Тақырыбы Қорқыт ата кітабы — презентация
logo
Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
  • Тақырыбы Қорқыт ата кітабы
1/13

Первый слайд презентации

Тақырыбы Қорқыт ата кітабы

Изображение слайда

Слайд 2

Қорқыт ата кім болған?

Изображение слайда

Слайд 3

Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент (Иеникент) қаласында ( VIII—IX ғ.ғ.) өмір сүрген. Өз халқының бақыты үшін «Жер ұйығын» іздеп, көптің мүддесін көздеген Қорқыт Ата — ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны «Су аяғы — Ер қорқыт» деп те атаған. Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ құрамына кіретін қыпшақ қызы, оның туған жері қазіргі Қостанай облысының Аят өзені. Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңызға айналған атақты Желмаяны оның шешесінің жақын туыстары сыйлаған.

Изображение слайда

Слайд 4

Қорқыт Ата туралы аңыз Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт Ата   жырау,  ақылгөй,  данышпан,  көсем,  бақсы,  күйші  ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның  нақыл сөздері  келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді Жалғасы

Изображение слайда

Слайд 5

Соны айтуы мұң екен,  Әзірейіл   келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің !” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін   жерұйықты   іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел- жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “ Кімнің көрі ?” деген сауалына “ Қорқыттың көрі ” деген жауап естиді. “ Қайда барсаң да Қорқыттың көрі ” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері –  Сыр   өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп,  қобыз   аспабын ойлап шығарады.

Изображение слайда

Слайд 6

Қорқыт Ата кітабы Қорқыт Ата кітабы  (“ Китаб -и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан ”) – қаһармандық эпос үлгісі,  оғыз - қыпшақ   дәуірінің жазба мұрасы. ұылымда оның он екі нұсқасы мәлім : Дрезденде (12 нұсқа ) және Ватиканда  (6 нұсқа ) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик  В.В. Бартольд   айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’ Қорқыт Ата кітабында ” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар   қазақ тарихы  мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада   оғыз   тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған.

Изображение слайда

Слайд 7

Қорқыт Ата кітабынан үзінділер Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне   Бәмсі-Бейрек,  Қара Көне,  Қара Бодақ,  Қан Төрәлі,  Қазан-Салор,  Құлбаш,  Оқшы,  Ораз, сондай-ақ   Аруз,  Әмен, Әмран Бекіұлы,  Бисат,  Дүлек Боран,  Дондаз,  Қиян Селжүк,  Қаңлы,  Қанық хан,  Рүстемдер   жатады. “ Қорқыт Атаның кітабында ” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария ), Бану Шешек ( Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент ), Камбура ( Байбөрі ) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған.

Изображение слайда

Слайд 8

Қорқыт Ата кітабынан үзінділер Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этник. атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қ. Қорқыт ата ). “ Қорқыт Атаның кітабында ”

Изображение слайда

Слайд 9

Қорқыт Ата энциклопедиялық жинағы Қорқыт Ата  – энциклопедиялық жинақ. 1999 жылы Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы шығарған. Негізінен 5 бөлімнен тұратын бұл күрделі еңбекке   Қорқыт Ата   туралы ел аузында сақталған аңыздар мен күйлер,  әфсаналар, ата мұрасын зерттеу, әулиенің әдебиет пен өнердегі бейнесі мәселелеріне арналған отандық және шетел ғалымдарының мақалалары топтастырылған. Бұл материалдарда Қорқыт Атаның әлем тарихы мен философиясындағы орны, оның ұлы мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік, түрлік айшықтары, тарихи белгілер мен жәдігерлік деректер хақында жан-жақты мағлұмат беріліп, талдау жасалады. “ Қорқыт Ата кітабының ”  Дрезден   кітапханасында ( Германия ) сақталған толық нұсқасының фотокөшірмесі,  орыс   және   қазақ   тілдеріндегі аудармаларының таңдаулы үлгілері берілген. Кітап соңында   Ш.Құдайбердіұлы,  М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин   бастаған қазақ ақындарының осы тақырыптағы   толғау, поэмалары,  дастандары

Изображение слайда

Слайд 10

Қорқыт Ата ескерткіші Қорқыт Ата ескерткіші  – сәулет өнерінің айрықша үлгісі.  Қызылорда облысы   Қармақшы ауданы   Жосалы   кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары –  Б.Ә. Ыбыраев,  С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде   қобыз   сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай,  Қорқыт Ата мазарында   соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген   Қорқыт атаның   киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “ Түйе табан ” өрнегімен безендірілген..

Изображение слайда

Слайд 11

Қорқыт Ата мазары Тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі   Қызылорда облысы   Қармақшы   ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде   Қорқыт   әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “ Түркістан альбомы ” жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 – 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі   түрік   сәулет құрылысы үлгісімен салынған.

Изображение слайда

Слайд 12

Қорқыт ата (9 ғ.) — қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тақырыбы Қорқыт ата кітабы

Соңы

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено