау үшін жұмыстан сұрану керек еді.
Слайд 4
Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздан алдын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту – хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті.
Слайд 5
Аллаһ Тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат – құрбандық шалу.
Слайд 6: Құрбан айттың бірінші күні
Құрбан айттық бірінші күні (Зилхиж-жаның 10-ыншы күні) таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазы оқылады. Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жасалады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет алады. Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) барады. Құрбан аиттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Әр тасты: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш-шайтани уа хизбиһ» деп айтып, лақтырады. Мағынасы: «Аллаһтың атымен' Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер каламаса да». Алғашқы тас лақтырылғанда тәлбия айту тоқтатылады. Үлкен шайтанға жеті тас лақтырғаннан кейін тәматтуғ немесе қиран Қажылығын орындаушылар Харам аумағының кез келген жерінде мойындарына уәжіп құрбандарын шалады немесе басқа біреуді өкіл жасап шалдырады. Ифрад Қажылығын орындаушыларға құрбан шалулары уәжіп болмағандықтан нәпіл құрбан шалуларына болады.
Слайд 8: Құрбан айттың екінші, үшінші және төртінші күндері
Құрбан айттық екінші, үшінші және төртінші күндері (Зилхижжаның ІІ, 12, 13-ші күндері) күн тас төбедей ауғаннан кейін бірінші - Кішкентай; екінші - Орта; Үшінші Үлкен шайтан тастарға жеті-жетіден тас лактырады. Кішкентей және Орта шайтан тастарға тас лақтырып болғаннан кейін дұға жасалады. Үлкен шайтан тасқа тас лақтырған соң дұға жасамай, дереу ол жерден кетеді. Құрбан айттық екінші және үшінші күндері күн тас төбедей аумай шайтан тастарға тас лактырмайды. Құрбан айттық төртінші күні шайтан тастарға тас лақгырмайтындар (бұл күні лақтыру абзал, бірақ уәжіп емес) төртінші күні таң атпай Миналан қайтулары шарт. Әйтпесе, төртінші күні де тас лақтырулары уәжіп боп қалады. Яғни, Минала қалғандар үш шайтан тастың әрқайсысы жеті-жетіден тас лақтырып, Меккеге қайтады. Миқат шекараларының сыртынан кел-гендер Меккеден шығар кезде қоштасу тауабын жасайды. Бірақ одан да бұрын жасауларына болады. Егер бұрын жасалын қойса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын жасағаннан кейін Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап жасауға болады. Мұндай жағдайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы -уадағ (қоштасу) тауабы деп есептеледі.
Последний слайд презентации: Құрбан айт мерекесі
МЕЙІРІМДІЛІК МЕРЕКЕСІ Исі мұсылман баласының ең ұлық мерекесіне айдан аман, жылдан есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Татулық пен ынтамақта өмір сүріп жатқан халқымыз биыл да мерейлі мерекені қуанышпен қарсы алуда. Ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен берекеге бастаған асыл дініміздің жанашыры Елбасы Құрбан айттың құрметіне бұл күнді ресми түрде атап өтуге пәрмен берді. Аллаға шүкір, тыныштық орнаған қоғамда дін де өркендейді. Құрбандық – үлкен тарих, ұлық ғибадат. Ол сонау Ибраһим ( ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алады. Құрбан шалу – пайғамбарлар атасы саналған Ибраһимнің ( ғ.с.) сүннеті. Мұхаммед үмбетіне де құрбандық дәстүр мұра болып жетті. Себебі, Адам ( ғ.с.) атадан бастап, Алла елшісі Мұхаммедке ( с.ғ.с.) дейін барлық пайғамбарлар діні ханиф, яғни бір Аллаға құлшылық діні болды. Әз пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) бұл туралы : الأنبياءُ إخوةٌ لعَلاَتٍ دينُهم واحدٌ وأمهاتُهم شتىَّ « Пайғамбарлар аналары бөлек, бірақ әкесі бір бауырлар секілді », – деп, елші-пайғамбарлар діні ( ақидасы, сенімі ) бір, ал шариғаты заманына сай әртүрлі болғандығын жеткізген. Сол себепті Ибраһимнің ( ғ.с.) сүннеті бізге де жат емес. Шын мәнінде, Ибраһим ( ғ.с.) пайғамбарға біздер, мұсылмандар жақынырақпыз. Қасиетті Құран Кәрімде : إِنَّ أَوْلَى النَّاسِ بِإِبْرَاهِيمَ لَلَّذِينَ اتَّبَعُوهُ وَهَذَا النَّبِيُّ وَالَّذِينَ آَمَنُوا وَاللَّهُ وَلِيُّ الْمُؤْمِنِينَ