Первый слайд презентации
Тақырыбы : Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиеттері. 10 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт )
Слайд 2
2 10.4.2.30 спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу; Оқу мақсаты Бағалау критерийлері Спирттердің құрылымдық формулаларын бейнелейді; IUPAC номенклатурасын қолданады; Спирттердегі изомерленуді ажыратады;
Слайд 3
3 Сіздер білесіздер Сіздер меңгересіздер Құрамы көміртек пен сутектен тұратын көмірсутекті органикалық қосылыстар жайында; Молекула құрамында көміртек пен сутектен басқа оттекті органикалық қосылыстарды ; Спирттердің жіктелуін,изомерленуін; Сіздердің білетіндеріңіз
Слайд 4
4 Оттекті органикалық қосылыстар Оттекті органикалық қосылыстар - құрамында сутек және көміртек атомдарымен бірге оттек атомы болатын органикалық заттар Спирттер Карбон қышқылдары Жай және күрделі эфирлер Майлар Көмірсулар
Слайд 5
5 Спирттер Спирттер - молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксотоптармен (ОН) алмасқан көмірсутектердің туындылары. R - OH немесе C n H 2n+1 OH R ─ көмірсутек радикалы Спирттерді атағанда (– ол) жұрнағы жалғанады, немесе көмірсутек радикалына “спирті”сөзі жалғанып аталады.
Слайд 6
Спирттердің жіктелуі спирттер біратомды (ол) екіатомды (диол, гликоль) үшатомды (триол) этанол этил спирті этандиол-1,2 этиленгликоль пропантриол-1,2,3 глицерин 7 7
Слайд 7
8 Біріншілік Екіншілік Үшіншілік Спирттердің жіктелуі гидроксил тобымен байланысқан көміртек атомының табиғатына байланысты спирттер : біріншілік, екіншілік және үшіншілік болып жіктеледі.
Слайд 8
8 Біріншілік Екіншілік Спирттердің жіктелуі Спирттердің жіктелуі:гидроксил тобымен байланысқан көмірсутек радикалының табиғатына байланысты. Ароматты Қаныққан Қанықпаған
Слайд 9
Химиялық ф ормуласы Қысқартылған құрылыс формуласы Атауы CH₃OH CH₃OH метил спирті C₂H₅OH CH₃ -СН ₂ - OH этил спирті C₃H₇OH CH₃ -СН ₂ -СН ₂ - OH пропил спирті, пропанол-1 C₄H₉OH CH₃ -СН ₂ -СН ₂OH - CH₃ бутил спирті, екіншілік бутанол-2 C₅H₁₁OH CH₃ -СН( CH₃ )-СН ₂OH - CH₃ 2 метилбутанол-2,екіншілік амил спирті Маңызды біратомды қаныққан спирттер R- OH жалпы формуласы 9
Слайд 10
10 Спирт молекулаларының құрылымдары Басқа да органикалық қосылыстар сияқты спирттер де құрылымдық изомерлер түзеді. Изомерлер тізбегінен басқа спирттер гидроксил тобының изомерлік орнын көрсетеді.
Слайд 12
10 Спирттік ашу арқылы глюкозадан спирттің алынуы Жүзім шырыны ашығанда түзілетін шарап спиртін адамдар өте ертеден пайдаланған.«Спирт» сөзі латынның «шараптың рухы» деген сөзінен шыққан көрінеді. Шарап спирті немесе этил спиртінің формуласы - С 2 Н 5 ОН. Жүзімнің, қанттың, крахмалдың ферменттік ашуы нәтижесінде түзілетін бұл затты тұрмыста жай ғана спирт деп атайды. Ал XVlll ғасырдан бастап «спирт» деген сөзбен қатар «алкоголь» (әл-кугул) деген сөз қолданыла басталды. С 6 Н 12 О 6 → 2С 2 Н 5 ОН+ 2СО 2
Слайд 13
10 1. Органикалық заттардың еріткіші ; 2. Экологиялық таза отын ; 3. Этанол дәрі-дәрмек жасауда, зарарсыздандырғыш зат ретінде медицинада пайдаланады ; 4. Сірке қышқылын, синтездік каучук, диэтил эфирін алуда қолданады ; 5. Этил спирті алкогольді ішімдіктердің құрамына кіреді. Спирттердің қолданылуы
Слайд 14
17 Тапсырма 1 Бутан спиртінің изомерлерінің құрылымдық формулаларын жазып, тривиальды және IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз. Дескриптор: білім алушы -спирттердің изомерлерінің құрылымдық формулаларын құрастырады; тривиальды және IUPAC номенклатурасы бойынша атайды; С 4 Н 9 ОН
Слайд 15
17 Дұрыс жауабы: Бутил спирті Бутанол-1 Изобутил спирті 2-метилпропанол-2 Үшіншілік бутил спирті 2-метилпропанол-2 Екіншілік бутил спирті Бутанол-2
Слайд 16
17 Тапсырма 2 Дескриптор: білім алушы спирттердің гомологтарының формуласын біледі; спирттердің аттарын атайды; Төменде көрсетілген заттар қатарынан c пирттердің гомологтарын табыңыз А) CH 3 COCH 3 және CH 3 CH 2 COOH Б) CH 3 CH(OH)CH 3 және CH 3 CH 2 CH(OH)CH 3 С) CH 3 CH 2 CH 2 OH және CH 3 CH 2 CHO D) CH 3 COCH 3 және CH 3 CH 2 COOH
Слайд 17
17 Дұрыс жауабы: Төменде көрсетілген заттар қатарынан c пирттердің гомологтарын табыңыз және аттарын атаңыз. А) CH 3 COCH 3 және CH 3 CH 2 COOH Б) CH 3 CH(OH)CH 3 және CH 3 CH 2 CH(OH)CH 3 С) CH 3 CH 2 CH 2 OH және CH 3 CH 2 CHO D) CH 3 COCH 3 және CH 3 CH 2 COOH пропанол-2 және бутанол-2
Слайд 18
18 Бүгінгі сабақта: спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеп, изомерленуі,құрамы мен құрылысы жайында мағлұмат алдыңыз; Қорытынды 18
Слайд 19
19 Оқу тапсырмасы §86 « Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиеттері » такырыбын оқу. 153-155 бет. № 6жаттығу 19 https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/biratomdy-spirtterding-nomenklaturasy