Первый слайд презентации
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Химия кафедрасы Шағын жинақталған мектептерде химияны оқытуда инновациялық әдістердің ерекшеліктері Ғылыми жетекші: п.ғ.к.,хим.каф. қауым. проф. Даутова З.С. Орындаған: НҮРТАЙ МЕРЕЙ 7М01504 – Химия
Слайд 2: Зерттеу жұмысының өзектілігі:
XXI ғасырдың жан жақты зерделі, дарынды, талантты жастарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Қазақстан мектебінің алдына қойылып отырған мақсаты инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында өскелең ұрпаққа жүйелі, нақты білім беру болып табылады. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік білім кеңестігіне ену, білім беруді одан әрі ізгілендіру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптасуда.
Слайд 3: Жұмыстың мақсаты: Шағын жинақталған мектептерде химия сабағында оқыту мен білім берудегі инновациялық әдістерді қолдану арқылы тиімділігін теориялық негіздеу және оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен білім сапасын арттыру
Слайд 4
Зерттеу жұмысының болжамы : Шағын жинақталған мектептердегі химия курсын оқытуда инновациялық әрекеттермен қаруландырылса; әр оқушының өздігінен білімін тексеруге мүмкіндігі болатын инновациялық әдістер қолданылса; оқыту мен білім берудегі инновациялық әдістер жөнінде ғылыми және ақпарат құралдарының материалдары химия курсында кеңінен және тиімді пайдаланылса, оқушылардың өзін-өзі, өзара бағалау кеңінен орындалуына мүмкіндік болса, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдысы мен пәнге деген құштарлығы көтеріліп, білім сапасы артады;
Слайд 5
Зерттеу жұмысының міндеттері - шағын жинақталған мектептерде химияны оқытуда инновациялық әдістерді пайдаланудың ғылыми, әдістемелік әдебиеттеріне шолу жасау; - шағын жинақталған мектептерде химияны оқытуда инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігін анықтау; - шағын жинақталған мектептердің ерешеліктерін, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әдістемесін нақтылау және шағын жинақталған мектепте білім алатын оқушы моделін құрастыру; - шағын жинақталған мектептерде химияны оқытуда инновациялық әдістерді пайдаланып жүргізген сабақтардың оқыту үрдісіндегі тиімділігін эксперимент түрінде дәлелдеу.
Слайд 6
Зерттеу жұмы c ының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: шағын жинақталған мектепте беретін мұғалімдерге, оның ішінде химия пәні мұғалімдеріне әдістемелік нұсқаулық немесе құрал ретінде қарастырылуы; шағын жинақталған мектептердің ерекшеліктерін ескере отырып химияны оқытуда қолданылатын тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері ұсынылуы; шағын жинақталған мектепке тән маңызды сипаттамалары анықталып, оқушының теориялық моделінің құрылуы; Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: алынған нәтижелер республика мұғалімдері мен студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінде оқыту үрдісінде кеңінен қолдануға болады.
Слайд 7
Зерттеу нысаны : 7, 8 - сыныпта химия пәнін оқыту процесі. Зерттеу базасы Шығыс Ұлан ауданы «Ново-Азовое орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: философиялық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді және зерттеу мәселесі бойынша нормативті құжаттарды синтездеу және сараптау; теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін сараптау; бақылау, салыстыру, жалпылау, педагогикалық тәжірибе, тәжірибенің нәтижелерін статистикалық өңдеу.
Слайд 9
Инновациялық оқыту әдістері Инновациялық оқыту әдістері Имитациялық емес Имитациялық Тақырыптық топтық пікірталастар Проблемалық оқыту Ой қозғау ( brainstorming) Оқушылардың өзіндік жұмысы Зертханалық жұмыс Эвристикалық әңгіме Зерттеу әдісі Ойын түріндегі емес: Жеке тапсырмалар Ситуациялық есептерді шешу Нұсқаулық бойынша жаттығулар Кейс әдісі Ойын түріндегі: Рөлдік ойындар Іскерлік ойындар Өндірістік ойындар Зерттеу ойындары
Слайд 10
Оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттарының өзара жүйелік бірлігінің моделі
Слайд 12
Сабақтың тақырыбы: «Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы» Қысқа мерзімді жоспар
Слайд 15
Қолданылған әдіс-тәсілдер, тапсырмалар: «Миға шабуыл» әдісі 1. Периодтық жүйе дегеніміз? 2.Менделеевтің ұсынған нұсқасы несімен периодтық кестені қай ғалым жасады? 4. Химиялық әлементтерді жүйелеудің алғашқы нұсқаларын кімдер жасады? 5.Энергетикалық деңгей дегеніміз?
Слайд 16
«ІNSERT» әдісі Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады: V- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кестесі бойынша жұмыс жасайды
Слайд 17
«Домино» әдісі Оқушыларға қағаз қиындылары беріледі. Қағаздың ортасын қаламмен сызып, топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазады, оң жағына өз сұрағын жазады. Барлық топтар өз доминоларын жасап болғаннан кейін араластырып келесі топқа құрастыруға береді. Оқушыларға қосымша мәтін беріледі. Әр топқа әр түрлі мәтін беріледі.
Слайд 18
"Ойлан – жұптас - бөліс" әдісі Оқушылардың алдына жұмбақ элементтер беріледі. Тапқан элементке кесте бойынша сипатама беру Білім алушылар жұппен жұмыс жасайды. Білім алушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады: «Балалар, сонымен периодтық жүйенің құрылысы қандай болады екен?». Жылдам жауап беру керек. Білім алушыларда жазылым дағдысы қалыптасады. Оқулықпен, Д.И. Менделеевтің периодтық кестесімен іздене отырып жұмыс жасайды.
Слайд 19
Жеке жұмыс 3 7 Li, 4 9 Be, 6 12 C, 7 14 N, 8 16 O 13 27 AI, 9 19 F, 10 20 Ne, 18 40 Ar, 5 11 B, 11 23 Na, 14 28 Si 15 31 P, 16 32 S, 17 35,5 CI, 12 24 Mg, 19 39 K, 20 40 Са Элементтердің электрон,протон,нейтрон сандарын табады
Слайд 21: Эксперименттен кейінгі білім деңгейі көрсеткіштері
Сыныптар Білім деңгейі «3»- баға «4» -баға «5»-баға Эксперименттік 22% 64% 14% Бақылау 37% 63% 0%
Слайд 22
Оқушылардың оқу материалын меңгеру коэффициенті Сыныптар Жалпы оқушы саны ( N) Бақылауды жақсы бағаға орындағандар ( n) Материалын меңгеру коэф.( Z) Эксперименттік сынып 7-сынып 8-сынып 11 4 7 9 3 6 82% Бақылау сыныбы 7-сынып 8-сынып 10 3 7 6 1 5 60%
Слайд 23
Стьюдент коэффициентінің анықтамалық мәнімен салыстыру көрсеткіштері № Эксперимент тобы бағалары Орташа мәннен ауытқу Ауытқу квадраты X Y 1 5 5 0,4 0,1 0,16 0,01 2 5 5 0,4 0,1 0,16 0,01 3 4 5 -0,6 0,1 0,36 0,01 4 5 5 0,4 0,1 0,16 0,01 5 5 5 0,4 0,1 0,16 0,01 6 4 5 -0,6 -0,9 0,36 0,81 7 4 5 -0,6 0,1 0,36 0,01 8 5 5 0,4 0,1 0,36 0,01 9 5 5 0,4 -0,9 0,36 0,01 10 5 5 -0,6 0,1 0,16 0,01 11 4 5 0,4 0,1 0,16 0,01 Барлы−ғы 51 50 1,88 0,88 Орташасы 5,1 5,4
Слайд 24
Қорытынды Белгіленген міндеттерді шешіп, іске асыру барысында зерттеудің мынадай нәтижелеріне қол жеткіздік: Зерттеу барысында: - шағын жинақталған мектептерде химияны оқытуда инновациялық әдістерді пайдаланудың ғылыми, әдістемелік әдебиеттеріне шолу жасалды; - шағын жинақталған мектептерде химияны оқытуда инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігін анықталды; - шағын жинақталған мектептердің ерешеліктерін, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әдістемесін нақтылау және шағын жинақталған мектепте білім алатын оқушы моделін құрастырылды; шағын жинақталған мектептерде химияны оқытуда инновациялық әдістерді пайдаланып жүргізген сабақтардың оқыту үрдісіндегі тиімділігін эксперимент түрінде дәлелденді. Қорытындылай келе, шағын жинақты мектептегі оқу процесінің нақты факторлары мұғалімнің арнайы дидактикалық жүйесін қолдануды талап етеді. Оқытудың инновациялық технологиялары танымдық және тәрбиелік функцияларды орындайды. Онда оқушылар алған білімдерін қолданады, жаңа шешімдер мен ойлау әдістерін ашады, үлгерімі төмен оқушылар жұмысқа тартылады. өзін-өзі басқаруға үйренеді.