Первый слайд презентации: Семей мемлекеттік медицина университеті Анатомия және гистология кафедрасы
СӨЖ Тақырыбы: Бас мидың тамырларының анатомиясы.Жүйке жүйесінің жастық ерекшеліктері. Тексерген:Мекебаева А.Н. Дайындаған:Қапсеметова Т.С. 232-топ,ЖМФ Семей, 2018
Слайд 2: Жоспар:
І.Кіріспе бөлім. ІІ.Негізгі бөлім: 2.1.Бас миы тамырларының каротидті жүйесі. 2.2.Бас миы тамырларының вертебралді жүйесі. 2.3.Мидың Виллизиев артериалді шеңбері. 2.4.Бас миының венозды қан айналымы: а)мидың беткей веналары; в)венозды қойнау жүйесі ; 2.5.Жүйке жүйесінің жастық ерекшеліктері а)бас миы бөліктері құрылыс ерекшеліктері; б) бас миы қабықтары құрылыс ерекшеліктер; ІІІ.Қорытынды бөлім. IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Слайд 3: Бас миының қанмен қамтамасыздануы
Бас миының қанмен қамтамасыз етілуі екі қан тамыр жүйесімен жүзеге асырылады : каротидті вертебробазилярлы.
Слайд 4
• Каротидті жүйе бойынша миға ағып келетін барлық қан көлемінің 2/3 бөлігі алдыңғы және ортаңғы бөліктерге ағып келеді. • Вертебро-базилярлы жүйе бойынша миға ағып келетін барлық қан мөлшерінің 1/3 бөлігі артқы бөлімге ағып келеді. • Жалпы ұйқы артериясы-оң жағында иық-бас сабауынан truncus brachiocephalicus, ал сол жағында қолқа доғасынан бастау алады. Жалпы ұйқы артериясы 3 -4 мойын омыртқалары тұсында ішкі және сыртқы ұйқы артерияларына бөлінеді.
Слайд 8: Ішкі ұйқы артериясы және омыртқа артериясы бассейндері
Arcus aortae Truncus brachiocephalicus A. carotis communis sin. A. subclavia sin. A. subclavia dextra A. carotis communis dextra 7.7’. AA. carotis interna dex /sin 8.8’. AA. c erebri anterior dex /sin 9. A. communicans anterior 10.10’. AA. c erebri media dex /sin 11.11’. AA. c ommuniccans posterior dex /sin 12.12’. AA. Vertebrales dex /sin 13. A. basilaris 14.14’. AA. c erebri posterior dex /sin 15. A. spinalis anterior a. carotis interna a.vertebralis Ішкі ұйқы артериясы және омыртқа артериясы бассейндері
Слайд 9: Виллизиев шеңберінің және Захарченко шеңберінің функциялары
Қан ағымы бұзылған жағдайда дәнекер артериялар ( анастомоздар ) жүйесі есебінен бас миының жеткілікті қанмен жабдықталуын қамтамасыз ету
Слайд 10
AA. v ertebrales A. basilaris AA. cerebri posterior A. cerebellaris superior AA. pontis A. cerebellaris inferior anterior A. c erebellaris inferior posterior A. spinalis anterior B – circulus arteriosus myelencephali ( Захарченко шеңбері ) 10. A. carotis interna 11. A. cerebri media 12. A. cerebri anterior A. communicans anterior A communicans posterior A - circulus arteriosus cerebri ( Виллизиев шеңбері )
Слайд 11
Ми веналары, vv. cerebri, беткі және терең бөлінеді. Беттік ми веналары, vv. superficiales cerebri, қан жоғары бет, медиальды және төменгі бас миынан жиналады.
Слайд 12: Бассүйекішілік веналар :
1. ми веналары ( w. cerebri ) үлкен ми сыңарларынан қан жинайды. Олар беткі және терең болып бөлінеді. Мидың беткі веналары дорсо-латералді, медиалді және базалді бетімен үлкен ми сыңарларынан және мишықтан қан жинайды. Олар мидың төменгі және жоғарғы веналары ( vena cerebri media superficiales ) мишықтың жоғарғы және төменгі веналары ( w. cerebri ). Мидың терең веналары жарты шарларының ақ затынан миды құраушы ядроларынан, қарынша қабырғалары мен мидың тамырлары түйінінен қан жинайды. Оларға негізгі қалаушы венасы ( vena basilaris ), мидың алдыңғы веналары ( w.anteriores cerebri ) көру төмпешігінің ішкі және жолақты дененің веналары ( w.thalamastriate superiores et inferiores ), мидың ішкі ееналары ( w.internae cerebri ), мидың үлкен венасы ( vena cerebri magna), мидың жұлын бөлігінің веналары ( w. pontis ) сопақша мидың веналары ( vv.medulla oblangata );
Слайд 13
2. менингеалді веналар ( vv. miningeae ) мидың қабықтарынан; 3. сүйекішілік немесе бассүйектің диплоидты веналары ( w. diploicae ) бас сүйектен, осы кезде сүйекішкі веналарының бір бөлігі мидың қатты қабығының қойнауына құяды, келесісі — веналық түтіктері арқылы бастың сыртқы жамылғысының веналарымен байланысады ; 4. көз веналары ( w. ophtalmicae ) көз шарасынан, көзжас безінен, қабақтан, мұрын қуысынан, маңдай бөлігі мен сыртқы мұрыннан өтеді ; 5. ішкі құлақ веналары, ұлудан қан жинайды.
Слайд 16: Жүйке жүйесінің жастық ерекшеліктері
Балалардағы ОЖЖ-нің негізгі ерекшелігі дамуының толық жетілмеуімен сипатталады. 7 жасқа дейін ми қабы және ми асты қабының клеткалық құрамы қарқынды дифференцияланады. әсіресе алғашқы екі жылда бас миының көлемі ұлғайып,организм қызметінің артуы байқалады. Жалпы жүйке жүйесінің үдемелі өзгерісі 20-25 жасқа дейін жүреді.
Слайд 17
Н ә ре с теде бас миы қ ыртысын ың кейб і р ала ң дарында, мысалы ма ң дай ж ә не самай иі р і мдер і айма ғ ында, аксондард ың миелинд і кабаттары болмайды. Олар бала ту ғ аннан ке йі н б ipa з уакыттан со ң пайда болады. Ж ү йкел ік талшы қ тар мен глиян ың м ө лшер і балаларда б ip т e - б ip т e арта бастайды.
Слайд 18
Ү лкен мид ың қ ыртысын ың дамуы барысы н да ересек адамдарда, н ә рестемен салыстыр ғ анда, нейрондар сиректеу орналасады, 6 ipa қ, жасушалард ың жалпы саны ө згермейд і. Адамн ың өмі pi ұ зарған сайын нейрондард ың саны б і рт і ндеп азая бастайды. Жүйкел ік жасушалард ың санын ың азаюы егде тар т қан ж ә не қ артай ғ ан адамдарда қ ар қ ынды ж ү ред і. Жүйке жүйесінің адамның егде тартқан шақтағы өзгерісі негізінен мидағы қан тамырларының склеротикалық өзгерістерімен тығыз байланысты.
Слайд 19: Бас миы бөліктері құрылыс ерекшеліктері
Жаңа туған нәрестенің миы үлкен,аумақты болып келеді.Салалары мен қатпарлары ірі болады, бірақ аласа және тайыз болып келеді. Ұсақ қатпарлар негізінен сәби туғаннан кейін пайда болады. Маңдайлық бөлігінің көлемі үлкен кісінікімен салыстырғанда көп кіші,ал желкелік бөлігі керісінше үлкен. Мишық әлсіз дамыған жұқа болады,жарты мидың көлемі кішкентай және жоғарғы қатпарлары да сондай болып келеді. Бүйір қарыншалары өте үлкен, кең болады. Жаңа туған нәрестенің миының сұр заты ақ заттан нашар бөлінген,яғни нерв клеткалары негізінен ақ затта орналасады. Жасқа байланысты орналасу топографиясы, түрі, салалардың, қатпарлардың саны мен көлемі өзгереді. Әсіресе, бұл процестер алғашқы бірінші жылда қарқынды жүреді.Сонымен, мидың жарты шарларының аумағы 10-11 жасқа келгенде 1,2 есе, сайлардың ұзындығы 2есе, қабық көлемі 3,5 есе үлкейеді екен.
Слайд 20
Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым нерв жүйесінің өсу қарқыны тез жүреді. Әсіресе, бірінші үш айда өте тез өседі.Нерв клеткаларының жіктелуі 3 жасқа дейін жүреді,ал мидың қабығы 8 жаста құрылысы бойынша ересек адамның ми қабығына ұқсас болады. Миеленизациялану процессі ұрықтық кезеңнің 4- ші айында басталғанымен бір қалыпты жүрмейді.Төменгі жолдардың миеленизациялануы тек 6-шы айда басталса,ал пирамидалық жолдардың миелин талшықтары 9-шы айда пайда болады. Өте тез миелинизациялану туғаннан кейінгі 1 жылдың аяғы мен 2 жылдың басында,бала жүре бастаған кезде жүреді. Негізінен миеленизациялану процессі 3-5 жаста тоқтайды. Бірақ одан кейін де, мидың кейбір талшықтары миелин қабатына оралмай қалуы мүмкін. Яғни, ересек кезде ғана толық миелинизация тоқтайды екен.Мыалы:тангенциялды жолдардың миелинизациясы 30-40 жаста тоқтайды. Миеленизациялау процесі аяқталмай қалса,қозу жылдамдығының нерв талшықтары арқылы өтуі баяулайды.
Слайд 21
Ми қабықтары пайда болған кезде ми қарынша ларда қалыптаса бастайды. Оң және сол мидың жарты шарларында I және II қарыншалар анық талады.(Бүйірлі сопақша мида III қарынша).Орталық мидағы қуыстар каналға,жүргізгішке ( сильвив ) айналады. Нерв жүйесінің даму барысында мидың құрамында да әжептәуір өзгерістер болады. Судың мөлшері азайып,белок,нуклейн қышқылы, липо - протейдтер ми құрамында көбейеді. Липо протеидтердің көбеюі тек мидың ақ затында байқалады. Ол онда жүріп жатқан миеленизац ияланудың 50% құрайды. Бірінші жылы мидың ақ затында липидтің жалпы мөлшері 3 есе, церебрезидтер 10 есе артады.Ал, лецетиннің мөлшері негізінен өзгермейді. Баланың өсуі барысында ми тканінде белоктың жиналу процесі одан әрі жүре береді.
Слайд 22: Балалардың жасына байланысты мидың химиялық құрамы(Салмағының пайызы есебінен)(А.В. Мазурин,И.М.Варонцов 1985)
Құрамы Ұрық Емшек жасындағы балалар IIIай VII ай I ай 3 ай 8 ай Ересек а да м д а р Су 91.93 90.56 88.09 87.03 85.81 77.32 Құрғақ 8.09 9.44 11.91 12.97 14.19 22.68 қалдық 1.78 2.48 3.71 4.24 6.07 12.44 Майлар 1.04 1.24 1.91 1.74 3.17 5.68 Фосфотидтер 0.16 0.27 0.25 0.5 0.5 1.84 Сульфатидтер 0 0.015 0.02 0.3 0.49 1.29 Ц ер е б р а з и д т е р Холестерин 0.58 3.77 0.97 3.98 1.53 4.57 1.7 5.29 0.91 6.09 3.63 8.03 Белоктар
Слайд 23
Ұрықтық кезеңнің 1-2 айында ми қарынша ларының қуысында маңызды құрылымдар – тамыр өрімдері пайда болады.Тамыр өрімдері белгілі бір ретте қалыптасады. Эмбрионның ұрықтық кезеңінде 1-ші айда, әуелі III- IV, содан соң бүйірлі қарыншаларда өрімдер пайда болады.Олардың негізгі әрекеті жұлын сұйығын (ликвор) өндіру. Бұл алғашқы күндердің өзінде жетіліп келе жатқан мидың қуыстарын толтырып тұрады. 5 айға дейін мидың бүкіл қуыстары тұйық жүйе түрінде болады да, «физиологиялық гидроцефалияның» пайда болуына әсерін тигізеді. Тек 5-6 айда 3-ші тесік ( Мажанды және Лушки ) пайда болғаннан кейін ликвор мидың сыртқы бетіне тарала бастайды.
Слайд 24
Мидың үш қабығы болады:қатты,торлы және жұмсақ.Жаңа туған сәбиде мидың қатты қабығы жұқа,бассүйек негіздерінің сүйектеріне жабысқан болып келеді.Ересек адамдармен салыстырғанда көктамыр қуыстары жұқа қабатты және жіңішкелеу.Жұмсақ және торлықабаттары өте жұқа,субдуралды,суборохнойдалды кеңістіктер кішкене болады. Жұлын бойында екі жуандау жері болады-біреуі мойын,екіншісі бел бөлігінде.Осы жерлерден көптеген қуатты түбірлер шығады. Олар қол мен аяқтың шеттік нервтерін құрайды. Жұлында ми сияқты 3 қабықпен оралған. Ұрықтың 4-ші айлығында жұлынның әрбір сегменті алдыңғы және артқы түбірлер жұбымен аттас омыртқаның тұсына сәйкес келеді,ал жұлын жұлын каналында орналасады. Оның түбірлері омыртқалар арасында тесіктен түбірлер түзеп шығады. Ұрықтың,ал кейін баланың өсуіне байланысты, жұлын каналы жұлынға қарағанда тезірек өседі. Сонымен қатар,жұлын сегменттері мен омыртқалардың қалпы әжептәуір өзгерістерге ұшырайды. Жаңа туған сәбидің жұлыны III бел омыртқаның төменгі жиегіне жетеді,ал ересек кісінікі - II бел омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында орналасады. Түбірлер тесіктерден шыққандықтан, осыған сәйкес түбірлердің бөлінген жері мен омыртқа каналынан шығатын жерге дейігі жолы ұзарады. Бас миы қабықтары құрылыс ерекшеліктері
Слайд 25
Бала өмірге келген қарсаңында мидың тамыр жүйесі ересек адамдардыкіне сырттай ұқсас болады.Ми қанмен 4 артерия жүйесімен қамтамасыз етіледі.2-уі ішкі ұйқы артериясы және 2 омыртқа артериясы.Сол жақ ми қан тамырлармен жақсырақ қамтамасыз етілген,себебі сол ұйқы артериясы қолқа доғасынан бөлінеді. Ересек адамдарға қарағанда ұрық пен жаңа туған сәбидің ми бетіндегі тамыр ұштастары ( анастомоздар )саны көп болады. Өмірінің бірінші жылы еңбегі жабылғанға дейін, еңбегі жабылғаннан кейінгімен салыстырғанда, мидағы қан айналу өзгеше болады. Сәбидің миы қатаймаған бас сүйекпен бірге солқылдап, қозғалып тұрады. Ол тыныс және жүректің түрткі соғысына сәйкес келеді.
Слайд 26
Мидың көктамыр жүйесінің ерекшелігі, ол ми көктамырларының тікелей көктамыр үңгірінен өтуі. Көктамыр үңгірлері мидың қатты қабығының қуыстарынан жасалынады. Олардың көктамырдан айырмашылығы қабырғалары қатты, тығыз қуысы ашық болады. Көктамыр үңгірлерінің осындай құрылысы бас сүйегінің ішіндегі қанның тез және бос өтуіне ықпал жасайды.Дегенімен үңгірлердің дұрыс жабылмауы қолайсыз жағдайларға әкеліп сотыруы мүмкін. Мысалы,бас сүйегінің тамырлармен қоса зақымдалуы.
Слайд 27: Қорытынды
Бас миының қанмен қамтамасыз етілуі екі қан тамыр жүйесімен жүзеге асырылады : каротидті және вертебробазилярлы. Виллизиев шеңбері мына артериялардан тұрады:а. carotis interna,а. cerebri media,а. cerebri anterior,а. communicans anterior,а communicans posterior. Ми веналары, vv. cerebri, беткі және терең бөлінеді. Бас миы құрылысы мен ми қабықшаларының өзіне тән жастық ерекшеліктері бар.
Слайд 28: Пайдаланылған әдебиеттер:
Рақышев А.Р. Адам анатомиясы II том 339-342 беттер «Атлас анатомии человека» Том 2 Билич, Крыжановский anatomiya-atlas.ru neurodoc.ru vmede.org wikipedia.org kazmedic.org 24radiology.ru