Первый слайд презентации: Сабақтың тақырыбы: Адал дос пен амал дос
Сабақтың мақсаты: Тыңдалған мәтін мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
Слайд 2: Ойтүрткі сұрақтар:
Қалай ойлайсыңдар, амал дос дегеніміз кім? Адал досың көп пе? Амал досың болған жағдайда оның қисынсыз әрекетін өзіне айтар ма едіңдер?
Слайд 3: 1-тапсырма: мәтінді мұқият тыңдаңдар. Тыңдалған мәтіндегі ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратып, «Т кестесіне» түсіріңдер
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенді сынайын деген замандастары: «Достық нешеу» деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: - Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, - деген екен. Сонда замандастарының ішінен біреуі тұрып: - Дұрыс- ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? - дегенде: - Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен. Жауабына тәнті болған замандастары Әйтімбеттің шешендігін мойындапты.
Слайд 4: Дескриптор:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді; Мәтінде ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратып, кестеге түсіреді. ФАКТ КӨЗҚАРАС
Слайд 5: Болжамды жауаптар:
1-ТАПСЫРМА БОЙЫНША: ФАКТ: ӘЙТІМБЕТ БИ, ӘЙТІМБЕТ БИДІҢ ШЕШЕНДІГІ КӨЗҚАРАС: Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады.
Слайд 6: 2-тапсырма. Берілген ақпараттар бойынша қандай әңгімеден келтірілген үзінді екеніне болжам жасаңдар
Ек i к i с i н i ң б i реу i әлс i з, ауру екен ; … ж i г i т ауру жолдасын тастап, өз i б i р үлкен ағаштың басына шығып кетті ; - Аю құлағыма ақыл сыбырлап : « ек i нш i рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма » дед і.
Слайд 7: Дескриптор:
Берілген ақпараттарды түсініп оқиды; Қандай әңгімеден келтірілген үзінділер екеніне болжам жасайды; Адал мен амал достықтың аражігін мәтін мазмұны негізінде түсіндіреді.
Слайд 8: Болжамды жауаптар:
2-ТАПСЫРМА БОЙЫНША: Ы.Алтынсарин «Жаман жолдас» әңгімесі
Слайд 9: 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар
1. Кемшіліксіз.......іздеген адам.......қалады. 2. Дұшпан.....айтады, дос.....айтады. 3. Ақылсыз......ақылды дұшпан........... 4. Досың мың.....біреу болса да көп
Слайд 10: Болжамды жауаптар
1. Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады. 2. Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. 3. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық 4. Досың мың болса да аз, дұшпаның біреу болса да көп