Первый слайд презентации
Сыбайлас жемқорлық. Құқық бұзушылықтардың салдарын жою. Орындаған: ПИ – 23-1.5К
Слайд 2
1. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық. 2. Айыппұл мөлшері бас бостандығынан айыруға балама ретінде. 3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу.
Слайд 3
Соңғы онжылдық мемлекетіміздің «ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін» негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеуге және жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады. Мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, демократиялық ұстанымдары мен құқықтық тәртіпті бұзады, мемлекеттік аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге кедергі келтіреді, сайып келгенде, азаматтардың билікке сенімін жояды.
Слайд 4
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 2-бабының 1-бөлігінде сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы ұғынылады. Бұл ретте, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық арасындағы салдардың ауырлық дәрежесі бойынша нақты бағытты жүргізу қажет.
Слайд 5
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың маңызды міндеттерінің бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, әкімшілікқұқықтық шаралармен қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу болып табылады. Әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде, Тұжырымдамада қоғамдық қауіптілік деңгейінің мөлшерін, құқық бұзушылық сипатын бұлжытпай сақтау, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкцияларды айқын шектеу ұсынылады. Бұл ұсынымдар ерекше өзекті, өйткені көбінесе жасалған құқық бұзушылық үшін мөлшерлестік қағидатын бұзу, әкімшілік репрессивтік санкциялардың қылмыстық санкцияларға айналуы байқалады. Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік-биліктік қатынастар саласында, мемлекеттік басқару жүйесінде жиі көрініс табады.
Слайд 6
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексінің, (бұдан әрі – ӘҚБТК) «Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық» 2-бөлімінің 3-тарауы 25-бабына сәйкес, осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады (1-тармақ). Егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
Слайд 7
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген: – жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап); – мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап); – заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап); – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (679-бап); – мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бап); – бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың жұмысқа қабылдануы (681-бап).
Слайд 8
Параның айтарлықтай мөлшері ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес, елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. (ҚР ҚК 1997 жылғы редакциясында айтарлықтай мөлшер қарастырылмаған). Аталған баптың 3-бөлігінде параның ірі мөлшері үш мыңнан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Слайд 9
ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігіне сәйкес, аса ірі пара он мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары ақша сомасын құрайды, бұл параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Айыппұл мөлшері тек сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ғана емес, жалпы бүкіл Кодекс бойынша ұлғайды, соған қарай жаза түрлері де өзгерді. ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігінде орташа ауырлықтағы қылмысқа жататын пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Слайд 10
Дәл осы іс-әрекет бойынша ҚР ҚК 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған 1997 жылғы редакциясында, жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Қолданыстағы кодексте бас бостандығын шектеу жазалау шарасы ретінде көрсетілмеген, мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым салу міндетті сипатқа ие. Алдыңғы 1997 жылғы ҚР ҚК-де айыппұл тек 311-баптың 1-бөлігінде көрсетілсе, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы ҚР ҚК-де айыппұл 366-баптың барлық бөліктерінде қарастырылған. Сонымен, ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ауыр қылмысқа жататын қылмыс үшін, яғни қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі мөлшерде жасалса пара алғаны үшін параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Слайд 11
« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 1131 қаулысымен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді, оның мөлшерлері : 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш ( бұдан әрі – АЕК); 2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; 3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; 4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Слайд 12
Грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды; 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді; 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты: әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген; 2) айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Адамды көтермелеу туралы материалдар көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде қалыптастырылады және уәкілетті органдарға жіберіледі, көтермелеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде төлем жүргізіледі.