Слайд 2
Жоспар 1.Су тіршілік көзі. 2.Судың маңызы 3. Су түрлері. 4.Судың шикізат өнеркәсібінде алар орыны. 5.Су туралы қызықты фактілер.
Слайд 3
Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Тірі ағзалардың 60-70 %-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады. Су тіршілік көзі
Слайд 4
Судың маңызы және түрлері. Табиғи сулар атмосфералық, жер үсті ж ə не жер астындағы болып жіктеледі. Атмосфералық сулар – жаңбыр ж ə не қар сулары құрамындағы қоспалар: оттек, көміртек диоксиді (СО2), күкірт оксидтері, күкіртті су- тек, кейбір органикалық заттар ж ə не шаң-тозаң. Еріген минерал тұздар болмайды. Жер бетіндегі сулар – өзен, көлдер, теңіз, мұхит сулары. Су құрамында тұз, газ, негіз, кышқыл ж ə не т.б. қоспалар бар. Теңіз суында еріген тұз мөлшері 10 г/кг, кейде одан да көп болады. Жерасты сулары – минералды тұздардың біраз, органикалық заттардың аздаған мөлшері бар артезианды бұрғылау, құдық, бұлақ сулары.
Слайд 5
Су шикізат ретінде өнеркәсіпте Химиялық өндірістерде су универсалды еріткіш, жылу тасымалдаушы ж ə не шикізат ретінде қолданылады. Су – сутек ж ə не оттек алудың көзі, қышқыл, сілті алуда, сонымен бірге көптеген химиялық үдерістерде реагент болып табылады. Сонымен қатар ол өнімдер мен аппараттарды жылытуға немесе салқындатуға, вакуумды құруға және бу шығаруға, еріткіштерді, реакциялық ортаны, экстрагентті немесе сіңіргішті, тасымалдауыш агенттерді, жууға арналған заттарға, айдау заттарына жұмсалады. Көптеген технологиялық процесстер жоғары температура мен қысымда өтеді, ондай технологиялар үшін деминералданған сулар қажет етіледі.
Слайд 6
Өндірісте суды дайындау. Өндіріске келетін суда еріген заттардан басқа, ерімеген заттар болады. Олар құм, сазбалшық, өсімдік ж ə не ж ə ндіктердің қалдықтары, түрлі микроорганизмдер болады. Сондықтан суды тазарту керек. Суды тазарту жолдары : мөлдірлеу, зиянсыздандыру, жұмсарту, тұзсыздандыру, газсыздандыру. Мөлдірлеу – су құрамындағы механикалық қоспалардан суды тазарту үшін үлкен бетондалған ыдысқа тұндырады, қалған заттардан ажырату мақсатымен құм сүзгіштен өткізеді. Суды зиянсыздандыру – суды микроорганизмдерден ж ə не бактериялардан тазарту ə дісі : хлорлау, озондау немесе қайнату. Суды жұмсарту – су құрамындағы ерітінді түріндегі Са ж ə не Mg тұздарынан жарым-жартылай немесе толық тазарту. Суларды жұмсарту ə дістері : физикалық, химиялық ж ə не физикалық-химиялық болып бөлінеді. Суды газсыздандыру – суды еріген газдан тазарту. Суды газсыздандыруға химиялық ж ə не физикалық ə дістер қолданылады.
Слайд 7
Сіз білесіз ба айдары..... Қызықты деректер 1.ЮНЕСКО деректері бойынша ең таза су Финляндияда кездеседі. Зерттеу жұмысына жалпы есеппен алғанда 122 елдің табиғи суы алынған. Әлем бойынша қауіпсіз суға қолы жетпей отырған 1 миллиард халық бар. 2.Адам сусыз ұзақ өмір сүре алмайды. Су қажеттілігі ауадан кейінгі екінші орында. Адам тамақсыз алты аптаға жуық, ал сусыз бес- жеті тәуліктей өмір сүре алады. Адам бүкіл өмірінде 35 тонна су тұтынады. 3.Ғаламшарымызда қауіпті су да кездеседі. Мысалы, Әзірбайжанда құрамында метаны көп су бар, оған сіріңке жақындатсаң, ол жанып кетуі мүмкін. 4.Су тегін немесе өте қымбат болуы мүмкін. Ең қымбат су Лос-Анджелесте сатылады. Өндірушілер үйлесімді дәмі және ph белгісі бар қымбат сұйықтықты « Swarovski» жылтырағы бар бөтелкеге құяды. Мұндай судың литрі 90$ тұрады. 5.ҚАР СУЫ..Бәрінен бұрын, оны бірден қолданған дұрыс. Яғни, қар суын еріткен бойда ішіп қойған жөн. Қар суы зат алмасуды реттеп, бүйрек қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді; қан айналымды жақсартып, холестерин деңгейін төмендетеді; қан қысымын рейттей отырып, теріні, ұйқыны жақсартады және мидың белсенділігін арттырады. Алайда, дер кезінде ішіп қоймасаңыз, қар суы бұл қасиеттерін тез жойып жіберетінін ескеріңіз. 6.Соңғы 50 жылда дүние жүзінде суға қол жеткізуге байланысты 507 қақтығыс болды. Оның 21-і соғыс қимылдарымен аяқталды. 7.Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады. 8.Газет парақтарын шығару үшін шеберлер 300 литр суды керек етеді.
Последний слайд презентации: Су – бұл өмір
Назарларыңызға рақмет Қолданылған әдебиеттер : azattyq.org›a /1157731.html, BARIBAR.KZ, © « Жәрдем », 2009 – 2024, https://studopedia.org/13-81000.html, https://topreferat.com.kz/songghy-qosylghan/3833-su-resurstarynyng-himiyalyq-lastanuy-kurstyq-zhumys.html, https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1395692-sudynh-siz-bilmeytin-tanhghazhayyp-5-qasie/, https://multiurok.ru/files/gylymi-zhoba-su-tirshilik-kozi.html, https://ust.kz/word/joba_sy_tirsilik_kozi-9810.html