Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами — презентация
logo
Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами
  • Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами
  • Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами
  • Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами
  • Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами
  • Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами
  • Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами
1/6

Первый слайд презентации

Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами әлеуметтік даму басқармасының, Қазығұрт ауданының адами әлеуметтік даму бөліміне қарасты «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы және оқу жылында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтсем. 1929 жылы Қызылқия елді мекенінің территориясында алғашқы мектеп ашылды. Ол «Ынталы» мектебі деп аталды. Оның ұйымдастырушысы Керімқұл Қалшора. 1930 жылы Сабанхана ауылында (ескі Энгельс) «Сабанхана» бастауыш сыныбы ашылып, 1933 жылы Комсомол елді мекенінде «Келес» бастауыш мектебі болып өзгерді ашылды. 1934 жылы мектеп Карл Либнехт атымен жеті жылдық мектепке айналды. 1935 жылдан мектепке қыздар оқуға қабылдана бастады. 1962 жылы «Комсомол» орталау мектебі болып қайта құрылса, ал 1967 жылы орта мектепке айналды. 1972 типтік үлгіде 3 қабатты 640 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимараты қолданысқа берілді. Мектеп 4 ғимараттан тұрады. Екеуі 1963 жылы ыңғайластырып салынған, мектебіміз 2018 жылдары күрделі жөндеуден өтті.

Изображение слайда

Слайд 2

2019-2020 оқу жылы ақын, қоғам, мемлекет қайраткері, жазушы, ағартушы Сәкен Сейфуллин есімі берілді. 2020-2021 оқу жылында МАД сыныбыптарын қосқанда жалпы - 1030 оқушы оқиды. МАД сыныбында – 68 бала тәрбеленуде; 1-4 сыныптарда – 423 оқушы, оның 211 қыз бала; 5-11 сыныптарда – 538 оқушы, оның 257 қыз бала; 9-11 сыныптарда – 205 оқушы, оның 93 қыз бала. Мектептегі 45 сынып комплектінің 18 і бастауыш сыныптар құрайды. Оқушылардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің өтініштерімен санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, 15 оқушыға дейін толықтырылған жоғары сыныптарда 11, бастауыш сыныптарда 24, жалпы 35 кезекші сыныпта оқушылар білім алуда. Оқу кабинеттерінің саны 33,оның 16 атаулы кабиет. Кабинеттер жарық, жылы, жаңа үлгіде безендірілген. Атаулы кабинеттер мектепте жұмыс жасаған зейнеткер апай-ағайларымыздың перзенттері және бауырларының демеушілігімен ұйымдастырылған.

Изображение слайда

Слайд 3

Мектепке биылғы оқу жылында 9 планшет, 12 компьютер комплект, 55 ноутбук берілді. Қашықтықтан оқитын әлеуметтік мәртебеге ие, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларға ата-аналадың өтініштерімен келісім шартпен планшет, компьютерлер, ноудбуктер уақытша мерзімге берілді. Мектебімізде жалпы 146 мұғалім қызмет жасайды. Педагог зерттуші: 44 Педагог сарапшы: 46 Педагог модератор: 22 Магистр -3 Мектептің бастауыш сынып мұғалімдері жайлы мәлімет. Педагог – зерттеуші - 8 Педагог – сарапшы - 12 Педагог – модератор - 1 Санатсыз - 1

Изображение слайда

Слайд 4

Оқу жылының басында мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалынып әлеуметтік мәртебеге жататын отбасы балалары анықталды: Оның ішінде қамқорлыққа -алынған оқушы саны – 1 (қыз бала); Аз қамтамасыз етілген отбасы – 32, ондағы бала саны – 99; Көп балалы отбасы саны - 57, ондағы бала саны- 197; Жалпы асыраушысынан айырылған отбасындағы балалар саны – 42, әкесі қайтыс болған балалар саны – 38, анасы қайтыс болған балалар саны – 4; Жалғыз басты ана – 4, бала саны-15; Денсаулығына байланысты мүгедектігі бар бала саны – 11, оның 7 –і үйде оқиды. Мектепте түрлі үйірме жұмыс жасайды, оған 431 оқушы қатысады. Волеболдан кыздар, фудболдан ұлдар командасы, бокстан жүлдері орын алып жүрген оқушыларымызды мақтан ете аламыз. Мектептің ауласында жаңа үлгіде салынған ауылымыздың мақтанышы Жармахан Тұяқбаевтың демеушілігімен салынған спорт кешені биылғы оқу жылының қазан айында қолданысқа берілді. Оқушыларымыздың спортпен айналысуған толық мүмкіндігі бар. « Жұлдыздар» және «Таңшолпан» би тобындағы қыздарымыз аудан, облыс, республика деңгейлерді байқауларда өз өнерлерін көрсетіп жүр

Изображение слайда

Слайд 5

« Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Осы қасиеттерді ұстанған бастауыш сынып ұстаздарымыздың 2020-2021 оқу жылында жетістігін атап өтуге болады. 2020 жылдың 24 тамыз күні өткізілген аудандық мұғалімдердің «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы тамыз кеңесінде 5 мұғалім аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен 2 мұғалім облыстық басқармасының алғыс хатымен құнды баяндама оқығаны үшін марапатталды. Мұғалімдер әртүрлі кәсіби байқауларға қатысып Қараша айында қашықтықтан өткен Облыстық «Ең білімді педагог» олимпадасына 7 мұғалім қатысып,бастауыш сынып мұғалімі А. Режепова «Бас жүлде» төс белгімен, Әтіркүл Тлеубергенова, Рахат Жаңабаева, Жанар Ерменова апайларымыз І орынға ие болды. Озық іс-тәжірибелерін ауданға таратқан мұалімдер: Гүлжан Мамаева, Қызжан Қасымбекова. Ооңласын Шералиева

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Сәлеметсіздер ме, құрметті c еминарға қатысушылар! Түркістан облысының адами

Педагог - зиялы тұлға және мәдениет адамы. Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі ол адамды қалыптастыруға дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Алдағы басты мақсатымыз оқушыларымыздың білім сапасын көтеру. Әлемдік пандемия кезінде жауапкершілікті сезіне отырып еңбектенуге әріптестерімді шақырамын және сенім білдіремін. Назарларыңызға рахмет.

Изображение слайда

Похожие презентации