Слайд 2: Жоспары:
Сүйек туралы ілім. Остеология. Сүйектердің құрылысы, жіктелуі, химиялық құрамы Сүйектердің бірігуі және буындар.Артрология Қаңқа және оның бөлімдері
Слайд 4
Сүйек дененің негізгі тіреуіш мүшесі. Сүйектің сырты қатты, тығыз болып келеді,ішкі жағы кеуек борпылдақ ұлпадан тұрады. Сүйектің қатты тығыз тіні (компактное вещество) қатты қабықтанып сүйектің сыртында орналасқан. Сүйектің қатты тығыз тінінің негізгі құрылыс бірлігі- остеон. Кеуек сүйек заты ( губчатое вещество) қатты қабықтың астында әр түрлі бағытта торланған. Олардың бағыты сүйекке түсетін ауырлықтың күшіне, қимылына қатаң түрде сәйкестенген. Сүйек сыртынан сүйек қабығымен (периост) қапталған.
Слайд 7
Сүйек майы кеуек сүйектердің кемік затында, ұзын сүйектердің түтікше қуысында болады. Сүйек майы қызыл және сары май болып екіге бөлінеді. Сүйектің қызыл майы - нәзік ретикуляр( тор тәрізді) ұлпа, қан жасап шығарушы, сүйек пайда болатын мүше. Сүйектің сары майы негізінен май ұлпасынан тұрады. Майдың түсіне қарай сары болады. Жас адамның жілігінің майында қызыл сүйек майы көп болады, ал жас ұлғайған сайын ретикуляр ұлпаның орнын май ұлпасы басады.
Слайд 9: Сүйектің химиялық құрамы
Бейорганикалық зат 65- 70 % Органикалық зат 30-35% су Са т ұздары-13 % Фосфор -80 % майлар Басқа да органикалық заттар