Құстардың инвазиялық аурулары — презентация
logo
Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
  • Құстардың инвазиялық аурулары
1/24

Первый слайд презентации: Құстардың инвазиялық аурулары

Орындаған:Тойлибаева Толқын Тағайбек Дулатбек

Изображение слайда

Слайд 2

Мал дәрігерлік паразитология-қоздырғыштары жануартектес қарапайымдыларға,ішқұрттарға,кенелерге және жәндіктерге жататын инвазиялық ауруларды зерттейді.

Изображение слайда

Слайд 3

Инвазиялық аурулардың мал шаруашылығына келтіретін зияны Инвазиялық аурулар үй хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде кездесетіндіктен,олар халық шаруашылығына қыруар зиян келтіреді.Көптеген инвазиялық аурулар,әсіресе протозойдтық және ішқұрттық аурулары жануарларды жаппай өлім-жітімге ұшыратады.Ірі қара малы тейлериоз бен пироплазмоздан жаппай шығынға ұшырайтыны барша жұртқа мәлім,сондай-ақ тауық балапандары және үй қояндары эймериоздан және көптеген ішқұрт ауруларынан,қой мен ірі қара малы диктиокаулез бен мониезиоздан,фасциолезден,қой ценуроздан көп шығынға ұшырайтыны белгілі.

Изображение слайда

Слайд 4

Инвазиялық аурулардың атауы немесе аты Ең алғашқыда К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц ( 1928 ) гельминтоздарға ғылыми атау енгізіп,олар қоздырғыштардың туыс атауына *өз* немесе *ез*деген қосымша жұрнақ қосуды ұсынды.Әр зоологиялық түрдің латынша қос аты бар:туыстық және түрлік.Мысалы: Dicrocoelium lanceatum,Moniezia expansa ;ал бұлар қоздыратын ауруларды дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды.

Изображение слайда

Слайд 5

Инвазиялық аурулардың эпизоотологиясы Инвазиялық ауруларға эпизооттық процесс,бұл қоздырғыштың ауру малдан немесе паразит тасымалдаушыдан сау малға,қалыптасқан жолмен өтетін,тоқталмас тізбек. Инвазиялық аурулардың ішінде жануарларға тікелей жанасқанда жұғатындары көп емес.Бұған шағылысқанда жұғатын киеңкі ауруы,соз ауруы,саркоптоидоз немесе қотыр аурулары,биттеу және т.б. жатады.Көптеген эктопаразиттер өсіп-өнуінің бір бөлігін қоршаған ортада немесе аралық иесінде немесе тасымалдаушыларда өткізеді. Инвазия қоздырғышы сыртқа әр түрлі жолдармен шығады :нәжіспен,несеппен,танаудан аққан жалқаяқпен,сілекеймен,сүтпен,көзден аққан жаспен,қанмен және т.б.

Изображение слайда

Слайд 6

Инвазиялық ауруға бейімді жануарларға оның қоздырғыштары ауыз арқылы,тері арқылы,тасымалдаушылар жіне тікелей жанасу арқылыда,сондай-ақ аралас жолмен де жұғады ( ауыз және тері арқылы ). Паразит ауруларына қарсы жүргізгенде,қоздырғыштың табиғатта өсіп-өну ерекшеліктерін,сондай-ақ,оның тасымалдаушылары мен аралық иелерін,аймақтық эпизоотологиясын ескеру қажет.Паразит ауруларының шығуы және таралуы классикалық үштікке,яғни,ауру малдың,ауру қабылдаушы жануардың және қоздырғыш тасымалдаушылардың немесе қоршаған ортаның мінездемесіне байланысты. Инвазиялық аурулар энзоотия және эпизоотия түрінде өтуі мүмкін.Ал кейбір инвазиялық аурулар бірнеше елге жайылып панзоотия түріне айналады.Мысылы,бірінші дүниежүзілік соғыс кезінд жылқының қотвр соғысып жатқан елдердің аттарыны түгел тараған. Эпизоотологиялық құбылыстың заңдылығн,оның барлық қозғағыш күштерінің қарым-қатынастарының білу,ауыл шаруашылық жануарларының инвазияға шалдығу мерзімін болжап,оларға қарсы дауаларды дер кезінде жоспарлап және оларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Изображение слайда

Слайд 7

Инвазиялық аурулардан сақтандыру негіздері Инвазиялық ауруларда вакцина егу және қан сарысумен емдеу сияқты шаралар әлі кеңінен қолданыс тапқан жоқ,ал дезинвазиялық шаралар барлық ауруларда қолданыла бермейді.Бірқатар инвазиялық ауруларда кркнтин шаралары қолданылады.Қоздырғыштары адамды және жануарларды зақымдайтын инвазияларды антропозооноздар деп атайды. Малды ішқұрт ауруларынан сақтандыру үшін,мал жеміне арнайы химиялық препараттарды қосып береді.Бұл дәрілер ішқұрттардың балаң құрттарын өлтіреді немесе олардың дамуын тежейді.Кейбір қарапайымдылар қоздыратын аурулардан сақтандыру үшін жануарлардың қанына немесе тері астына қоздырғышты өлтіретін,немесе оның дарығыштығын тежейтін дәрілер жңберіледі.Химиялық дәрілердің көмегімен қоздырғыштың патогендік күшін әлсіретуге болады.Мұндайда организмде залалды иммунитет,яғни премуниция пайда болады.Паразит ауруларын дауалауда маңызды шаралардың бірі- жануарлардың күтімі мен азықтандыруын жақсарту.Ал мұның өзі организмнің қоздырғыштарға қарсы төзімділік қасиетін күшейтеді.

Изображение слайда

Слайд 8

Инвазиялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы жргізілетін шаралар Биологиялық сақтандыру Шаруашылықтық әдістер,көңді биотермиялық зарарсыздандыру,жайылымдарды жырту және суландыру,шалшық жерлерді кептіру,жайылым ауыстыру және көпжылдық шөп егу,жайылымдарды мәдени пайдалану Химиялық сақтандыру Химиотерапиялық,инсектоакарицидтік дәрілер қолданылады.Мысалы,инсектоакарицид ерітіндісін мал терісіне шашу арқылы ондағы кенелер мен жәндіктерді жоюға болады.Жайылым кенелеріне қарсы акарицидтерді қолдану арқылы мал басын пироплазмидоз аурларынан сақтандырады.

Изображение слайда

Слайд 9

Дегельминтизацияның түрлері Лажсыз дегельминтизация Сақтандыру дегельминтизациясы Преимаги- нальдық дегельминтизация Диагностикалық дегельминтизация Ішқұрт ауруларына қарсы шаралардың ішіндегі бастыларының б ірі- дегельминтизация.Дегельминтизация дегеніміз мал- жануарлар денесін химиялық дәрі арқылы ішқұрттардан босату.

Изображение слайда

Слайд 10

Лажсыз дегельминтизация-ішқұрт ауруларының сырт белгілері білінгенде,гельминтоздан өлім-жітім болдырмас үшін кез келген уақытта қолданылады. Сақтандыру дегельминтизациясы –жоспар бойынша жылдың белгілі бір мерзімінде жүргізіледі.Мұндайда ішқұрттың биологиялық дамуына байланысты маусымдылығы және басқа эпизоотологиялық деректері ескеріледі Преимагинальдық дегельминтизация –ішқұрттардың организмде жынысы толық жетілмеген мерзмінде қолданылады.Мұндайда қоршаған ортаға ішқұрттың жұмыртқалары мен балаңқұрттар тарамайды. Диагностикалық дегельминтизация -беймәлім гельминтозды толық анықтау үшін қолданылады.

Изображение слайда

Слайд 11

Құс боррелиозы ( спирохетоз ) Боррелиоз -құстарда кездесетін жіті және созылмалы ауру.Ауруға шалдыққан құстың денесі ысып,қаны азаяды,іші өтеді және аяқтары мен қанаттары жартылай салданады.Кейбір құстарда ауру ешбір сырт белгісіз өтеді. Қоздырғышы.Ауру қоздырғышы боррелиалар да,анаплазмалар тәрізді Protohyta топтамасына ( типіне ), Spirochaetus тегіне жатады. Құс боррелиозын қоздыратын Borrelia anserinum ( Spirocheta gallinarum ) ұзынша жіп тәрізді иректелген,ұзындығы 3-30 мкм,ені 0,2-0,4 мкм.иір саны 9-12 дейін.Романовский әдісімен боялған қан жұғындысының қызыл түйіршіктері арасына орналасқан. Өсіп-өнуі.Боррелияларды ауру құстан кеселге бейім құстарға Argas persicus және дерманиссус кенелері,сондай-ақ қандалалар - Cimex lectularius тасымалдайды.Құс және тасымалдаушылар денесінде спирохеттер көлденеңінен бөліну арқылы көбейеді.Олар тауық ұрығында да көбейеді.Жасанды қорек орталарында борелиялар көбейгенімен,оларды қайталап еккенде өсіп-өнуі тоқтап қалады.

Изображение слайда

Слайд 12

Эпизоотологиялық деректер. Боррелиоз ауа райы жылы елдерде көбірек тараған.Ауру Қырымда,солтүстік Кавказда,төменгі Поволжьеде,Кавказ,Орта Азия республикаларында және Қазақстанда кездеседі.Боррелиоз Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында үй және жабайы құстар арасында кездееді.сондықтан оны табиғи ошақты аурулар қатарына жатқызуға болады. Акру тасымалдайтын кенелер 15-20 С жылылықта құсты талайды.Сондықтан боррелиоз жаз айларында,әсіресе ыстық күндері байқалады. Үнемі қан сорып қоректеніп жүрген аргас кенеленрінде боррелия сегіз жылға дейін өзінің ауру тудырғыштық қабілетін сақтайды.Қоршаған ортада қанның кебуінен спирохеттер тез жойылады.4-6 С суықтықта боррелиялар 90 күнге дейін тіршілік етеді. Аурудың дамуы. Құс денесінде боррелиялар алғашқыда сүйек майында,бауырда,талақта және т.б. Ішкі мүшелерде көбейеді,ал кейінірек қанға көшеді.спирохеттердң көбеюі кезінде құс денесіне улы заттар шығуы мүмкін,олар құстың орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізіп,зат алмасуын бұзады,қан түзілуін тежейді,эритроциттерді ыдыратып,дене ыстығын көтереді.Боррелиялардың шумақтары қыл тамырларды бітеп тромбозға соқтыруының,ауру құстың өлім-жітімге ұшырауының бір себебі болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 13

Иммунитет.Боррелиозбен ауырып сауыққан құста тұрақты және 3 жылға дейін осы ауру қайта дарымайтын иммунитет пайда болады. Ауру белгілері.Жасырын кезеңі 2-7 күн аурудың жіті түрінде құстың ыстығы көтеріліп, қалғиды,кілегей қабықтары бозарып,қан аздығы байқалады.саңғырығы жасыл-қара түсті.Қаздардың көбінесе жүйке жүйесі шалдығып,жүргенде тәлтіректейді,асқақтайды,қанаттары жартылай салданады,басы қисаяды. Аурудың созылмалы түрі көбінесе ересек тауықтар мен үйректерде кездеседі.Ауру құстыың денесі сылбыр,қауырсындары үрпейіп көп отырады.Жемді де сылбыр қабылдап,іші өтеді.Егер 2-3 апта осы айтылған белгілері жойылмаса,онда құс бірте-бірте арықтап,өлім-жітімге ұшырайды.Боррелиозбен келетін құстың 90 % - не дейін жетуі мүмкін. Өлекседегі өзгерістер. Өлген құстың кілегеәій және сірі қабықтары бозарыңқы,бауыры сары балшық түстес немесе боз-қоңыр.Талағы 2-3 есе үлкейген,бауыры және т.б. Ішкі мүшелері қанталанған. Емі. 1% - ті новарсенол жақсы нәтиже береді.Оны ет аралығына 0,02-0,05 г /кг мөлшерінде егеді. Осарсол дәрісін 0,03г/кг дозада қатарынан үш күн күніне 2 рет ексе нәтиже алуға болады.

Изображение слайда

Слайд 14

Дауасы және күресу шаралары.Кенелердің құс қоралары мен фабрикаларында болмауын қамтамасыз ету қажет.Құс қораларында олардың ағаш жабдықтарында кене мекендейтін саңылаулары мен жарықтары болмауы қажет.Жаңа қоралар мен құс фабрикаларын құстармен толықтырғанда,құс денесінде кенелер жабысрау үшін шаралар қолдану керек.Боррелиоз тұрақты кездесіп отыратын құс қораларында,аурудан сақтандыру үшін барлық құсты вакцинациялау қажет.Авитаминоз,сарыауыз перитониті,кокцидоз және т.б. Індетке шалдыққан құстарда боррелиозға қарсы вакцинациядан кейін иммунитет дарымайды. Вакцинациялаумен қатар құс қораларын кенеге қарсы дәрілеу шарт.Себебі егілген құсты кене шақса,оның жұмыртқалағыштығы кемиді,шөжелердің өсуі төмендейді.Сондай-ақ боррелиозға қарсы вакцинациялау,эгиптианаллезге бөгет бола алмайды. Боррелиоз шыққан қорадағы құстарды түгелдей шығарып,арасына 8-12 күн салын новарсенол мен бициллин 5 пен екі рет емдеу керек.

Изображение слайда

Слайд 15

Құс кнемидокоптозы Кнемидокоптоз немесе аяқ қотыры жасы бірден асқан құстарда кездесетін ауру.Оны қоздыратын құс аяғының қауырсынсыз жерлеріндегі,мүйізді қабығы астында өмір сүретін өте ұсақ Knemidocoptes туысына жататын кенелер.Әдетте кнемидокоптоз тауықтатарда кездесуі мүмкін. Қоздырғышы. А cariformes тегіне, analgesoidea тобына, Knemidocoptes туысына және Knemidocoptes mutans түріне жататын кенелер. Kn.mutans кенесінің дене тұрқы 0,5 мм,пішіні дөңгеленген.Ұрғашыларының арқа жағы шығыңқы,ал құрсақ жағы жайпаңдау келеді.Тұмсығы таға тәрізді.Аяқтары өте қысқа,арқа жағынан қарағанда үшінші және төртінші жұп аяқтары көрінбейді.Ұрғашыларының табанында екі тырнақша тәрізді өсіктері бар. Еркектерінің дене пішімі сопақ,арт жағында қылтанақтары бар.Еркек кенелердің аяқтары ұрғашыларының аяқтарынан ұзындау келеді. Өсіп-өнуі.Ұрықтанған ұрғашы кенелер балаң кенелер туады.балаң кенелерден бірінші нимфа,ал бұлардан екінші нимфа шығады.Екінші нимфалардан имаго сатысындағы еркек немесе ұрғашы кенелер пайда болады.Ұрғашы кенелер өз өмірінде 6-8 балаң кене туады.Қолайлы жағдайларда кененің өсіп-өнуіне 20-26 тәулік керек.Қоршаған сыртқы ортада кенелер 5-7 тәулік өмір сүре алады.

Изображение слайда

Слайд 16

Эпизоотологиялық деректер. Кнемидокоптоздың құсқа жұғуына оларды тығыз орналастыру ықпал етеді.Клиникалық белгілері анық жаз айларында байқалады. Патогенезі.Аурудың қоздырғышы қауырсынсыз жерлері қабыршақтарының астында өсіп,дамиды.Қабынған жерлер уыттанады.Одан шыққан дымқыл сқұйық шаңмен араласып,құс аяқтары былғаныш сұр түске боялады.Қабыну және қышыну салдарынан құс аяқтарын шоқып тастайды,ауру асқынып аяқтары өлі еттенуге дейін барады. Ауру белгілері. Кене жұққан соң 4-6 айдан кейің ғана пайда болады.Аяқтарының қауырсынсыз жерлерінде кірлі ақ қатпаршақтар пайда болады.зақымданған жерлері қышығандықтан,құс аяқтарын шоқиды.Ауру көпке созылса,құс саусақтары өлі еттеніп,түсіп қалады.

Изображение слайда

Слайд 17

Диагнозы. Аурудың белгілеріне және зақымданған аяқтардан алынған қатаршақтарда микроскопиялық зерттеулерінем,сондай-ақ олардан Knemidocoptes кенелерін табуға негізделген. Емі,дауасы және күрес шаралары. Кнемидокоптозға жасы 6 айдан асқан құстарды түгелдей немесе әшнара қышынғандарын қарап шаруашылықтағы құс ішінде 10 % -дан астамы ауруға шалдықса,мұндағы құс басы түгелдей өзгертіледі.Емдеу мақсатымен құстың аяқтарын 1 минутқа қайың қармайына немесе нафталин мұнайына салып емдейді.10 күннен соң осындай ем қайталанады.Ауруға бейім немесе жұғуға қауіпті деген топтардағы құстарды далаға,арнайы бөлінген лагерге шығарып,құс қораны акарицидтермен дәрілеу қажет. Сондай-ақ,құстарда осы туысқа жататын кенелердің Kn.laevis деген түрі де кездеседі.ол тауықтың терісін зақымдайды.Қаламының түбі қайызғақтанып,қабыршақтанады.Қауырсындары сынады немесе түсіп қалады.Шаруашылыққа құс басын жинарда,барша құстарды крантинде ұстап,осы кезде оларды кнемидокоптозға зерттейді.тері кнемидокоптозының сақтандыру шаралары да,аяқ кнемидокоптозындағыдай.

Изображение слайда

Слайд 18

Изображение слайда

Слайд 19

Изображение слайда

Слайд 20

Изображение слайда

Слайд 21

Изображение слайда

Слайд 22

Изображение слайда

Слайд 23

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Құстардың инвазиялық аурулары

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено